47
Жазаны өтеудiң тоқтатылуы
Қамаққа алу заңға сәйкес жаза мерзiмiне
енгiзiлуi мүмкiн өзгерiстер ескеріле отырып,
жаза мерзiмiнiң соңғы күнi тоқтатылады
(ҚР ҚАК 165 бабы 1 б )
Қамаққа алуға
және бас бостандығынан
айыруға сотталғандар жаза мерзiмiнiң соңғы
күнiнiң бiрiншi жартысында босатылады.
Жазаны өтеу мерзімінің соңғы күні деп жаза
мерзімінің басталуы есептелген күннің
алдындағы күн есептеледі.
Егер жаза мерзiмi демалыс немесе мереке күнi
аяқталатын болса, сотталған адам демалыс
немесе мереке күнінің алдындағы күнi
жазасын өтеуден босатылады. Жаза мерзiмi
айлармен есептелген кезде, ол
соңғы айдың
тиiстi күнiнде, ал егер бұл айда тиiстi күн
болмаса, онда сол айдың соңғы күнiнде
аяқталады
(ҚР ҚАК 165 бабы 2 б )
Кесте 2
ҚАМАҚҚА АЛУ ТҮРІНДЕГІ ЖАЗАНЫ ӨТЕУ ЖАҒДАЙЛАРЫ
Тұру орны
Камераларда
Тұрғын алаң нормасы
Екі жарым шаршы метрден кем болмауға тиіс
Айына жұмсауға рұқсат етілген
қаражат мөлшері.
Ай сайын тамақ өнімдері мен бірінші кезекте
қажетті заттарды сатып алуға ақшаны
уақытша орналастырудың
қолма-қол ақшаны
бақылау шоттарындағы қаражатты бір айлық
есептік
көрсеткішке
дейінгі
мөлшерде
жұмсауға құқығы бар.
Кездесулер саны
Сотталғандарға білікті заң көмегін алулары
үшін олардың жазбаша немесе ауызша
өтініштері бойынша адвокаттарымен санын,
ұзақтығын
шектеусіз
және
оның
құпиялылығын
қамтамасыз
ететін
жағдайларда кездесулер ұсынылады.
Сауқаттар, сәлемдемелер және
бандерольдер саны
Айына бір рет бірінші
кезекте қажетті заттар
мен маусым бойынша киім салынған
сауқаттар, сәлемдемелер, бандерольдер алуға
құқығы бар
Телефон арқылы сөйлесулер
Жұбайы (зайыбы), жақын туысы қайтыс
болған немесе
науқастың өміріне қатер
төндіретіндей қатты ауырған, оның отбасына
айтарлықтай материалдық залал келтірген
48
дүлей зілзала болған жағдайларда және жеке
сипаттағы өзге де айрықша мән-жайларда
өзінің жеке
қаражаты есебінен жұбайымен
(зайыбымен), жақын туыстарымен телефон
арқылы сөйлесу беріледі.
Сотталғандардың АҚО және ТИ
шегінде қозғалу тәртібі
Тек АҚО немесе ТИ қызметкерлерінің
айдауылымен жүзеге асырылады.
Сотталғандарға жалпы білім
беру, кәсіптік білім беру және
кәсіптік оқыту
Жүзеге асырылмайды
Күнделікті серуеннің ұзақтығы,
сағат
Бір жарым сағаттан
кем емес
(ҚР ҚАК 85 бабы 1 б )
Қамаққа алуға сотталғандар камераларда қатаң оқшаулау жағдайларында
ұсталады
Бөлек ұсталады:
сотталған ерлер;
сотталған әйелдер;
бұрын мекемелерде жазасын өтеген және сотталғандығы бар сотталғандар;
әртүрлі инфекциялық аурулармен ауыратын сотталғандар бөлек және дені сау
сотталғандардан жеке ұсталады;
Соттардың, құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдардың
сотталған бұрынғы қызметкерлері, сотталған сотталғандардың мінез-құлқын
бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға
уәкілетті адамдар басқа
сотталғандардан оқшауланып ұсталады.
Кесте 3
ҚАМАҚҚА АЛУҒА СОТТАЛҒАНДАРҒА ҚОЛДАНЫЛАТЫН
КӨТЕРМЕЛЕУ ЖӘНЕ ЖАЗАЛАУ ШАРАЛАРЫ
(Қамаққа алу түріндегі жазаны орындауды жүзеге асыратын арнаулы
мекемелердің қызметі мен ішкі тәртіптемесін ұйымдастыру қағидаларын
бекіту туралы ҚР ІІМ 2017 жылғы 26 шілдедегі № 504 бұйрығының
15 тарау 69,72 тармақтары)
Көтермелеу шаралары
Алғыс жариялау
Сыйлықпен марапаттау
Сыйлықақы беру
Қосымша қысқа мерзiмдi кездесу беру
Мереке күндерi тамақ өнiмдерi мен бiрiншi кезекте қажеттi заттарды сатып
алуға бiр айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi сомада қосымша ақша жұмсауға
рұқсат беру
49
Бұрын белгіленген жазаны мерзiмiнен бұрын алып тастау қолданылады
Сотталғандарға көтермелеу шараларын қолдану тәртібі (ҚР ҚАК 128 бабы 1 б)
реттеледі
Жазалау шаралары
Ескерту
Сөгiс
Он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге тәртіптік изоляторға жабу
Төрт айға дейiнгi мерзiмге жалғыз адамдық камераларға ауыстыру
қолданылады
Сотталғандарға жазалау шараларын қолдану тәртібі (ҚР ҚАК 131 бабы 1 б )
реттеледі
Достарыңызбен бөлісу: