31
Кесте 2
Қоғамдық жұмыстарға тарту түрiндегi жаза мерзiмiн есептеу
ҚР ҚАҚ 58 бабына сәйкес:
Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза мерзімі сағатпен есептеледі, сол
уақыт ішінде сотталған адам қоғамдық жұмыстарды орындайды.
Қоғамдық жұмыстар сотталған адамды оларды орындау кезінде негізгі жұмыс
орны бойынша еңбек міндеттерінен босата отырып не оқудан бос уақытта
күніне төрт сағаттан аспайтын шамада орындалады.
Тұрақты жұмыс орны жоқ және оқу орындарында оқымайтын сотталғандар
қоғамдық жұмыстарды күніне сегіз сағатқа дейін, бірақ аптасына қырық
сағаттан аспайтын шамада орындайды.
Он алты жасқа дейінгі адамдардың бұл жаза түрiн орындау ұзақтығы –
күнiне екi сағаттан, ал он алтыдан он сегiз жасқа дейiнгi адамдар үшiн күнiне
үш сағаттан аспауы керек.
Кесте 3
ҚОҒАМДЫҚ ЖҰМЫСТАР ТҮРІНДЕГІ ЖАЗАДАН ӨТЕУДЕН
БОСАТУДЫҢ
НЕГІЗДЕРІ
Сот үкімі бойынша тағайындалған жаза мерзімін өтеу
Іс бойынша іс жүргізуді қысқарта отырып, сот үкімінің күшін жою
Жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату
Жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстыру
Кешірім немесе рақымшылық
Ауыр ауру немесе мүгедектік
Заңда көзделген өзге де негіздер
Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны орындау кезіндегі органдардың
өкілеттіктері
Пробация қызметі (ҚР ҚАҚ 61 б.):
- сотталғандарды есепке алуды жүргiзедi;
- оларға жазаны өтеу, сондай-ақ жазаның өтелуін бақылау тәртiбi мен
шарттарын түсiндiредi;
- жергілікті атқарушы органдар ұйымдастыратын
қоғамдық жұмыстардың
орындалуын бақылайды;
- сотталған адаммен айына бір рет профилактикалық әңгімелесу жүргізеді;
- жазасын өтеуден жалтару мақсатында жасырынып жүрген сотталған адамға
қатысты бастапқы iздестiру iс-шараларын жүзеге асырады және сотқа
iздестіруді жариялау туралы ұсыну енгiзедi.
-Аумақтық пробация қызметі есепте тұрған адамды есепке қойған сәттен
бастап Ақпараттық-аналитикалық бөлімшелерінің біріктірілген деректер
базасына енгізу үшін адамға қатысты ақпараттық-іздеу
карточкасын
толтырады.
-Пробация қызметі сот шешімі келіп түскен немесе ол өзгерген күнінен бастап
бір тәулік мерзімде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
32
"Бүркіт-мемлекеттік органдар клиенті" бірыңғай ақпараттық жүйесіне
Қазақстан Республикасының аумағынан тыс шығуға тыйым салуға тапсырма
толтырады. Тапсырма сотталғанның жеке немесе бақылау ісіне тіркеледі
Сотталған адам жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын бұзған жағдайда онымен
әңгімелесу жүргізіп, сотталған адамды ЕСКЕРТЕДІ:
-осы бұзушылықтарды жасауға жол бермеу туралы;
-Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы.
Әңгімелесу нәтижелері бойынша анықтама жасайды және оның мазмұнымен
сотталғанды таныстырады
Сотталғанның тарапынан жазаны өтеудiң тәртiбi және шарттарын бұзғаны
анықталған жағдайда Пробация қызметі үш жұмыс күні ішінде сол
сотталғанды шақырту бойынша шара қабылдайды.
Сотталған келген кезде
Пробация қызметі онымен бұдан былай құқық бұзушылықтарға, сондай-ақ
жазаны өтеу шарттарын бұзуға жол бермеу туралы әңгімелесу жүргізеді және
нысан бойынша жауапкершілік туралы жазбаша ескерту шығарады, ол жеке
iске тiгiледi.
Кесте 4
Жергілікті атқарушы органдардың қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі
жазаны орындау кезіндегі өкілеттіктері (ҚР ҚАҚ 62 б.)
пробация қызметін сот үкімін алғаны және оны орындауға қабылдағаны
туралы дереу хабардар етуге;
жұмыс істелген уақытты есепке алу табелін жүргізуге,
орындалған
жұмыстардың актісін жасауға және оларды ағымдағы айдың соңғы күнінен
кешіктірмей пробация қызметіне жіберуге
пробация қызметіне сотталған адамның мінез-құлқы туралы ақпарат беруге
пробация қызметін сотталған адамның жазаны өтеуден жалтаруы туралы
хабардар етуге міндетті.
Кесте 5
Қоғамдық жұмыстарға тарту түрiндегi жазаны өтеу шарттары (ҚР ҚАҚ 59
бабы)
Сотталған адам:
-белгіленген жазаны өтеу тәртiбi мен шарттарын сақтауға;
жергілікті атқарушы органдар қоғамдық орындарда ұйымдастыратын
жұмыстарды орындауға;
пробация қызметіне тұрғылықты жерiнің өзгергені туралы хабарлап отыруға;
пробация қызметіне тіркелу және профилактикалық әңгімелесуге қатысу үшін
айына бір рет келіп тұруға міндетті.