А. Мұрат, М. Қалқаманұлы Қылмыстық-атқару қҰҚЫҒЫ кестелердегі оқу құралы Қостанай, 2022 жыл


тақырып. БЕЛГІЛІ БІР ЛАУАЗЫМДАРДЫ АТҚАРУ



Pdf көрінісі
бет11/16
Дата15.12.2023
өлшемі0,72 Mb.
#138386
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
9 тақырып. БЕЛГІЛІ БІР ЛАУАЗЫМДАРДЫ АТҚАРУ 
НЕМЕСЕ БЕЛГІЛІ БІР ҚЫЗМЕТПЕН АЙНАЛЫСУ 
ҚҰҚЫҒЫНАН АЙЫРУ ТҮРІНДЕГІ ЖАЗАНЫ ОРЫНДАУ 
Кесте 1 
БЕЛГІЛІ БІР ЛАУАЗЫМДАРДЫ АТҚАРУ НЕМЕСЕ БЕЛГІЛІ БІР 
ҚЫЗМЕТПЕН АЙНАЛЫСУ ҚҰҚЫҒЫНАН АЙЫРУ ТҮРІНДЕГІ ЖАЗАНЫ 
ОРЫНДАУ ТӘРТІБІ 
Жазаның 
орындалуын 
реттейтін 
нормативтік 
құқықтық актілер 
ҚР ҚАК 72-76 баптары 
Пробация туралы Қазақстан Республикасының 
Заңы 2016 жылғы 30 желтоқсандағы №38-VI
ҚРЗ 
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 
2014 жылғы 15 тамыздағы № 511 «Пробация 
қызметінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларын 
бекіту туралы» 
бұйрығы
Жазаны орындайтын орган 
(ҚР ҚАК 24-бабының 2-
бөлігі) 
Сотталған адамның тұрғылықты жеріндегі 
пробация қызметі 
Бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны 
орындау кезінде мекеме 
Үкімнің 
талаптарын 
орындайтын орган (ҚР ҚАК 
24-бабының 2-бөлігі) 
Сотталған адамның жұмыс орны бойынша ұйым 
әкiмшiлiгi 
Қазақстан 
Республикасының 
заңнамасына 
сәйкес белгілі бір қызметпен айналысуға 
берілген рұқсатты қайтарып алуға құқығы бар 
органдар 
Жазаны өтеу орны 
Тағайындалған жазаны орындауды сотталған 
адамның тұрғылықты жеріндегі пробация 
қызметі не бас бостандығынан айыру түріндегі 
жазаны орындау кезінде мекеме орындайды 
Қамаққа алуға немесе бас бостандығынан 
айыруға қосымша ретінде тағайындалған
белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi 
бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру 
түріндегі жазаның орындалуын ұйымдастыруды 
– негізгі жазаны орындайтын мекеме немесе 
орган, ал негізгі жазаларды өтегеннен кейін 
сотталған адамның тұрғылықты жерiндегі 
пробация қызметі жүзеге асырады. 
Жаза тағайындау мерзімі 
Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір 
қызметпен айналысу құқығынан айыру бір 
жылдан он жылға дейінгі мерзімге белгіленеді 
(ҚР ҚК 50-бабының 2-бөлігі) 


37
Белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi 
бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру, егер 
сот жасалған іс-әрекеттің сипаты мен қоғамға 
қауiптiлiк дәрежесiн және кiнәлi адамның жеке 
басын ескере отырып, оның белгiлi бiр 
лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр 
қызметпен айналысу құқығының сақталуы 
мүмкiн емес деп таныса, Қылмыстық Кодекстiң 
Ерекше 
бөлiгiнің 
тиiстi бабында 
тиісті 
қылмыстық құқық бұзушылық үшін қосымша 
жаза ретінде көзделмеген жағдайларда да 
тағайындалуы мүмкiн 
(ҚР ҚК 50-бабының 3-бөлігі) 
Жазаны 
орындаудың 
басталуы 
Қамаққа алуға немесе бас бостандығынан 
айыруға қосымша жаза ретiнде белгiлi бiр 
лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр 
қызметпен айналысу құқығынан айыру түріндегі 
жаза тағайындалған кезде, бұл негізгі жаза 
түрлерін 
өтеудің 
барлық 
уақытына 
қолданылады, бірақ бұл ретте, оның мерзімі 
қамаққа алуды, бас бостандығынан айыруды 
өтеген және пробация қызметіне есепке 
қойылған күннен бастап есептеледі 
(ҚР ҚАК 73-бабының 1-бөлігі) 
Жазаның осы түрі жазаның басқа да негізгі 
түрлеріне қосымша ретінде тағайындалған, 
сондай-ақ жазаны өтеу кейінге қалдырылған 
немесе шартты түрде сотталған жағдайларда
оның мерзімі үкім заңды күшіне енген күннен 
бастап есептеледі 
(ҚР ҚАК 73-бабының 2-бөлігі) 
Жазаны өтеудiң тоқтатылуы Белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi 
бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру заңға 
сәйкес жаза мерзiмiне енгiзiлуi мүмкiн 
өзгерiстер ескеріле отырып, жаза мерзiмiнiң 
соңғы күнi тоқтатылады 
(ҚР ҚАК 165-бабының 1-бөлігі) 
Жаза өтеуден босату тәртібі Босатылғанға дейін бір ай қалғанда мекеме 
әкімшілігі 
сотталған 
адамның 
таңдаған 
тұрғылықты жеріндегі пробация қызметіне 
белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір 
қызметпен айналысу құқығынан айыру түріндегі 
жазаны одан әрі орындау үшін сот үкімінің 
көшірмесін жібереді.Пробация қызметі белгілі 
бір лауазымды атқару немесе белгілі бір 


38
қызметпен айналысу құқығынан айыру түріндегі 
жазаны одан әрі орындау үшін сот үкімінің 
көшірмесін алғаннан кейін тиісті мекемеге, 
сондай-ақ үкім шығарған сотқа хабарлама 
жібереді. 
(ҚР ҚАК 165-бабының 8-бөлігі 
Мекеменің әкімшілігі белгілі бір лауазымды 
атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу 
құқығынан айыру түріндегі қосымша жаза 
түрінің мерзімі өтелмеген бас бостандығынан 
айыру түріндегі жазаны өтеуден босатылатын 
адамнан келген күнінен бастап таңдаған 
тұрғылықты жеріндегі пробация қызметіне бес 
күндік мерзімде міндетті түрде келуі туралы 
қолхат алады. 
(ҚР ҚАК 165-бабының 9-бөлігі 
Сотталған адам өзі таңдаған тұрғылықты жеріне 
немесе жұмыс орнына қылмыстық-атқару 
қызметі саласындағы уәкілетті орган бекіткен 
қағидаларға сәйкес бюджет қаражаты есебінен 
өзі барады 
(ҚР ҚАК 165-бабының 10-бөлігі) 
Кесте 2 
БЕЛГІЛІ БІР ЛАУАЗЫМДЫ АТҚАРУ НЕМЕСЕ БЕЛГІЛІ
БІР ҚЫЗМЕТПЕН АЙНАЛЫСУ ҚҰҚЫҒЫНАН АЙЫРУ
ТҮРІНДЕГІ ЖАЗАНЫ ОРЫНДАУ ТӘРТІБІ 
(ҚР ҚАК 72-бабы) 
Педагог лауазымын және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге 
байланысты лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салу туралы сот 
үкімін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тәртіппен, меншік 
нысандарына қарамастан, ұйымдар орындайды. 
ҚР ҚАК 72-бабының 1-бөлігі) 
Белгілі бір лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салу туралы сот үкімін 
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде көрсетілген мемлекеттік 
мекемелер мен ұйымдардың әкімшіліктері орындайды 
ҚР ҚАК 72-бабының 2-бөлігі) 
Қамаққа алуға немесе бас бостандығынан айыруға қосымша ретінде 
тағайындалған, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен 
айналысу құқығынан айыру түріндегі жазаның орындалуын ұйымдастыруды – 
негізгі жазаны орындайтын мекеме немесе орган, ал негізгі жазаларды 
өтегеннен кейін сотталған адамның тұрғылықты жерiндегі пробация қызметі 
жүзеге асырады 
ҚР ҚАК 72-бабының 3-бөлігі) 


39
Жазалардың басқа түрлеріне қосымша ретінде тағайындалған, сондай-ақ 
жазаны өтеу кейінге қалдырылған немесе шартты түрде сотталған кезде, осы 
жазаның орындалуын ұйымдастыруды сотталған адамның тұрғылықты 
жеріндегі пробация қызметі жүзеге асырады 
ҚР ҚАК 72-бабының 4-бөлігі) 
ПРОБАЦИЯ ҚЫЗМЕТІ: 
Сотталғандарды есепке алуды жүргiзедi 
Сотталған адамның сот үкiмiнде көзделген белгiлi бiр лауазымдарды атқаруға 
немесе белгiлi бiр қызметпен айналысуға салынған тыйымды сақтауын 
бақылайды 
Сотталған адамның жұмыс орнындағы ұйым әкiмшiлiгiнiң, сондай-ақ 
сотталған адамға тыйым салынған қызметтiң тиiстi түрiмен айналысуға 
берiлген рұқсатты қайтарып алуға құқығы бар органдардың сот үкiмін 
орындауын тексередi 
Жазаны өтеуден жалтару мақсатында жасырынып жүрген сотталғандарға 
қатысты бастапқы iздестiру iс-шараларын жүзеге асырады және сотқа 
iздестіру жариялау туралы ұсыну енгiзедi 
ҚР ҚАК 72-бабының 5-бөлігі) 
Пробация қызметіне тіркелу үшін келмеген күннен бастап он бес күннен астам 
тұрған жері анықталмаған сотталған адам жазаны өтеуден жасырынып жүр 
деп танылады 
ҚР ҚАК 72-бабының 6-бөлігі) 
Белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу 
құқығынан айыру түріндегі қосымша жазаға сотталған адамның негізгі жаза 
түрін өтеп жүрген, жазаны орындайтын мекеменің немесе органның әкімшілігі 
оны тыйым салынған жұмыстарды орындауға тартуға құқылы емес 
ҚР ҚАК 72-бабының 7-бөлігі) 
Кесте 3 
БЕЛГІЛІ БІР ЛАУАЗЫМДЫ АТҚАРУ НЕМЕСЕ БЕЛГІЛІ
БІР ҚЫЗМЕТПЕН АЙНАЛЫСУ ҚҰҚЫҒЫНАН АЙЫРУ
ТҮРІНДЕГІ ЖАЗАНЫ ОРЫНДАУ МЕРЗІМДЕРІН ЕСЕПТЕУ 
(ҚР ҚАК 73-бабы) 
Қамаққа алуға немесе бас бостандығынан айыруға қосымша жаза ретiнде 
белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу 
құқығынан айыру түріндегі жаза тағайындалған кезде, бұл негізгі жаза 
түрлерін өтеудің барлық уақытына қолданылады, бірақ бұл ретте, оның 
мерзімі қамаққа алуды, бас бостандығынан айыруды өтеген және пробация 
қызметіне есепке қойылған күннен бастап есептеледі 
Жазаның осы түрі жазаның басқа да негізгі түрлеріне қосымша ретінде 
тағайындалған, сондай-ақ жазаны өтеу кейінге қалдырылған немесе шартты 
түрде сотталған жағдайларда, оның мерзімі үкім заңды күшіне енген күннен 
бастап есептеледі 


40
Кесте 4 
БЕЛГІЛІ БІР ЛАУАЗЫМДЫ АТҚАРУ НЕМЕСЕ БЕЛГІЛІ БІР 
ҚЫЗМЕТПЕН АЙНАЛЫСУ ҚҰҚЫҒЫНАН АЙЫРУ ТҮРІНДЕГІ 
ЖАЗАНЫ ӨТЕУ ШАРТТАРЫ 
(ҚР ҚАК 74-бабы) 
Белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу 
құқығынан айыру түрiндегi жазаға сотталған адам: 
1) пробация қызметіне жұмыс орны мен тұрғылықты жері және олардың 
өзгергені, жұмыстан шығарылғаны туралы хабарлауға; 
2) пробация қызметіне шақырту бойынша келіп тұруға мiндеттi. 
Сотталған адам ҚАК 53-бабының екінші бөлігінде (тоқсанына бір рет 
пробация қызметіне профилактикалық әңгімелесуге қатысу үшін келуге) 
көрсетілген дәлелді себептерсіз келмеген жағдайда, оған күштеп әкелу 
қолданылуы мүмкін. 
Белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу 
құқығынан айыру түріндегі жазаға сотталған, жазаны орындаудан 
жалтарып жүрген адам заңда белгіленген жауаптылықта болады 
Кесте 5 
ҰЙЫМДАР ӘКІМШІЛІГІНІҢ БЕЛГІЛІ БІР ЛАУАЗЫМДЫ АТҚАРУ 
ҚҰҚЫҒЫНАН АЙЫРУ ТҮРІНДЕГІ ЖАЗА ТУРАЛЫ СОТ ҮКІМІН 
ОРЫНДАУ ЖӨНІНДЕГІ МІНДЕТТЕРІ 
(ҚР ҚАК 75-бабы) 
Меншік нысандарына қарамастан, ұйымдар белгілі бір лауазымға 
кандидаттарды 
олардың 
педагог 
лауазымын 
және 
кәмелетке 
толмағандармен жұмыс істеумен байланысты, сондай-ақ мемлекеттік 
қызметте және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында лауазымдарды 
атқаруға өмір бойына тыйым салудың бар-жоғы тұрғысынан тексереді 
Белгiлi бiр лауазымдарды атқару құқығынан айыру туралы сот үкiмi 
мемлекеттiк мекемелер әкiмшiлiгi мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару 
органдары үшiн мiндеттi болып табылады. Белгiлi бiр қызметпен айналысу 
құқығынан айыру туралы сот үкiмi сотталған адамның жұмыс орнындағы 
ұйымның әкiмшiлiгi үшiн мiндеттi болып табылады 
Сотталған адамның жұмыс орнындағы ұйымның әкiмшiлiгi: 
1) заңды күшіне енген сот үкiмiнiң көшiрмесiн не пробация қызметінің 
хабарламасын алғаннан кейін үш жұмыс күнінен кешiктiрмей, сотталғанды 
лауазымынан немесе айналысу құқығынан айырылған қызмет түрiнен 
босатуға, пробация қызметіне сот үкiмiнің орындалғаны туралы хабар 
жіберуге; 
2) пробация қызметінің талап етуi бойынша жазаны орындауға 
байланысты құжаттарды ұсынуға; 
3) сотталған адаммен еңбек шарты өзгертілген немесе тоқтатылған 
жағдайларда, үш жұмыс күні ішінде пробация қызметіне хабарлауға 
мiндеттi. 


41
Ұйымдардың белгілі бір лауазымды атқару құқығынан айыру түріндегі 
жазаны орындау туралы сот үкімін орындау жөніндегі міндеттер жүктелген, 
оның орындалмағанына кінәлі лауазымды адамдары заңда белгіленген 
жауаптылықта болады 
Кесте 6 
БЕЛГІЛІ БІР ҚЫЗМЕТПЕН АЙНАЛЫСУҒА БЕРІЛГЕН РҰҚСАТТЫ КЕРІ 
ҚАЙТАРЫП АЛУҒА ҚҰҚЫҒЫ БАР ОРГАНДАРДЫҢ МІНДЕТТЕРІ 
(ҚР ҚАК 76-бабы) 
Сотталған адамның белгiлi бiр қызметпен айналысуы құқығынан айыру 
туралы сот үкiмi қызметтiң тиiстi түрiмен айналысуға берiлген рұқсатты 
кері қайтарып алуға құқығы бар органдар үшiн мiндеттi 
Аталған органдар заңды күшіне енген сот үкiмiнiң көшiрмесiн, пробация 
қызметінің хабарламасын алғаннан кейін үш жұмыс күнінен кешiктiрмей, 
сотталған адамға тыйым салынған қызмет түрiмен айналысуға берiлген 
рұқсатты кері қайтарып алуға, осы адамға қызметтiң көрсетiлген түрiмен 
айналысу құқығын беретiн тиiстi құжатты алып қоюға және бұл туралы 
пробация қызметіне хабар жiберуге мiндеттi 
Белгілі бір қызметпен айналысуға берілген рұқсатты кері қайтарып алуға 
құқығы бар органдардың белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру 
туралы сот үкімінің орындалмағанына кінәлі лауазымды адамдары заңда 
белгіленген жауаптылықта болады 


42


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет