А. Мұрат, М. Қалқаманұлы Қылмыстық-атқару қҰҚЫҒЫ кестелердегі оқу құралы Қостанай, 2022 жыл



Pdf көрінісі
бет15/16
Дата15.12.2023
өлшемі0,72 Mb.
#138386
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
13 ТАҚЫРЫП. БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРУ 
ТҮРІНДЕГІ ЖАЗАНЫ ОРЫНДАУДЫҢ ЖАЛПЫ 
ЕРЕЖЕЛЕРІ 
Кесте 1 
БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРУ ТҮРІНДЕГІ
ЖАЗАНЫ ОРЫНДАУ ТӘРТІБІ 
Жазаның 
орындалуын 
реттейтін 
нормативтік 
құқықтық акт 
ҚР ҚАК 88-160 баптар 
«Адамдарды қоғамнан оқшаулауды қамтамасыз 
ететін арнаулы мекемелерде,арнаулы үй-жайларда 
ұстау тәртібі мен шарттары туралы» ҚР 1999 
жылғы 30 наурыздағы № 353-I Заңы 
Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік 
құқықтық актілері 
Жазаны орындайтын орган Тұрғылықты немесе сотталған жердегі ҚАЖ 
мекемелері 
Жаза тағайындау мерзімі ҚР ҚК көзделген қылмыстарды жасағаны үшiн бас 
бостандығынан айыру – алты айдан он бес жылға 
дейiнгі, ал аса ауыр қылмыстары үшiн жиырма 
жылға дейiнгi мерзiмге не өмiр бойына 
белгiленедi..
Абайсызда жасалған қылмыстар үшiн бас 
бостандығынан айыру мерзімі он жылдан аспайды 
Айыппұл салуды, түзеу жұмыстарын, қоғамдық 
жұмыстарға тартуды немесе бас бостандығын 
шектеуді бас бостандығынан айыруға ауыстырған 
жағдайда ол алты айға жетпейтiн мерзiмге 
тағайындалуы мүмкiн. 


50
Қылмыстардың жиынтығы бойынша жазаларды 
тағайындаған кезде бас бостандығынан айыру 
мерзiмдерiн iшiнара немесе толық қосқан 
жағдайда және ҚР ҚК 47-бабының бесінші 
бөлігінде, 71-бабының бесінші бөлігінде және 77-
бабының бесінші бөлігінде көзделген жағдайларда 
бас бостандығынан айырудың ең жоғары мерзiмi – 
жиырма бес жылдан, ал үкiмдердiң жиынтығы 
бойынша отыз жылдан аспауға тиіс 
(ҚР ҚК 46 б.3 бөлігі) 
«Қылмыстық 
жаза 
тағайындаудың 
кейбір 
мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы 
Жоғары Сотының 2015 жылғы 25 маусымдағы № 
4 нормативтік қаулысы 
Жазаны 
орындаудың 
басталуы 
Сотталған адам қауіпсіздігі аралас мекеменің 
әкiмшiлiгi заңды күшіне енген үкімді орындау 
туралы сот өкімін алған күннен бастап он күннен 
кешіктірілмей жазасын өтеуге жіберіледі 
Қауіпсіздігі аралас мекеменің әкiмшiлiгi сотталған 
адамның таңдауы бойынша жұбайына (зайыбына) 
не туыстарының бiрiне, не өзге де адамға оның 
жазасын өтеу үшiн қайда жiберілетіндігі туралы 
жазбаша хабарламаны екі жұмыс күні ішінде 
жіберуге мiндеттi 
Жазаны 
өтеудің 
тоқтатылуы 
Бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаны өтеу 
заңға сәйкес жаза мерзiмiне енгiзiлуi мүмкiн 
өзгерiстер ескеріле отырып, жаза мерзiмiнiң соңғы 
күнi тоқтатылады 
(ҚР ҚАК 165 бабы 1 б) 
Бас бостандығынан айыруға сотталғандар жаза 
мерзiмiнiң соңғы күнiнiң бiрiншi жартысында 
босатылады. Жазаны өтеу мерзімінің соңғы күні 
деп жаза мерзімінің басталуы есептелген күннің 
алдындағы күн есептеледі. Егер жаза мерзiмi 
демалыс немесе мереке күнi аяқталатын болса, 
сотталған адам демалыс немесе мереке күнінің 
алдындағы күнi жазасын өтеуден босатылады 
Жаза мерзiмi айлармен есептелген кезде, ол соңғы 
айдың тиiстi күнiнде, ал егер бұл айда тиiстi күн 
болмаса, онда сол айдың соңғы күнiнде аяқталады 
(ҚР ҚАК 165 бабы 2 б) 


51
Кесте 2 
МЕКЕМЕЛЕР ТҮРЛЕРI (ҚР ҚАК 89бабы) 
Қауіпсіздігі барынша төмен мекемелер; 
Орташа қауіпсіз мекемелер; 
Кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелер; 
Қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелер; 
Төтенше қауіпсіз мекемелер; 
Толық қауіпсіз мекемелер; 
Қауіпсіздігі аралас мекемелер
БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРУ ТҮРІНДЕГІ
ЖАЗАНЫ ОРЫНДАЙТЫН ЖЕРЛЕР 
(ҚР ҚАК 88 бабы) 
Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар жазасын мекемелерде өтейді. 
Бас бостандығынан айыруға сотталғандар,ҚР ҚАК көзделген жағдайларды 
қоспағанда, жаза мерзімін бір мекемеде өтейді 
Бас бостандығынан айыруға сотталғандар оларды түзеу, әлеуметтік тұрғыдан 
пайдалы байланыстарын ұстап тұру, қауіпсіздігін қамтамасыз ету және 
олардың жаңа құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу үшін қажетті 
жағдайлар ескеріле отырып, мекемеге жіберіледі 
Сотталған адамды қылмыстық-атқару жүйесі уәкілетті органының шешімі 
бойынша басқа облыстың тиісті режим түріндегі мекемесіне жазасын өтеу 
үшін жіберуге: 
1) сотталған адамның тұрғылықты жері бойынша тиісті түрдегі мекеме 
болмаған; 
2) ҚР ҚАК 115-бабының екінші бөлігінде көзделген жазаны өтеу 
орындарының лимиті асып кеткен жағдайларда жол беріледі 
Сотталған адамды қылмыстық-атқару жүйесі уәкілетті органының шешімі 
бойынша жазасын одан әрі өтеу үшін бір мекемеден сол түрдегі басқа 
мекемеге не қауіпсіздігі аралас мекемеге ауыстыруға: 
1) ҚР ҚАК 12-бабының бесінші бөлігіне сәйкес сотталған адамның 
қауіпсіздігі қамтамасыз етілген; 
2) мекеме қайта ұйымдастырылған немесе таратылған; 
3) сотталған адамның келісімімен, өндірістік қажеттілік болған; 
4) мекемеде құқықтық тәртіпті сақтау қажет болған жағдайларда жол 
беріледі. 
Қылмыстық-атқару жүйесінің уәкілетті органы сотталған адамды осы 
бөліктің 1) және 4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша ауыстыру 
туралы қабылданған шешім жөнінде келесі жұмыс күнінен кешіктірмей, 
жазбаша нысанда прокурорды хабардар етуге міндетті. 
4-1. Осы баптың үшінші және төртінші бөліктеріне сәйкес басқа мекемеге 
жіберілген не ауыстырылған сотталған адамды одан әрі ұстауға негіз болмаған 
кезде, ол әлеуметтік пайдалы байланыстарды қолдау мақсатында өзінің 
өтініші бойынша не өзінің келісімімен тиісті түрдегі басқа мекемеде орын 
болса, соған ауыстырылуға жатады. 


52
Осы баптың үшінші бөлігіне, төртінші бөлігінің 1), 2) және 3) 
тармақшаларына сәйкес жіберілген немесе ауыстырылған сотталған адам үшін 
– теріс мінез-құлық дәрежесінің болмауы, ал осы баптың төртінші бөлігінің 4) 
тармақшасы негізінде ауыстырылған сотталған адам үшін оң мінез-құлық 
дәрежесінің болуы сотталған адамды ауыстырудың міндетті шарттары болып 
табылады. 
Бұл ретте сотталған адамның әлеуметтік пайдалы байланыстары құжатпен 
расталады. 
Сотталған адамды әлеуметтік пайдалы байланыстарды қолдау үшін 
ауыстыру Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен келісу бойынша 
қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган бекіткен қағидаларға 
сәйкес жүзеге асырылады. 
Қылмыстың қауіпті қайталануы кезінде өмір бойына бас бостандығынан 
айыруға, толық қауіпсіз мекемеде жазасын өтеуге, өлім жазасы түріндегі 
жазасы кешірім жасау тәртібімен бас бостандығынан айырумен ауыстырылған 
сотталғандар, сотталған әйелдер, кәмелетке толмаған сотталғандар тиісті 
мекемелердің тұрған жері бойынша жазасын өтеу үшін жіберіледі 
Қазақстан Республикасының мекемелерінде жазасын өтеп жүрген, бас 
бостандығынан айыруға сотталған шетелдіктер жазасын одан әрі өтеу үшін 
Қазақстан 
Республикасы 
ратификациялаған 
халықаралық 
шарттарда 
белгіленген тәртіппен не Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде көзделген 
тәртіппен, шет мемлекеттің құзыретті органдарымен және лауазымды 
адамдарымен өзара түсіністік шарттарында жазбаша келісім бойынша өздері 
азаматтары (боданы) болып табылатын мемлекетке жіберілуі мүмкін 
Кесте 3 
СОТТАЛҒАНДАРДЫ МЕКЕМЕЛЕРДЕ БӨЛЕК ҰСТАУ 
(ҚР ҚАК 88 бабы) 
Жынысы бойынша: 
ерлер; 
әйелдер; 
Жас ерекшелігі бойынша: 
ересектер; 
кәмелетке толмағандар 
Бұрынғы соттылығының болуы бойынша: 
бас бостандығынан айыруға алғаш рет сотталғандар; 
бұрын бас бостандығынан айыруды өтеген сотталғандар; 
қылмыстардың қауіпті қайталануы жағдайында сотталғандар; 
өмiр бойына бас бостандығынан айыруға сотталғандар; 
өмiр бойына бас бостандығынан айыру кешiрiм жасау тәртiбiмен белгiлi бiр 
мерзiмге бас бостандығынан айыруға ауыстырылған сотталғандар; 
өлiм түріндегі жазасы кешiрiм жасау тәртiбiмен немесе өлім жазасын жоятын 


53
заңның қолданылуына байланысты бас бостандығынан айыруға ауыстырылған 
сотталғандар; 
Жекелеген мекемелерде, сотталғандығының санына қарамастан, сотталған – 
соттардың, құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдардың 
бұрынғы қызметкерлері, сотталғандардың мінез-құлқын бақылау мен 
қадағалауды жүзеге асыруға уәкілетті адамдар басқа сотталғандардан 
оқшауланып ұсталады: 
Әртүрлi инфекциялық аурулармен ауыратын сотталғандар бөлек және денi сау 
сотталғандардан жеке ұсталады 
Шаруашылық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды орындау үшiн 
қауіпсіздігі аралас мекемеде қалдырылған немесе толық қауіпсіз мекемелерге 
жіберілген сотталғандар орташа қауіпсіз мекемелер үшін ҚР ҚАК көзделген 
жағдайларда, өзге адамдардан оқшауланып ұсталады 
(ҚР ҚАК 92 бабы 2 бөлігі) 
Шаруашылық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды орындау үшiн толық 
қауіпсіз мекемелерге жіберілген сотталғандар басқа сотталғандардан 
оқшауланып ұсталады 
(ҚР ҚАК 145 бабы 2 бөлігі) 
Мекемелерде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін қауіпсіздігі аралас 
мекемеге ауыстырылған сотталғандар камераларда және қауіпсіздігі аралас 
мекемеде ұсталатын барлық санаттағы адамдардан оқшауланып ұсталады 
(«Адамдарды 
қоғамнан 
оқшаулауды 
қамтамасыз 
ететін 
арнаулы 
мекемелерде,арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы» ҚР 
1999 жылғы 30 наурыздағы № 353-I Заңының 2 бабы 11 тар,.ҚР ҚАК 92 бабы 
7 бөлігі) 
Сотталғандарды бөлек ұстау талаптары қолданылмайды: 
Емдеу-профилактикалық мекемелерде (ауруханаларда, мамандандырылған 
психиатриялық және туберкулезге қарсы ауруханаларда); 
балалар үйлері бар мекемелерге; 
қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерге; 
Кесте 4 
ҚАУІПСІЗДІГІ БАРЫНША ТӨМЕН МЕКЕМЕЛЕРДЕ БАС 
БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРУДЫ ӨТЕУ 
(ҚР ҚК 46 бабы 5 бөлігі 1 тар, ҚР ҚАК 89 бабы 3 бөлігі 1,2 тар) 
Абайсызда жасаған қылмыстары үшiн сотталған адамдарға; ҚР ҚК 7, 8, 9, 12 
және 13-тарауларында көзделген, күш қолданумен байланысты емес 
қылмыстар үшін сотталған адамдарға; қылмыспен келтірілген залалды толық 
өтеген жағдайда, ҚР ҚК15-тарауында көзделген қылмыстар үшін сотталған 
адамдарға; қасақана қылмыс жасағаны үшiн екі жылға дейiнгi мерзiмге бас 
бостандығынан айыруға жаза тағайындалған, алғаш рет сотталған адамдарға 
өтеу тағайындалады 
(ҚР ҚК 46 бабы 5 бөлігі 1 тар) 
Орташа қауіпсіз және қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелерден ҚР ҚАК 96-
бабының бірінші бөлігіне сәйкес ауыстырылған сотталғандар 


54
(ҚР ҚАК 89 бабы 3 бөлігі 2 тар) 
Кесте 5 
ОРТАША ҚАУІПСІЗ МЕКЕМЕЛЕРДЕ БАС БОСТАНДЫҒЫНАН 
АЙЫРУДЫ ӨТЕУ 
(ҚР ҚК 46 бабы 5 бөлігі 2 тар, ҚР ҚАК 89 бабы 4 бөлігі 2,3 тар) 
Қасақана онша ауыр емес, ауырлығы орташа немесе ауыр қылмыстар 
жасағаны үшiн екі жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыруға 
сотталған, бұрын бас бостандығынан айыруды өтемеген адамдар 
(ҚР ҚК 46 бабы 5 бөлігі 2 тар) 
аса ауыр қылмыс жасаған, сондай-ақ қылмыстардың қайталануы кезінде 
әйелдер 
(ҚР ҚК 46 бабы 5 бөлігі 2 тар) 
Айыппұл, түзеу жұмыстары, қоғамдық жұмыстарға тарту, бас бостандығын 
шектеу бас бостандығынан айырумен ауыстырылған адамдар 
(ҚР ҚК 46 бабы 5 бөлігі 2 тар) 
ҚР ҚК 366-бабының 1-1, екінші және үшінші бөліктерінде, 367-бабының 
екінші және үшінші бөліктерінде, 368-бабының екінші бөлігінде көзделген 
қылмыстарды жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар 
(ҚР ҚК 46 бабы 5 бөлігі 2 тар) 
Мекемелерден ҚР ҚАК 96-бабының бірінші бөлігінің 1) тармақшасына
үшінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларына сәйкес ауыстырылған 
сотталғандар 
(ҚР ҚАК 89 бабы 4 бөлігі 2 тар) 
Кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелерден ҚР 
ҚАК 156-бабына сәйкес ауыстырылған сотталғандар 
(ҚР ҚАК 89 бабы 4 бөлігі 3 тар) 
Кесте 7 
ҚАУІПСІЗДІГІ БАРЫНША ЖОҒАРЫ МЕКЕМЕЛЕРДЕ БАС 
БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРУДЫ ӨТЕУ 
(ҚР ҚК 46 бабы 5 бөлігі 3 тар, ҚР ҚАК 89 бабы 5 бөлігі 2 тар) 
Аса ауыр қылмыстар жасағаны үшiн бас бостандығынан айыруға алғаш рет 
сотталған еркектер
(ҚР ҚК 46 бабы 5 бөлігі 3 тар) 
Қылмысты кәмелетке толмаған жаста жасаған адамдарды, сондай-ақ 
қылмыстардың қауіпті қайталануы кезінде немесе өмір бойына бас 
бостандығынан айыруға сотталған еркектерді қоспағанда, кәмелетке 
толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстар үшін бас 
бостандығынан айыруға сотталған адамдар 
(ҚР ҚК 46 бабы 5 бөлігі 3 тар) 
бас бостандығынан айыруға сотталған, қасақана қылмыс жасағаны үшін 
бұрын бас бостандығынан айыруды өтеген адамдарға 
(ҚР ҚК 46 бабы 5 бөлігі 3 тар) 


55
қылмыстардың қайталануы кезінде сотталған еркектерге 
(ҚР ҚК 46 бабы 5 бөлігі 3 тар) 
қылмыстардың қауіпті қайталануы кезінде – әйелдерге 
(ҚР ҚК 46 бабы 5 бөлігі 3 тар) 
ҚР ҚАК 96-бабы бірінші бөлігінің 1) тармақшасына, үшінші бөлігінің 1) 
тармақшасына сәйкес ауыстырылған сотталғандар 
(ҚР ҚАК 89 бабы 5 бөлігі 2 тар) 
Кесте 8 
ТӨТЕНШЕ ҚАУІПСІЗ МЕКЕМЕЛЕРДЕ БАС БОСТАНДЫҒЫНАН 
АЙЫРУДЫ ӨТЕУ 
(ҚР ҚК 46-бабы 5 бөлігі 4 тар, ҚР ҚАК 89 бабы 6 бөлігі 1,2,3 тар) 
Өмір бойы бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар 
Қылмыстардың қауiптi қайталануы кезiнде сотталған адамдар 
Өлiм жазасы түріндегі жазасы кешiрiм жасау тәртiбiмен немесе өлім жазасын 
жоятын заңның қолданылуына байланысты бас бостандығынан айыруға 
ауыстырылған сотталғандар 
ҚР ҚАК 96-бабы бірінші бөлігінің 1) тармақшасына, үшінші бөлігінің 1) 
тармақшасына сәйкес ауыстырылған сотталғандар
Кесте 9 
КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫ ҰСТАУҒА АРНАЛҒАН ОРТАША 
ҚАУІПСІЗ МЕКЕМЕЛЕРДЕ БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРУДЫ ӨТЕУ 
(ҚР ҚАК 89 бабы 8 бөлігі ) 
Бас бостандығынан айыруға кәмелетке толмаған сотталғандар 
Мекемеде кемінде бір жыл болу шартымен, кәмелетке толмағандарды ұстауға 
арналған орташа қауіпсіз мекемелерде жиырма бір жасқа толғанға дейiн 
қалдырылған сотталғандар
Кесте 10 
МЕКЕМЕЛЕРДЕ ЖАЗАНЫ ӨТЕУ РЕЖИМІ 
(ҚР ҚАК 97 бабы 1 б) 
Режим-заңмен және заңға сәйкес нормативтік құқықтық актілермен 
белгіленген бас бостандығынан айыруды орындау мен өтеудің тәртібі: 
сотталғандарды күзету мен оқшаулауды; 
оларды үнемі қадағалауды; 
оларға жүктелген міндеттерді орындау; 
олардың құқықтары мен заңды мүдделерінің іске асырылуын; 
сотталғандардың жеке қауіпсіздігі; 
персоналдың жеке қауіпсіздігін


