А. Мұрат, М. Қалқаманұлы Қылмыстық-атқару қҰҚЫҒЫ кестелердегі оқу құралы Қостанай, 2022 жыл


тақырып. БАС БОСТАНДЫҒЫН ШЕКТЕУ ТҮРІНДЕГІ



Pdf көрінісі
бет12/16
Дата15.12.2023
өлшемі0,72 Mb.
#138386
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
10 тақырып. БАС БОСТАНДЫҒЫН ШЕКТЕУ ТҮРІНДЕГІ 
ЖАЗАНЫ ОРЫНДАУ 
Кесте 1 
БАС БОСТАНДЫҒЫН ШЕКТЕУ ТҮРІНДЕГІ ЖАЗАНЫ ОРЫНДАУ ТӘРТІБІ 
Жазаның 
орындалуын 
реттейтін 
нормативтік 
құқықтық актілер 
ҚР ҚАК 63-69 баптары 
Пробация туралы Қазақстан Республикасының 
Заңы 2016 жылғы 30 желтоқсандағы №38-VI ҚРЗ 
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 
2014 жылғы 15 тамыздағы № 511 «Пробация 
қызметінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларын 
бекіту туралы» бұйрығы 
Жазаны орындайтын орган Сотталған 
адамның 
тұрғылықты 
жеріндегі 
пробация қызметі 
(ҚР ҚАК 24-бабының 11-бөлігі) 
Жазаны өтеу орны 
Тұрғылықты жері бойынша оларға пробациялық 
бақылауды жүзеге асыру жағдайларында өтейді 
(ҚР ҚАК 63-бабының 1-бөлігі) 
Жаза тағайындау мерзімі 
Бас бостандығын шектеу сотталған адамға алты 
айдан жеті жылға дейінгі мерзімге пробациялық 
бақылау белгілеуден және оны жазаны өтеудің 
бүкіл мерзімі ішінде жыл сайын бір жүз сағаттан 
мәжбүрлі еңбекке тартудан тұрады.Мәжбүрлі 
еңбекті жергілікті атқарушы органдар қоғамдық 
орындарда ұйымдастырады және күніне төрт 
сағаттан асырылмай өтеледі
(ҚР ҚК 44-бабының 1-бөлігі) 
Жазаны 
орындаудың 
басталуы 
Бас бостандығын шектеу түрiндегi жазаны өтеу 
мерзiмi пробация қызметі заңды күшіне енген сот 
үкімін орындауға қабылдаған күннен бастап 
есептеледi 
(ҚР ҚАК 64-бабы) 
Жазаның басқа түрлерімен 
ауыстыру мүмкіндігі 
Бас бостандығын шектеуді өтеуден қаскөйлікпен 
жалтарған жағдайда, оның өтелмеген мерзімі бас 
бостандығын шектеудiң бір күні үшін бас 
бостандығынан айырудың бір күні есебімен бас 
бостандығынан айыруға ауыстырылады 
(ҚР ҚК 44-бабының 3-бөлігі) 
Бас бостандығын шектеу түрiндегi жазаны өтеу 
тәртібі мен шарттарын бұзғаны үшін сотталған 
адамға 
бас 
бостандығын 
шектеуді 
бас 
бостандығынан айырумен ауыстыру туралы 
жазбаша ескерту түрінде жазалау қолданылады. 


43
(ҚР ҚАК 68-бабының 1-бөлігі) 
Жазаны өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзатын 
сотталған адамға қатысты пробация қызметі сотқа 
бас бостандығын шектеудi бас бостандығынан 
айырумен ауыстыру туралы мәселелердi шешу 
үшiн материалдар ұсынады 
(ҚР ҚАК 68-бабының 2 бөлігі) 
Жазаны 
өтеудiң 
тоқтатылуы 
Бас бостандығын шектеу, заңға сәйкес жаза 
мерзiмiне енгiзiлуi мүмкiн өзгерiстер ескеріле 
отырып, жаза мерзiмiнiң соңғы күнi тоқтатылады 
(ҚР ҚАК 165-бабының 1-бөлігі) 
Кесте 2 
БАС БОСТАНДЫҒЫН ШЕКТЕУ ТҮРІНДЕГІ ЖАЗАСЫН ӨТЕП ЖҮРГЕН 
СОТТАЛҒАНДАРДЫ ПРОБАЦИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ 
(ҚР ҚАК 69-бабы) 
Бас бостандығын шектеу түрiндегi жазасын өтеп жүрген сотталған адамға 
пробациялық бақылауды оның тұратын жеріндегі пробация қызметі жүзеге 
асырады. Сотталған адамды тиісінше бақылауды қамтамасыз ету және оның 
тұрған жерi туралы ақпарат алу үшiн пробация қызметі тізбесін Қазақстан 
Республикасының Үкiметi айқындайтын электрондық бақылау құралдарын 
пайдалануға құқылы 
Пробациялық бақылаудағы бас бостандығын шектеуге сотталған адамды 
есепке қою кезінде пробация қызметі: 
1) сотталған адамның тұрғылықты жерін, оның денсаулық жағдайын, білім 
деңгейін және еңбекпен қамтылуын, сондай-ақ оған әлеуметтік-құқықтық 
көмекті беру көлемін айқындау үшін қажетті өзге де мәліметтерді анықтайды; 
2) сотталған адамға әлеуметтiк-құқықтық көмек беру, оған қатысты 
пробациялық бақылауды жүзеге асыру және тоқтату тәртiбiн түсiндiредi, 
сондай-ақ тiркелу үшiн оның пробация қызметiне келетін күндерiн белгiлейдi; 
3) сотталған адамға сот жүктеген мiндеттер мен мәжбүрлі еңбекті орындау
оларды орындамағаны, сондай-ақ пробациялық бақылау шарттары мен 
тәртiбiн бұзғаны үшiн жауаптылыққа тарту тәртiбiн түсiндiредi
Сотталған адам бірінші немесе екінші топтағы мүгедек деп танылған кезде, 
пробация қызметі сотқа оны мәжбүрлі еңбектен босату туралы ұсыну, ал 
сотталған адам жүкті болған жағдайда – жазасын өтеуін кейінге қалдыру 
туралы ұсыну жібереді 
Жазасын өтеуден жалтару мақсатында жасырынған сотталған адамға қатысты 
пробация қызметі бастапқы іздестіру іс-шараларын жүзеге асырады және оған 
іздестіру жариялау туралы сотқа ұсыну енгізеді 
СОТТАЛҒАН АДАМНЫҢ БАС БОСТАНДЫҒЫН ШЕКТЕУ ТҮРIНДЕГI 
ЖАЗАНЫ ӨТЕУ ТӘРТІБІ МЕН ШАРТТАРЫН БҰЗҒАНЫ ҮШІН 
ЖАУАПТЫЛЫҒЫ (ҚР ҚАК 68-бабы)
Бас бостандығын шектеу түрiндегi жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын 


44
бұзғаны үшін сотталған адамға бас бостандығын шектеуді бас бостандығынан 
айырумен ауыстыру туралы жазбаша ескерту түрінде жазалау қолданылады 
Жазаны өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзатын сотталған адамға қатысты 
пробация қызметі сотқа бас бостандығын шектеудi бас бостандығынан 
айырумен ауыстыру туралы мәселелердi шешу үшiн материалдар ұсынады 
БАС БОСТАНДЫҒЫН ШЕКТЕУ ТҮРIНДЕГI ЖАЗАНЫ
ӨТЕУ ТӘРТІБІ МЕН ШАРТТАРЫН БҰЗУ 
(ҚР ҚАК 66-бабы) 
1. Мыналар: 
1) ҚР ҚАК 66-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген міндеттерді орындамау; 
2) электрондық бақылау құралдарын қасақана бұзу (бүлдіру); 
3) жеке басы құқығына, кәмелетке толмағандардың құқығына, отбасылық-
тұрмыстық қатынастарға, қоғамдық тәртіп пен имандылыққа қолсұғатын, 
сотталған адамға соларды жасағаны үшін әкімшілік жаза қолданылған 
әкімшілік құқық бұзушылықтар жасау бас бостандығын шектеу түріндегі 
жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын бұзу болып табылады 
2. Мыналар: 
1) осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген бұзушылықтарды бір жыл ішінде 
қайталап жасау; 
2) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кету; 
3) сотқа дейінгі іс жүргізу Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 
65-бабының бірінші бөлігі, 68-бабының бірінші және үшінші бөліктері, 78-
бабының екінші және төртінші бөліктері негізінде тоқтатылған жағдайда, 
сотталған адамның қылмыстық құқық бұзушылық, оның ішінде қайталап 
қылмыс жасауы; 
4) заңды талаптарды орындаудан бас тарту, сол сияқты пробация қызметінің 
қызметкерін қорлау не оған қатысты күш қолдану қатерін төндіру; 
5) пробациялық бақылаудан жасырыну; 
6) ҚР ҚАК 60-бабы үшінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген дәлелді 
себептерсіз мәжбүрлі еңбекті орындаудан жалтару бас бостандығын шектеу 
түріндегі жазаны өтеуді қаскөйлікпен бұзушылықтар болып табылады 
Тіркелу үшін пробация қызметіне келмеген күннен бастап он бес күннен астам 
тұрған жері анықталмаған сотталған адам пробациялық бақылаудан 
жасырынып жүр деп танылады 


45


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет