Ел ертеңі жастар ма?
«Ерім дейтін ел болмаса, елім дейтін ер қайдан болсын». Бүгінгі таңда осы тектес нақыл сөздерді алға тартып, біз мемлекетіміздің жастар қауымын бірінші орынға қойып, келешектің кілтін соларға табыстамақ ниеттеміз. Ал, сол біз сенім артып отырған жастарымыз қазіргі таңда болашақтың тұтқасын ұстап, өзіміз жиі айтатын бәсекеге қабілетті азамат ретінде қалыптасып келе жатыр ма?
Жастар өздері туралы не айтады?
Дәулет Қырдан:
- Мәселен, кейбір жастар бар «белсенді». Тек сөзбен айғайлауға құмар. Патриотизм дегеннің мағынасын ашып айта алмай жүріп, патриотпын деп айғай салады олар. Патриотизм – бүкіл Қазақстанды жүрегіңе сыйғызу.
Жастар туралы үлкендер не айтады?
Тұрар Әбуов, дінтанушы:
- Кейбір жастарымыздың рухани деңгейі жоғары, олар өздерінің білімділігі мен біліктілігі арқылы көпшілік ортада қоғамдық пікір қалыптастыра алады. Ал екінші топтағы жастарымыз нарық-нарық деп, заман басқа деп, «крутой» көлік мініп, қымбат ұялы телефон ұстағандарына мәз болып ұсақталып бара жатқаны – ащы шындық. Батыр бабамыз Бауыржан Момышұлы ұстанымдарын сонау мұхиттың ар жағындағы Куба елі әскерлеріне устав ретінде үлгі тұтады, ал біздің жастарымыз сол Баукеңнің бір шығармасын оқыды ма екен? Кейбір жастарымыз батыр Бауыржанның шығармасын оқымақ түгілі дінді ұстанам деп адасып жүргендері қаншама? Ең қорқыныштысы, жастарымыздың қазақы қалпымызды сақтап қала алмаушылығы. Елін, Отанын, халқын сүйе алмаған жастарды ұлтының мүддесін өз мүддесінен жоғары қояды дегенге сене алмаймын. (201 сөз)
Екі мәтіндегі ақпарат пен өз пікіріңізді пайдаланып, «Жастардың бүгінгі бейнесі» деген тақырыпта эссе жазыңыз. Эсседегі сөз көлемі 100-150 сөз болуы қажет. [20]
Бағалау міндеттері
1-БМ
|
Коммуникативтік құзырлық
Білім алушы:
әртүрлі типтегі, жанрлар мен стильдердегі мәтіндерден негізгі және егжей-тегжейлі ақпаратты (мәтіндік, сандық, графикалық) түсініп, интепретациялауы;
әртүрлі дереккөздерден қажетті ақпараттарды алып, оларды талдауы және жинақтауы;
білім алушы естіген және оқыған ақпараттарын жинақтай отырып, әртүрлі типтегі, жанрдағы және стильдегі мәтіндерді жазуы;
ұсынылған ақпаратты талдау және бағалау қабілетін көрсете отырып, өзінің проблемалық сипаттағы мәтінін (мақала, эссе,
хат және т.б.) жазуы тиіс.
|
2-БМ
|
Тілдік құзырлық
Білім алушы:
орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық, пунктуациялық нормаларды сақтауы тиіс.
|
Достарыңызбен бөлісу: |