56
сотталғандардың белгілі бір санаттарын бөлек ұстауды; 
мекеме түріне қарай әртүрлі ұстау жағдайларын; 
жазаны өтеу жағдайларын өзгерту 
«Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің ішкі тәртіптеме қағидаларын бекіту 
туралы» ҚР ІІМ 2014 жылғы 17 қарашадағы № 819 бұйрығы 
«Қылмыстық-атқару жүйесі тергеу изоляторларының ішкі тәртіптеме 
қағидаларын бекіту туралы» ҚР ІІМ 2017 жылғы 26 шілдедегі № 505 бұйрығы 
Кесте 11 
КЕЗДЕСУЛЕР 
(ҚР ҚАК 106 бабы) 
Ұзақтығы екі сағат қысқа 
мерзімді кездесулер 
Мекеме аумағында ұзақтығы екі тәулік ұзақ 
мерзімді кездесулер 
Кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған 
орташа қауіпсіз мекемелерде мекемеден тыс 
жерде тұрумен ұзақтығы бес тәулiкке дейін ұзақ 
мерзімді кездесулер берiледі. 
Жұбайымен 
(зайыбымен), 
туыстарымен немесе өзге де 
адамдармен қысқа мерзiмдi 
кездесулер сәлемдеме алу 
құқығымен, 
мекеме 
әкiмшiлiгi 
өкiлiнiң 
қатысуымен берiледі. 
Сотталғандардың білікті заң 
көмегін алуы үшін олардың 
жазбаша 
немесе 
ауызша 
өтініші 
бойынша 
адвокаттармен 
саны, 
ұзақтығы шектеусіз және 
олардың 
құпиялылығы 
қамтамасыз 
етілетін 
жағдайларда 
кездесулер 
беріледі. 
Туберкулездің 
жұқпалы 
түрімен 
ауыратындарды қоспағанда, сотталғандарға ұзақ 
мерзімді кездесулер жұбайымен (зайыбымен), 
жақын туыстарымен, сотталған адаммен некеде 
тұрмайтын, онымен ортақ балалары бар 
адамдарға 
бірге 
тұру 
құқығымен 
және 
сәлемдеме алу құқығымен берiледi. 
Сотталғанға 
бiр 
мезгiлде 
жанында 
сотталғанның кәмелеттiк жасқа толмаған аға-
інілері, 
әпке-қарындастары, 
балалары, 
немерелерi бола алатын екi ересек адаммен 
мерзiмi ұзақ кездесуге рұқсат етiледi. ӨББА-ға 
сотталғандарға 
ұзақ 
мерзімді 
кездесулер 
олардың 
дағдылы 
және 
жеңiлдетiлген 
жағдайларда жазаларын өтеуi кезiнде рұқсат 
етіледі. 
(Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің ішкі 
тәртіптеме қағидаларын бекіту туралы ҚР ІІМ 
2014 жылғы 17 қарашадағы
№ 819 бұйрығының 3 параграфы 87 тармағы)


57
ӘРТҮРЛІ ТҮРДЕГІ МЕКЕМЕЛЕРДЕ ЖАЗАНЫ ОРЫНДАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ 
(ҚР ҚАК 22-тарауы) 
Кесте 12 
ҚАЖ 
мекемесінің 
түрі 
Тұратын жері 
Ай сайын 
жұмсауға 
рұқсат етілген 
қаражат 
мөлшері 
Қысқа 
мерзімді 
кездесулер 
саны 
жылына 
Ұзақ мерзімді 
кездесулер 
саны 
жылына 
Сауқаттар 
немесе 
сәлемдемелер 
саны 
жылына 
Бандерольдер 
саны 
жылына 
Күн сайын 
сейілдеу 
ұзақтығы 
(сағат) 
Орташа 
қауіпсіз 
мекемесі (ҚР 
ҚАК 
135 
бабы),шаруаш
ылық қызмет 
көрсету 
жөніндегі 
жұмыстарды 
орындау үшiн 
қауіпсіздігі 
аралас 
мекемеде 
қалдырылған 
немесе толық 
қауіпсіз 
мекемелер 
үшін) (ҚР ҚАК 
92бабы) 
Дағдылы 
жатақханалар 
немесе 
камералар 
жатақханалар 
немесе 
камералар 
күзетілетін 
периметрдің 
шегінен 
тыс 
жерде, 
бірақ 
мекемеге 
іргелес жатқан 
аумақтың 
шекарасы 
6 АЕК 
12 АЕК 
шектеусіз 
2 АЕК 


шектеусіз 






12 
шектеусіз 


12 
шектеусіз 

— 
— 
— 
1,5 сағат 


58
жағдайда
Жеңілдетілген 
жағдайда
Жеңілдікті 
жағдайд 
Қатаң 
жағдайда 
шегінде тұруға 
камераларда 
Қауіпсіздігі 
барынша 
жоғары мекеме
(ҚР ҚАК 137 
бабы): 
Дағдылы 
жағдайда
Жеңілдетілген 
жағдайда 
Жеңілдікті 
жағдайда 
Қатаң 
жағдайда 
жатақханалар 
немесе камера-
лар жатақхана-
лар 
немесе 
камералар 
күзетілетін 
периметрдің 
шегінен 
тыс 
жерде, 
бірақ 
мекемеге ірге-
лес 
жатқан 
аумақтың ше-
карасы шегін-
де тұруға 
камераларда 
5 АЕК 
10 АЕК 
шектеусіз 
2 АЕК 


шектеусіз 







шектеусіз 



шектеусіз 

— 
— 
— 
1,5 сағат 


59
Төтенше 
қауіпсіз 
мекемелер 
(ҚРҚАК 
139 
б): 
Дағдылы 
жағдайда
Жеңілдетілген 
жағдайда 
Жеңілдікті 
жағдайда 
Қатаң 
жағдайда 
жатақханалар 
немесе 
камералар 
жатақханалар 
немесе 
камералар 
күзетілетін 
периметрдің 
шегінен 
тыс 
жерде, 
бірақ 
мекемеге 
іргелес жатқан 
аумақтың 
шекарасы 
шегінде тұруға 
камераларда 
2 АЕК 
7 АЕК 
шектеусіз 
2 АЕК 


шектеусіз 







шектеусіз 



шектеусіз 

— 
— 
— 
1,5 сағат 
12 Кестенің жалғасы. 
ӘРТҮРЛІ ТҮРДЕГІ МЕКЕМЕЛЕРДЕ ЖАЗАНЫ ОРЫНДАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ 
(ҚР ҚАК 22-тарауы) 
ҚАЖ 
мекемесінің 
түрі 
Тұратын жері 
Ай 
сайын 
жұмсауға 
рұқсат 
етілген 
қаражат 
Қысқа 
мерзімді 
кездесулер 
саны 
Ұзақ мерзімді 
кездесулер 
саны 
Сауқаттар 
немесе 
сәлемдемеле
р саны 
жылына 
Бандерольде
р саны 
жылына 
Күн сайын 
сейілдеу 
ұзақтығы 
(сағат) 


60
мөлшері 
Қауіпсіздігі 
барынша 
төмен 
мекемелер (ҚР 
ҚАК 142 бабы) 
Дағдылы 
жағдайда
Жеңілдетілген 
жағдайда
Қатаң 
жағдайда 
жатақханалар 
немесе 
камералар 
жатақханалар 
немесе 
камералар 
жатақханалар 
немесе 
камералар 
шектеусіз 
шектеусіз 
шектеусіз 
айына 1
аптасына 1 
тоқсанына 1 
айына 1 
аптасына 1 
6 айда 1 
шектеусіз 
шектеусіз 
шектеусіз 
шектеусіз 
шектеусіз 
шектеусіз 
— 
— 
— 
Толық қауіпсіз 
мекемелер
(ҚР ҚАК 144 
бабы):
Қатаң жағдайда 
Дағдылы 
жағдайда
Жеңілдетілген 
камералар
да 
камералар
да 
Мекеме бас-
тығының 
уәжді қаулы-
сы бойынша 
және проку-
рордың келі-
сімімен сот-
талғандар 
жалғыз адам-
дық камера-
2 АЕК 
5 АЕК 
7 АЕК 
жылына 

жылына 

жылына 3 

жылына 

жылына 3 







1,5 
1,5 
сағат 
1,5 
сағат 


61
жағдайда
камералар
да 
ларда ұстала-
ды 

сағат 
Кәмелетке тол-
мағандарды 
ұстауға арнал-
ған 
орташа 
қауіпсіз мекеме 
(ҚР ҚАК 150 
бабы ) 
Дағдылы 
жағдайда
жатақханалар 
немесе 
камералар 
10 АЕК 
жылына 

жылына 

10 
10 
— 
Жеңілдетілген 
жағдайда 
жатақханалар 
немесе 
камералар 
15 АЕК 
жылына 
21 
жылына 

14 
14 
— 
Жеңілдікті 
жағдайда 
Жақсартылған 
тұрғын
үй-жайларда 
шектеусіз шектеусіз 
шектеусіз 
шектеусіз 
шектеусіз — 
Қатаң жағдайда құлыпталатын камералар 8 АЕК 
жылына 6 
жылына 2 


— 


62
Кесте 13 
Кесте 14 
БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРУҒА СОТТАЛҒАНДАРДЫҢ ЕҢБЕК 
ҚЫЗМЕТІНІҢ ТҮРЛЕРІ 
Жазаны орындайтын мекемелердің кәсіпорындарында 
Мекемелердің аумағында не оларды күзету мен оқшаулау қамтамасыз етілген 
кезде оның шегінен тыс жерде орналасқан ұйымдарда 
ҚАЖ мекемелеріне шаруашылық қызмет көрсету бойынша 
Жеке еңбек қызметімен 
Кесте 15 
ЕҢБЕККЕ ТАРТУ (ҚР ҚАК 119 бабы) 
Мекемелердің әкімшілігі сотталғандарды қылмыстық-атқару жүйесінің 
кәсіпорындарына жұмысқа орналастырады, мекемелердің аумағында не 
оларды күзету мен оқшаулау қамтамасыз етілген кезде оның шегінен тыс 
жерде орналасқан ұйымдарда жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетеді. 
Мекемелердің әкімшілігі еңбекке қабілетті барлық сотталғандарды ақысы 
төленетін жұмысқа тарту үшін жұмыс орындарын құру жөнінде шаралар 
қолданады 
Сотталғандарды жұмысқа орналастыру кезінде әкімшілік олардың 
жынысын, 
жасын, 
денсаулық 
жағдайын, 
еңбекке 
қабілеттілігін, 
мүмкіндігінше – мамандығын және жазаны өтеу уақытында оны алуын 
ескеруге міндетті 
Сотталғандарды қылмыстық-атқару жүйесіне кірмейтін ұйымдардың 
объектілерінде еңбекке тарту мекеме әкімшілігі, ұйым және сотталған адам 
арасындағы шарттардың негізінде жүзеге асырылады 
Сотталғандар мекемелер аумағында жеке еңбек қызметімен айналысуға 
құқылы 
Сотталғандарды камералық ұстау жағдайларында еңбекке тарту ҚР ҚАК 
149-бабына сәйкес жүзеге асырылады 
Сотталғандарды 
пайдалануға 
тыйым 
салынатын 
жұмыстар 
мен 
лауазымдардың тiзбесi мекемелердiң ішкi тәртiптеме қағидаларында 
белгiленедi 
Мекемелердiң ұйымдарында ерікті жалданушы инженерлік-техникалық 
жұмыскерлер мен бiлiктi жұмысшылардың еңбегiн жұмыс iстейтін 
сотталғандар санының он бес пайызына дейiнгi шекте пайдалануға жол 
берiледi 
Сотталғандарға еңбек жанжалдарын шешу мақсатында жұмысты тоқтатуға 
тыйым салынады. Жеке еңбек даулары Қазақстан Республикасының еңбек 
заңнамасында белгіленген тәртіппен шешіледі 
Сотталғандардың бас бостандығынан айыру орындарында алған еңбек 
дағдыларын босатылғаннан кейін пайдалануы 


63
Сотталғандардың жұмыс орындарын ұйымдастыру үшін мекемелер 
аумағында орналасқан өндірістік объектілерді өзге меншік нысандарындағы 
ұйымдарға беру Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы 
заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады 
Еңбек объектілерінде ұжымдық еңбек даулары, төтенше жағдайлар және 
оқиғалар туындаған жағдайда мекеме әкімшілігі келесі жұмыс күнінен 
кешіктірмей, бұл туралы еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органды 
және прокурорды жазбаша нысанда хабардар етеді. Еңбек инспекциясы 
жөніндегі жергілікті орган және прокурор мұндай хабарламаны алған соң 
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қабылдайды 
Кесте 16 
ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ (ҚР ҚАК 124 бабы) 
Сотталғандармен тәрбие жұмысы олардың түзелуіне, заңдардың талаптарын 
сақтауға, еңбекке және өзге де қоғамға пайдалы қызметпен айналысуға, білім 
деңгейі мен мәдени деңгейін арттыруға, сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық 
көмек көрсетуге бағытталған бағдарламаларға қатысуға ұмтылысын 
қалыптастыру мен нығайту
Мекемелерде қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган 
бекіткен қағидаларға сәйкес, имандылыққа, әлеуметтік-құқықтық, еңбекке, 
дене шынықтыруға тәрбиелеу және өзге де тәрбие түрлері жүзеге асырылады 
Сотталғандармен тәрбие жұмысы түзеу мекемесінің түрі, жаза мерзімі, ұстау 
жағдайлары 
ескеріле 
отырып, 
сараланып 
ұйымдастырылады. 
Ол 
психологиялық-педагогикалық әдістер қолданыла отырып, жеке, топтық және 
көпшілік нысандарда жүзеге асырылады. Әрбір сотталған адаммен тәрбие 
жұмысы оның жеке басының дара ерекшеліктері мен жасаған қылмыстарының 
мән-жайлары ескеріле отырып жүргізіледі 
Сотталғандардың тәрбиелік іс-шараларға қатысуы оларға көтермелеу және 
жазалау шараларын қолдану, сондай-ақ олардың мінез-құлқын бағалау кезінде 
ескеріледі 
Кесте 17 
БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРУҒА СОТТАЛҒАНДАРҒА 
ҚОЛДАНЫЛАТЫН КӨТЕРМЕЛЕУ ШАРАЛАРЫ (ҚР ҚАК 128 бабы) 
Алғыс жариялау 
Сыйлықпен марапаттау 
Сыйлықақы беру 
Қосымша қысқа мерзiмдi кездесу беру 
Мереке күндерi тамақ өнiмдерi мен бiрiншi кезекте қажеттi заттарды сатып 
алуға бiр айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi сомада қосымша ақша жұмсауға 
рұқсат беру 
Бұрын белгіленген жазаны мерзiмiнен бұрын алып тастау қолданылады. 


64
Қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде жазасын өтеп жүрген сотталғандарға, 
осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген көтермелеу шараларынан басқа, 
демалыс және мереке күндерiн сағат тоғыздан он сегізге дейін мекеменің 
шегінен тыс жерде өткiзуге рұқсат беріледі.
Кесте 18 
Кесте 19 
ЖАЗАНЫ ӨТЕУДЕН БОСАТУ НЕГІЗДЕРІ (ҚР ҚАК 161 бабы) 
Сот үкiмi бойынша тағайындалған жаза мерзiмiн өтеп болу 
Іс бойынша ақтау үкiмiн шығарумен немесе iс жүргiзудi тоқтатумен сот 
үкiмiнің күшiн жою 
Жазаны өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босату 
Жазаның өтелмеген бөлiгiн жазаның неғұрлым жеңіл түрiмен ауыстыру 
Рақымшылық жасау туралы акт 
Кешiрiм жасау туралы акт 
Денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органмен келiсу бойынша 
қылмыстық-атқару қызметi саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен тiзбеде 
көзделген, сотталған адамның ауруы 
Заңда көзделген өзге де негiздер 
Мекеме әкімшілігі жаза мерзімін өтеген соң босатылғанға дейін бір ай 
қалғанда, ал басқа да негіздер бойынша – босатылғаннан кейін екі жұмыс күні 
ішінде сотталған адамның таңдаған тұрғылықты жеріндегі пробация 
Жазасын қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде өтеп жүрген сотталғандарға 
жатақханадан тыс жерде тұру құқығының күшiн жою және жұмыстан бос 
уақытта мекеме аумағының шегінен тыс жерге шығуға отыз тәулікке дейiнгі 
мерзiмге тыйым салу түрiндегi жазалау қолданылады 
БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРУҒА СОТТАЛҒАНДАРҒА 
ҚОЛДАНЫЛАТЫН ЖАЗАЛАУ ШАРАЛАРЫ (ҚР ҚАК 131 бабы) 
Ескерту 
Сөгiс 
Он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге тәртіптік изоляторға жабу 
Төрт айға дейiнгi мерзiмге жалғыз адамдық камераларға ауыстыру 
қолданылады 
Жазасын қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде өтеп жүрген сотталғандарға 
жатақханадан тыс жерде тұру құқығының күшiн жою және жұмыстан бос 
уақытта мекеме аумағының шегінен тыс жерге шығуға отыз тәулікке дейiнгі 
мерзiмге тыйым салу түрiндегi жазалау қолданылады 


65
қызметіне белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен 
айналысу құқығынан айыру түріндегі жазаны одан әрі орындау үшін сот 
үкімінің көшірмесін жібереді 
Кесте 20 
МЕКЕМЕ ӘКIМШIЛIГIНIҢ БОСАТЫЛАТЫН СОТТАЛҒАНДАРДЫҢ 
ЖҰМЫСҚА ЖӘНЕ ТҰРМЫСТА ОРНАЛАСУЫНА ЖӘРДЕМДЕСУ 
ЖӨНІНДЕГІ МIНДЕТТЕРI 
(ҚР ҚАК 166 бабы) 
Мекеме әкiмшiлiгi бас бостандығынан айыру мерзiмi аяқталғанға дейiн бір 
жылдан кешiктiрмей, сотталған адамның таңдаған тұрғылықты жері 
бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, 
ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органдарын, 
ішкі істер органдарын және пробация қызметін оның алдағы уақытта 
босатылатыны, оның тұрғын үйiнiң бар-жоғы, оның еңбекке қабiлеттілігi 
және алған мамандықтары туралы хабардар етеді. Мекеме әкімшілігі бұл 
ретте сотталған адамға босатылғаннан кейін әлеуметтік бейімделу үшін 
қажетті әлеуметтік-құқықтық көмектің көлемі бойынша жеке бағдарлама 
жасайды, ол сотталған адамның таңдаған тұрғылықты жері бойынша 
пробация қызметіне жолданады 
Сотталған 
адамды 
бостандыққа 
дайындау 
мақсатында 
онымен 
ұйымдастыру-тәрбиелеу іс-шаралары жүргiзiледi, оның құқықтары мен 
мiндеттерi түсiндiрiледi 
Бірінші немесе екінші топтағы мүгедектерді, сондай-ақ алпыс үш жастан 
асқан ерлер мен елу сегіз жастан асқан әйелдерді олардың жазбаша өтiнiшi 
және мекеменiң ұсынуы бойынша әлеуметтiк қорғау органдары мүгедектер 
және қарттар үйiне жiбередi. Әлеуметтік көмекке мұқтаж өзге де адамдар 
олардың жазбаша өтініші және мекеменің ұсынуы бойынша әлеуметтік 
бейімдеу орталықтарына жіберіледі 
Кесте 21 
ЖАЗАСЫН ӨТЕУДЕН БОСАТЫЛАТЫН АДАМДАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТУ 
(ҚР ҚАК 167 бабы) 
Қамаққа алу, бас бостандығынан айыру түрiндегi жазасын өтеуден 
босатылатын адамдар өздері таңдаған тұрғылықты жерiне немесе жұмыс 
орнына дейiн тегiн жол жүрумен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы 
аумағының шегінде жол жүргенде тамақ өнімдерімен не ақшамен қамтамасыз 
етiледi 
Мекемеден босатылатын адамның маусым бойынша қажетті киімі, аяқкиімі 
және оларды сатып алуға қаражаты болмаған жағдайда, ол бюджет қаражаты 
есебінен киіммен және аяқкиіммен қамтамасыз етіледі 
Жазадан босатылатын адамдарды тамақпен, киiммен, аяқкиiммен қамтамасыз 
етудi, сондай-ақ жол жүруіне ақы төлеуді жазаны орындайтын мекеме 
жүргізеді 


66
Бірінші немесе екінші топтағы мүгедектердi, жүктi әйелдер мен жас балалары 
бар әйелдердi, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды бас бостандығынан айыру 
түрiндегi жазаны өтеуден босату кезiнде мекеме әкiмшiлiгi олардың жұбайын 
(зайыбын), туыстарын не сотталған адамның өтінішінде көрсетілген өзге де 
адамдарды, сондай-ақ сотталған адамның таңдаған тұрғылықты жері бойынша 
пробация қызметін алты ай бұрын хабардар етедi 
Мекемелерден босатылатын, денсаулық жағдайы бойынша ұдайы күтiмге 
мұқтаж адамдар, сондай-ақ он алты жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар 
тұрғылықты жерiне жұбайының (зайыбының), туыстарының немесе оларды 
алып кетуге келген өзге де адамдардың не мекеме немесе сотталған адамның 
таңдаған тұрғылықты жері бойынша пробация қызметі жұмыскерiнің еріп 
жүруімен жiберiледi 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет