Жауабы 1. Өзі үшін міндетті бұйрықты немесе өкімді орындау жөнінде іс-әрекет жасаған адамның қылмыстық заңмен қорғалатын мүдделерге зиян келтіруі қылмыс болып табылмайды. Мұндай зиян келтірілген үшін заңсыз бұйрық немесе өкім берген адам қылмыстық жауапқа тартылмайды.
2. Көрінеу заңсыз бұйрықты немесе өкімді орындау барысында қасақана қылмыс жасаған адам жалпы негіздерде қылмыстық жауапқа тартылады. Көрінеу заңсыз бұйрықты немесе өкімді орындамау қылмыстық жауаптылыққа ұшыратпайды.
Бірінші рет кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған адам, егер ол қылмыс жасағаннан кейін айыбын мойындап өз еркімен келсе немесе қылмысты ашуға жәрдемдессе немесе қылмыс келтірген зиянды өзгеше түрде қалпына келтірсе, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін. Жеке адамға қарсы ауыр немесе аса ауыр қылмысты қоспағанда, қылмыс жасаған адам болғызбауға, ашуға немесе тергеуге, ұйымдасқан топ немесе қылмысты сыбайластық (қылмысты ұйым) жасаған қылмысқа басқада қатысушыларды анықтауға белсенді түрде жәрдемдессе, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін.
Қылмыс субъектісінің түсінігі. Есі дұрыс, қылмыс жасаған кезде қылмыстық заңда көзделген белгілі бір жасқа толған жеке адам қылмыстық заң бойынша қылмыс субъектісі бола алады. Қылмыс субъектісінің белгілері жалпы ҚК-тің 15 бабының бірінші бөлігінде былай делінген: “Қылмыстық құқық бұзушылық жасаған уақытта он алты жасқа толған есі дұрыс жеке тұлға қылмыстық жауаптылыққа жатады.”. Ал, осы баптың екінші бөлігі 14 жастан бастап қандай қылмыстық құқық бұзушылық үшін қылмыстық жауаптылыққа жататындығы көрсетілген, сонымен қатар ҚК-тің 15 бабының екінші бөлігінде көрсетілген қылмыстар үшін жауаптылық егер бұл қылмыстар қасақана жасалса 14 жастан басталады.