46
Лауазымды адам белгiленген тәртiппен тиiстi құжаттарға сотталған адамды
арнаулы, әскери немесе құрметтi
немесе өзге де атақтан, сыныптық шеннен,
дипломатиялық дәрежеден, бiлiктiлiк сыныбынан айыру туралы жазбаны
енгізеді, сондай-ақ оны тиiстi атағы, шенi, дәрежесi, сыныбы бар адамдар үшiн
көзделген құқықтар мен жеңiлдiктерден айыру жөнiнде шаралар қолданады
Запастағы әскери қызметшiге қатысты сот үкiмiнiң көшiрмесi оның әскери
есепке алынған орны бойынша жергiлiктi әскери
басқару органына жiберiледi
Лауазымды адам үкiмнiң көшiрмесiн алған күннен бастап бiр айдың iшiнде
үкiмдi шығарған сотқа оның орындалғаны туралы хабарлайды
Қазақстан Республикасының Президентi сотталған адамды Қазақстан
Республикасының Қылмыстық кодексiне сәйкес арнаулы, әскери немесе
құрметтi атақтардан, сыныптық шеннен, дипломатиялық дәрежеден, бiлiктiлiк
сыныбынан және мемлекеттiк наградадан айыру
туралы шешiм қабылдаған
кезде, тиiстi мемлекеттiк орган осы баптың екінші бөлігінде көрсетiлген
шараларды қолданады. Мемлекеттiк наградаларды оларға қоса берілген
құжаттармен бiрге алып қоюды қылмыстық-атқару қызметi саласындағы
уәкiлеттi орган айқындайтын тәртiппен олар тұрған жердегі пробация қызметі
жүргiзедi
Достарыңызбен бөлісу: