А. О. Искакова «Мәшhүр-Жүсіп Көпеев шығармаларындағы мақал-мәтелдер» 6М020500 Филология магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған магистрлік диссертация


Қазақ мақал-мәтелдерінің хадистермен арақатынасы



Pdf көрінісі
бет5/5
Дата15.03.2017
өлшемі0,49 Mb.
#9594
1   2   3   4   5

3.2 Қазақ мақал-мәтелдерінің хадистермен арақатынасы

Қазақ халқының мақал-мәтелдерінен, ел аузында жүрген сөз оралымдары

мен   өлең   шумақтарынан   имани   ұғымдар   мен   ұстанымдардың   жарқын

мысалдарын таба аламыз. Мұның өзі Алаш жұртының салт-санасының, ақыл-

ойының асыл діннен ажырамағандығын көрсетеді. Сөзіміз дәлелді болу үшін

діни мәтіндерді, нақыл сөздерді мән-мағынасы жағынан олармен бірдей немесе

ұқсас   ел   арасында   кең   тараған   мақал-мәтелдермен,   сөз   оралымдармен

салыстыра ұсынып отырмыз. Ұлттың ұтқыр ойлау жүйесінде ойып тұрып орын

алатын   осы   айтылымдар   дәстүрлі   қазақ   мәдениетінің   Ислам   дінімен   біте

қайнасып   жатқандығын   айғақтайды.   Салт-сананың   шынайы   сеніммен

сабақтасып жатқандығын білдіреді[47, 13 б.].

Хадис«Алланың атымен басталмаған әрбір маңызды сөз бен іс шолақ». 

Қазақ мәтелі«Сөздің басы бісміллә, бісмілләсіз іс қылма».

Құран Кәрімде«Мақтау-мадақ әлемдердің Раббысы Аллаға тән».

Қазақ мақал-мәтелдері«Мақтауға Алла ғана лайық»; «Кірсіз – ай, мінсіз

– бір Құдай»; «Ей, айташы, Алланы айт».

Хадисте«Қайда болсаң да Алладан қорық».

Қазақ   мақал-мәтелдері:  «Халықтан   ұял,   Құдайдан  қорық»;   «Құдайдан

қорықпағаннан қорық»; «Қорқуға Құдай ғана лайық».

Хадисте«Бірдеңе сұрасаң, Алладан сұра. Жәрдем тілесең, Алладан тіле».

Қазақ   мақал-мәтелдері:  «Алладан   сұрағанның   екі   бүйірі   шығады,   адамнан

сұрағанның екі көзі шығады»; «Аллаға сиынған құстай ұшады, адамға сиынған

мұрттай ұшады».

Құран   Кәрімде:  «Әлемдердің   Раббысы   Алла   қаламаса,   қалай

алмайсыңдар».  Қазақ   мақалы:  «Адамның   дегені   болмайды,   Алланың   дегені

болады».

Құран Кәрімде: «Оған (Аллаға) ұқсас ештеңе жоқ! Әрі Ол – Естуші һәм

Көруші!»   (Шура,   11).   Хадисте:  «Алла   болды,   Одан   басқа   ештеңе   де   болған

жоқ».

Қазақ өлеңдері:

Мәшһүр Жүсіп иләһи сипаттар туралы былай деген:



Ол – Алла жисм, жауһар, ғариз емес,

Боларға басқа басқа бөлектенбес.

Алланы еш нәрсеге ұқсатуға,

Еш нәрсе Оған ұқсап жөні келмес.

Бар Құдай көкте де емес, жерде де емес,

65


Мекенін бір Алланың ешкім білмес.

Сипаты сегіз болған, бірі – кәләм,

Сөйлейді құдіретімен Алла Тағалам

Сөйлеуі біздей тілмен, жақпен емес,

Тіл, жаққа мұқтаж емес секілді адам

Алды-арты, асты-үсті, оң-солы жоқ,

Ауыз, мұрын, аяқ, бас, көз, қолы жоқ.

Еш нәрсеге ұқсамайды Ол һәм еш нәрсе де,

Кітаптың айтқанынан ойлама көп.

Данышпан  Абай   Құнанбайұлы   қазаққа   ортақ  мұсылманшылық   танымды

былай жеткізеді:

Мекен берген, халық қылған Ол – лә мәкән,

Түп Иесін көксемей бола ма екен?

Және Оған қайтпақсың, оны ойламай,

Өзге мақсат ақылға тола ма екен?

Құран Кәрімде«...Қандай да бір жапырақ жерге түспесін, (Алла) оны да

біледі...». Қазақ мақалы: «Құдайсыз қурай сынбас»; «Тағдыр – Тәңір ісі».

Құран Кәрімде:  «Ешбір жан ертең не істейтінін білмейді, ешбір жан

қашан   өлетінін   білмейді».  Қазақ   мақал-мәтелдері:  «Алдағыны   Алла   біледі»;

«Ертең не боларын ешкім білмейді»; «Өлім айтып келмейді».

Хадисте:   «Қаламдар   көтерілді,   парақтар   кеуіп   кетті   (яғни   тағдыр

тақтасына бәрі жазылды)». Қазақ мақал-мәтелі:  «Қуған жетпес, бұйыртқан

кетпес»; «Тағдырдан қашып құтыла алмайсың».

Құран Кәрімде:  «...Алланың рахымынан күдер үзбеңдер..».  Қазақ мақал-

мәтелдері:  «Үмітсіз – шайтан»; «Күніне тоқсан пәле көрсең-дағы, Сонда да



күдер үзбе бір Алладан»; «Тәңір ісінен түңілу – күпірлік».

Хадисте:  «Жұмақ   –   аналардың   аяқтарының   астында».  Қазақ   мақалы:

«Жұмақ – ананың аяғының астында».

Хадисте:  «Алланың разылығы ата-ананың разылығында, Алланың ашуы

ата-ананың   ашуында».  Қазақ   мақалы:  «Ата-ана   разы   болмай,   Алла   разы

болмас».

Хадисте:  «Білім іздену әрбір мұсылман ер мен мұсылман әйелге парыз».

Қазақ   мақал-мәтелдері:  «Оқусыз   білім   жоқ,   білімсіз   күнің   жоқ»;   «Ақыл   –



тозбайтын тон, білім – таусылмайтын кен»; «Білекті бірді жығады, білімді

мыңды жығады»; «Білім таппай мақтанба, өнер таппай баптанба»; «Ақыл

азбайды, білім тозбайды».

Риуаятта:  «Білімді   бесіктен   табытқа   дейін   іздеңдер».  Қазақ   мақал-

мәтелдері: «Білімді тал бесіктен, жер бесікке дейін іздеңдер»; «Жүз жыл өмір



сүр, жүз жыл үйрен».

Хадисте«Уа, Алла! Өзіңмен пайдасыз білімнен сақтанамын». Нақыл сөз:

«Амалсыз білім жеміссіз ағаш». Қазақ мақалы:  «Еңбегі жоқ ғалым – ыстығы

жоқ жалын».

66


Нақыл   сөз:  «Білім   –   нұр,   надандық   –   қараңғылық».  Қазақ   мақалы:

«Білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні кәріп»; «Білім – гауһар, бағасы жоқ,

надандық – кесел, дауасы жоқ».

Құран  Кәрімде:  «(Аяттардан)  ақыл   иелері  ғана  үгіт  алады».  Хадисте:

«Адам   дәл   ақылдан   асқан   артықшылыққа   ие   болған   емес.   Ақыл   иесін   тура

жолға   салады,   жамандықтан   қайтарады.   Ақылы   кемелденбейінше   пенденің

иманы толықпайды, діні түзелмейді». Қазақ мақал-мәтелдері: «Ақылмен алтын

табылар,   алтынмен   ақыл   табылмас»;   «Ақыл   –   адам   көрігі,   сабыр   –   ақыл

серігі»; «Ақыл азбайды, әділдік тозбайды»; «Ақыл айнымас, алтын шірімес»;

«Ақылдының   сөзі   –   дарияның   өзі»;   «Ақыл   –   алтын   сандық,   адамына   қарай

ашылар»; «Ақыл көпке жеткізеді, өнер көкке жеткізеді».

Хадисте: «Даналық сөз – мүміннің жоғалтқаны, егер тапса, оны алуға

басқадан гөрі хақылы». Қазақ мәтелдері: «Білімдіден шыққан сөз – талаптыға

болсын кез»; «Нақыл сөз – ниеті аққа жақын сөз».

Хадисте«Сөздің сиқырлы күші бар». Қазақ мақал-мәтелдері: «Өнер алды

–   қызыл   тіл»;   «Аузы   құлып   сандықты   тіс   ашпаса,   тіл   ашады»;   «Тіл   тас

жарады, тас жармаса, бас жарады»; «Ақынның тілі қылыштан өткір».

Хадисте«Әрбір мақамның, орынның өз сөзі бар». Қазақ мақал-мәтелдері:

«Орынды айтылған сөз орнына қағылған шегедей»; «Сөз жүйесін тапса, мал

иесін табар»; «Сөз тапқанға қолқа жоқ».

Нақыл сөз«Сөздің қайырлысы – аз әрі саз болғаны». Әли ибн Әбу Талиб

(р.а.) айтқан. Қазақ мақал-мәтелі: «Көп сөз ұтпайды, дөп сөз ұтады»; «Көп сөз



– күміс, аз сөз – алтын».

Хадисте«Отбасыңа кірген кезде оларға сәлем бер. Ол өзіңе де, отбасыңа

да береке әкеледі».  Қазақ мәтелдері:  «Сәлем сөздің – анасы»; «Сәлем беру –

сүннет, қайтару – міндет».

Хадисте«Кімде-кім Аллаға, ақырет күніне иман келтірген болса, жақсы

сөз   сөйлесін,   не   үндемесін».  Қазақ   мақалдары:  «Байлауы   жоқ   шешеннен,

үндемеген есті артық, бәйге алмаған жүйріктен,  белі  жуан бесті  артық»;

«Жақсы байқап сөйлер, жаман шайқап сөйлер».

Ислам   дінін   қабылдағаннан   кейін   қазақ   халқының   мәдени     өмірі     жаңа

бетбұрыстарға толы еді. Халық ауыз әдебиетінің бір саласы – мақал-мәтелдерде

діни уәждердің орын алуы осының айқын дәлелі. Мақал-мәтелдер – халықтың

моральдық   кодексі,   тәрбие   қағидасы,   ата-бабамыздың   болашақ   ұрпаққа

қалдырған өнегелі өсиеті. Мақал-мәтелдерді халық педагогикасы деп те атауға

болады.   Осы   халық   педагогикасын   толқын-толқын   ұрпақтардың   халықтың

рухани   мәдениетіне   қосқан   шығармашылық   үлесінің   нәтижесі   деп   айтсақ

жаңылмаймыз.   Олай   болса   халықтың   төл   шығармасы   –   мақал-мәтелдердегі

хадис   пен   сүннеттің   әсерін   анықтау  –   халықтың   күнделікті   тұрмыс-тіршілі-

гінде   хадис   пен   сүннеттің   рөлін   қандай   болғандығын   үйренуге   жол   ашары

анық. Ислам мәдениетінің бөлінбес бөлшегі –   хадистер мен сүннеттер аяқ жет-

кен   жердің   бәрінде   мұсылмандықты   қабылдаған   жандарды   баурап,   бақытты

өмірге жетелеп, іс-әрекеттерін, жүріс-тұрыстарын реттеп, жөнге салып отырған.

Тәрбиеші, мұғалім ретінде адамзатқа жіберілген хазірет Пайғамбардың сөздері

67


мен   іс-әрекеттері   мұсылман   халқымыздың   талғам-танымына,   дүние-тіршілік

қалпына   айналып,   халық   педагогикасын,   ұлт   психологи-   ясын,   қазақы

болмысты   жинақтаған   мақал-мәтелдердің   өн   бойынан   көрініс   тапты.   Осы

мақсатпен,   қазақ   мақал-   мәтелдерін   жинақтаған   Ө.   Тұрманжановтың   «Қазақ

мақал-мәтелдері» (Алматы, 1997), Ж. Дәуренбековтың «Қазақ мақал-мәтелдері»

(Алматы,   2001),   М.   Әлімбаевтың   «Халық   ғажап   тәлімгер»   (Алматы,   1994),

Жәрдем Кейкіннің «Қазақтың 7777 мақалы мен мәтелі» (Алматы, 2002) және

т.б.   кітаптарды   қолға   алып,   көңіл   сүзгісінен   өткіздік.   Осы   кітаптарды

парақтағанымызда   көптеген   мақал-мәтелдер   мен   хадистердің   арасында   бір

үйлесімділіктің   барын,   кейбір   хадистердің   халқымыздың   мақал-мәтеліне

айналғанын   көрдік.   Жоғарыда   аталған   жинақтардың   ішінде   кейбір   мақал-

мәтелдерде   хадис   мәтіндерінің   сол   қалпында   сақталғанын,   ал   кей   жағдайда

халқымыздың хадистерден түйген ойларын мақал-мәтелге айналдырып жібер-

генін   байқадық.   Осы   тұрғыдан   хадистер   мен   мақал-   мәтелдердің   өзара

байланысын екі тақырыпқа бөліп қарастыруға болады. Халық ауыз әдебиетінің

бір   тармағын   құрайтын   мақал-мәтелдердің   кейбіреуі   әрі   тілдік   жағынан,   әрі

мағына жағынан хадис мәтіндерімен бірдей. Мұндай мақал-мәтелдердің халық

жадына сіңіп, қанатты сөзге айналған хадистер екенінде күмән жоқ. Мысалы,

Аллаһ Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Әр дерттің дауасы бар. Дерттің

дауасы табылып қолданылғанда Аллаһ тағаланың рұқсатымен (көмегімен) ауру

адам жазы- лады,» – деп мәлімдеген. Міне, осы хадистің бірінші сөйлемі қысқа

әрі нұсқа түрде халқымыздың тілінде «Әр дерттің дауасы бар» деген мақалға

айналған. Әрі мақалдағы «дауа»   деген арапша сөздің сол күйінше алынуы, бұл

мақалдың халық арасында қанатты сөзге айналған хадис екенін көрсетеді.

Дерттің алдын алу тазалықпен байланысты. Ислам діні тазалыққа қатты

мән   берген   бірден-бір   дін.   Себебі   адам   баласының   таза   болуы   –   оның

денсаулығы,   жүзінің   шырайлылығы,   тұла   бойының   сәнділігі,

айналасындағыларға тартымды да сүйкімділігі деген сөз. Ал ішкі жан дүниеге

тән тазалық – ақ жүрек, адал ниет, пәк көңіл мен   кіршіксіз ой дегенді білдіреді.

Мұсылман   үшін   ең   маңызды   нәрсе   иман   болатын   болса,     тазалықты     жаны

сүйген  Пайғамбарымыз  (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)  «Тазалық – иманның

жартысы»[28]   –   деп,   иманды   құлды   жан   тазалығы   мен   тән   тазалығына

шақырған. Мұсылман қазақ Аллаһ Елшісінің тәліміміне мойынсұнып,   тұрмыс-

тіршілігінде       тазалыққа       ерек- ше  мән  берген.   Осыдан  ауыз  әдебиетімізде

«Тазалық– иманның жартысы» деген мақал пайда болған.

Иманды   ердің   тағы   бір   ерекшелігі   –   ар-ұятын   сақтай   білуі.   Хақ   елшісі

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)  ол жайын- да былай дейді: «Ұят – иманнан».[29]

Арапша   айтылған   хадистің   мәтінін   халқымыз   «Ұят   –   иманның   қабы»   деп,

мақалға  айналдырған.  Мұсылман   адам  иманының  арқасында  жаманшылыққа

жуымай, ешкімге қиянат жасамай, күнәлардан бойын аулақ ұстайды. Ізгілікке

талпынып, ар-ұятын сақтайды. Мұның бәрі Аллаһ тағаланы жара- тушы ием

деп,   Ол   барлық   жерде,   әрбір   сәтте   мені   көріп,   не   істеп   жатқанымды   біліп

тұрады деген сенімінен туындаған. Мұсылман құл арғы дүниеде әрбір ісінің

есебін   беретінін   біліп,   соған   қарай   әрекет   етеді.   Мұндай   адамды   халқымыз

68


«иман   жүзді»   деп,   оған   үнемі   сенім-   мен   қараған.   Ал   ар-ұяттан   ада,   азғын,

ождансыз   адам- ды имансыз деп қарап, Дулат ақын: Құдай жақсы көре ме,

Шариғатты   бұзған   соң,   Имансызға   бейіш   жоқ,   –   десе,   Ақмолла   ақын

әдепсіздікті   имансыздыққа   теңеп:   Күпірлік   әдептіде   тұрмағандай,   Әдепсізде

иман   тұру   ғажап   деген,   –   дейді.   Халқы-   мыз   осы   орайда   пайғамбарлар

Сұлтанының   (саллаллаһу   аләйһи   уә   сәлләм):   «Аллаһтан   қорықпағаннан

корық,»[30]   –   деген   даналық   ескертуін   ойына   түйіп,   өскелең   ұрпаққа   мақал

ретінде қалдырған.

Ардақты Пайғамбарымыз (саллаллаһу    аләйһи    уә    сәлләм) тек қана дін

мәселесінде емес, өмірдің әр саласында үмбетіне үлгі-өнеге болған. Мысалы,

әлеуметтік   салаға   қатысты   Хақ   Елшісі   (саллаллаһу   аләйһи   уә   сәлләм)     бір

өсиетінде былай дейді: «Үйден бұрын көрші тап, жолға шықпай тұрып жолдас

тап».[31] Халқымыз осы хадисті нақылға айналдырып:»Сапарға шықпас бұрын

серігіңді сайла, үй салмас бұрын көршіңді ойла» – деген.

Халқымыз   мұсылмандықты     қабылдағаннан   кейін   діни   ұғымдар   табиғи

түрде сөздік қорымызға еніп, дүниетанымымызға сіңісіп кетті. Осының бірі –

шайтан   ұғымы.   Құранда   айтылған   шайтан   сөзі   өзгеріссіз   түрде   сөздік

қорымызға  еніп, халқымыздың  түсінігінде Ислам дінінің үйреткені бойынша

адам   баласының   өмірінің   соңына   дейін     күресіп   өтетін   қас   жауы   ретінде

қалыптасқан.   Адам   баласында   да   шайтанға   тән   зұлымдық   қасиеттер   бар.

Әсіресе кейде әйел затының шайтанның сөзіне еріп жасайтын қулық-сұмдығы

шай-   тандыкінен   асып   кетпесе,   кем   түспейді.   Шайтанның   айтқанына   еріп,

айдауына тез түсетіндер әлі ақыл-ес тоқтатпаған жастар мен жаратылысынан

нәзік әйел қауымы екені рас. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

осыны   бір   хадисінде   қозғап,   былай   дейді:   «Жастық–   жындылықтың   бір

тармағы, қыз – шайтанның тұзағы».[32] Халқымыз  да өмірлік тәжірибесінде

әйел   баласының   осындай   қулық-сұмдығын   көрген   кезде   Пайғамбарымыздың

хадисін еске алып: «Қыз – шайтан» деген. Осылайша хадистен алынған үзінді

халық   аузында   мақал   ретінде   қалыптасып   кеткен.   Шайтан   жайын   сөз   еткен

келесі   хадисінде   Аллаһ   Елшісі   (саллаллаһу   аләйһи   уә   сәлләм):   «Асықпау   –

Рахманнан   (Аллаһтан),   асығу   –   шайтаннан,»[33]   –   деген.   Осы   хадистің   де

екінші бөлімін мақалға айналдырған халқымыз: «Асыққан шайтанның ісі» деп,

асығыстыққа ұрынудан сақтандырған.

Қорытындылай   келе,   халық   ауыз   әдебиетіне   мақал   болып   енген

Пайғамбарымыздың   (саллаллаһу   аләйһи   уә   сәлләм)   келесі   хадисі:   «Кеңес

қылған   ел   азбайды».[34]   Осылайша   үмбетіне   бұл   істе   де   үлгі-өнеге   болған.

Хадистерінде кеңестің пайдаларын баяндаған. Жоғарыдағы хадис осы мақсатта

айтылған   хадистердің   бірі.   Осы   хадисті   халқымыз   да   өмірінің   өзегіне

айналдырып, бертін келе мақал ретінде айтылып, тіпті қасына ұйқасын келтіріп

былай   деген:   «Кеңес   қылған   ел   азбас,   кеңінен   пішкен   тон   тозбас.»   Аллаһ

Елшісін   (саллаллаһу   аләйһи   уә   сәлләм)   үлгі-өнеге   тұтқан   халқымыз   оның

аузынан   төгілген   інжу-маржандарды   бағалы   қазынаға   балап,   оны   жаттап,

тұрмыс-тіршілігін-   де   қалпын   бұзбай   қолданып   отырған.   Сондықтан   кейбір

хадистер   мақал-мәтел   ретінде   құйылып,   өмірлік,   адамгершілік   қағидаға

69


айналған. Осылайша хадистер қазақ даласында халықтық нақыл ретінде өмір

сүрген.[50] 



ҚОРЫТЫНДЫ

Диссертациялық   жұмысымыздың   нәтижесінде,   қойылған   мақсат-

міндеттеріміз   орындалды.   Қазақ   мақал-мәтелдері   және   Мәшһүр-Жүсіп

жазбаларындағы   қазақ   мақал-мәтелдерінің   жариялану,   жиналу   жағдайы

сараланды, ақын жинаған мақал-мәтелдердің әдебиеттегі  орнын айқындадық.

М.Ж.Көпейұлы   жинаған   мақал-мәтелдердің   маңызын   анықтадық,   Мәшһүр-

Жүсіп қазақ мақал-мәтелдерінің жариялану, жиналу жағдайын, жариялануын,

жиналу   мәселелерін,   зерттелуін   қарастырдық.   М.Ж.Көпейұлының   жинаған

мақал-мәтелдерін   топтастырдық.   Қазақ   мақал-мәтелдерінің   хадистермен

арақатынасын   айқындадық.   Адамзат   баласының   есін   біліп,   оңы   мен   солын

танығаннан бергі бүкіл тіршілігі өзінің жер бетіндегілердің ішіндегі ең естияр,

ең   бір   салалы   жаратылыс   иесі   екенін   дәлелдеуге   сарп   етумен   келе   жатқан

сияқты   әсер   қалдырады.   Өйткені   небір   асылдар   мен   асқақтарды   көріп,

оңайлықпен   анау-мынауға   таңданбайтын,   атақты   сарайлар   мен   мұнаралар,

бағзы   замандардағы   ата-бабалардың   зердесі   мен   зейінінің   куәлік-

құжаттарындай   әр   қилы   сипатта   жер   шарының   әр   аймағынан   ұшырасатын

ескерткіш-жәдігерліктер   саналы   жанды   қай   кезде   де   ұшы-қиырсыз   қалың

ойдың   иіріміне   жетектемей   тұрмайды.   Сондай-ақ,   арғы-бергі   дәуірдің

пайғамбарлары   мен   сахабаларының   тірлік   кешкен   заманынан   бүгінгі   күннің

әңгімесі секілді сыр шертетін аңыздар мен мифтер, әр қилы кезеңнің әр-алуан

оқиғаларының   сұлбасы   айшықталған   ерлік   жырлары,   қоғамдық   даму   мен

ұлттық болмыстың барометрі секілді мақал мен мәтелдердің діттеп айтар ой-

түйіндері бұрынғыларды қалай толғандырса, бүгінгілерді де солай тебірентіп,

ойға түсіреді. 

Қалың   қазақтың   қордалы   топырағында   өстік.   Ес   білгеннен   өлең   сөздің,

ертегі-жырдың,   аңыз-дастанның   бесігінде   тербелдік.   Тұтас   романдарға   арқау

боларлық   оқиғаларды   апталар   бойы   айтатын   жағы   талмас   әңгімешілерді,

тарихи деректерді жіпке тізіп, ру-тайпалардың жік-жігіне ажыратып, мыңдаған

адамдардың есімін жатқа соғатын зеректігінде шек жоқ шежірешілерді көрдік.

Ұзақ сонар, көл-көсір хикаятты, тоқсан ауыз сөзді тобықтай түйінмен, мақал-

мәтелмен   шегелеп   бітіруші   еді.   Мақал-мәтелдер   халық   қазынасының   мол

байлығы.   Мақал-мәтелдер   қай   ғасырда   болмасын   өзінің   маңыздылығын     еш

жоймайды. 

Қазақ мақал-мәтелдері – сөз өнеріміздің телегей-теңіз байлығы, ғасырлар

бойы жиналған халық даналығының айқын көрінісі осы асыл, үнемді, ықшам,

70


көркем,   шебер,   дәл,   терең,   астарлы   мінезі,   тағдыры;   табиғат,   ғарыш,   оның

толып жатқан  құбылыстары, жан-жануары, өсімдігі, жақсылық пен жамандық,

махаббат пен ғадауат, достық пен  дұшпандық, байлық пен кедейлік, өмір мен

өлім, жастық пен кәрілік, әйел мен еркек – осы алуандас құбылыстар, түйіп

айтқанда   адам   баласына   қатысты   мың   сан   көкейкесті   сұраулардың

диалектикалық шешімі бар. 

Халық  поэзиясы үлгілерін, оның ішінде мақал-мәтелдерді Мәшһүр-Жүсіп

Көпеевтің   ерінбей   ұзақ   жинағаны   мәлім.   Фольклордың   басқа   жанрларына

қарағанда,  мақал-мәтелдерді  жинаумен айналысу фольклорист-ғалымнан ұзақ

уақытпен қажымас ізденуді қажет ететіні белгілі. Себебі мақал-мәтелдер дайын

күйінде   жеке   дара   кездеспейді.   Оларды   айтушының   не   ауызекі   сөзінен,   не

қолжазбалар   ішінен,   туындылар   арасынан   іздеп   табу   арқылы   қағазға   түсіру

керектігі аян. Осы тұрғыдан келгенде Мәшһүр-Жүсіптің қазақ мақал-мәтелдерін

көптеп   жинағанын   қолжазба   қорынан   аңғарамыз.   Мәшһүр-Жүсіп   Көпеев

жинаған   қазақ   мақал-мәтелдері   тақырыптық   жағынан   болсын,   тәрбиелік,

өнегелік   жағынан   болсын   маңызды.   Осындай   ұлы   ғұламамыздың

қолжазбасынан алынған мақал-мәтелдер қазіргі таңда «Қазақ мақал-мәтелдері»

деген   атпен   шығатын   кітаптарда   жиі   кездеседі.   Бірақ,   өкінішке   орай   кейбір

материалдарда   Мәшһүр-Жүсіптен   алғаны   еш   көрсетілмей   келгенін   үлкен

қынжылыспен атап айтқымыз келеді.

Сайып келгенде, Мәшһүр-Жүсіп Көпеев жинаған қазақ мақал-мәтелдерінің

сөз   өнерінде   алатын   орны   ерекше.   Себебі   мақал-мәтел   –  бейнелі   сөз,

тапқырлық,   даналық   сөз.   Мақал-мәтел   –  көлемі   нұсқа,   тілі   ұста,   құрылысы

тұрақты   сөйлем.   Сондықтан  да   ол  жаттауға,   есте   сақтауға,   керекті   кезінде

қынаптан қылыш суырғандай жаңғыртуға, пайдалануға оңтайлы.

Мақал-мәтел   –  халықтың  көп  жылдың,  сан  ғасырлық  көрген-білгенінен,

бастан кешкенінен қорытқан ақыл-ойының жиынтығы, анықтамасы; табиғатта,

өмірде   үнемі   болып,   қайталап   тұратын   уақиғалармен,   құбылыстармен

байланысты туған тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні. 

Мақал-мәтелдер – әрбір халықтың көне де байырғы рухани қазынасы. Ол -

өз бастауын адам баласының тым ертедегі саналы қоғам құраған балаң  кезінен

алып,   ғасырлар   бойы   еленіп-екшеліп,   сұрыпталып,   толассыз   толығып   келе

жатқан жанды құбылыс, халық даналығының қорланып жиналған қоры, атадан

балаға, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып келе жатқан рухани мирасы.

Қорыта   айтқанда,   белгілі     қазақ   фольклортанушысы   Мәшһүр-Жүсіп

Көпейұлының мақал-мәтелдерін арнайы зерттеудің мәні өте зор. 

71


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1 Әуезов М. Әдебиет тарихы / М.Әуезов. – Алматы: Ана тілі, 1991. – 240 б. 

2 Тұрманжанов Ө. Қазақтың мақал-мәтелдері/ Ө. Тұрманжанов. –Алматы: Ана

тілі, 1992. – 218-220 б. 

3 Әлімбаев М. Өрнекті сөз – ортақ қазына / М. Әлімбаев. –Алматы: Ғылым,

1967. – 298-300 б.

4 Жуковский П. История слова / П. Жуковский. – Москва, 1914. – 578-580 б.

5 Гермеков Г. Пословицы и поговорки народов востока / Г. Гермеков. – Москва:

Педагогика, 1972. – 320 б. 

6 Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. – 5 том. – Павлодар: ЭКО ҒӨФ,

2005. – 408- 410 б.

7 Жүсіпов   Н.   ХХ   ғасырдың   бірінші   жартысындағы   қазақ   фольклортану

ғылымы. Монография / Н. Жүсіпов. – Павлодар: 2003. – 246 б.

8 Марғұлан Ә. Зерттеулер  / Ә. Марғұлан. – Алматы: Ана тілі, 1994. – 300 б.

9 Жүсіпов Қ. Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы / Қ. Жүсіпов. – Павлодар. 2008. – 166

б.

10 Қоңыратбаев Ә. Қазақ фольклорының тарихы / Ә. Қоңыратбаев. – Алматы:



Ана тілі, 1991. – 285-288 б.

11 Әуезов М. Шығармалары 17 том. / М.Әуезов. – Алматы: Жазушы, 1985. –

185-187 б.

12 Қайдар Ә. Халық даналығы / Ә. Қайдар. – Алматы: Тоғанай, 2004. – 560 б. 

13 Байжан-Ата   С.   Өткеннен   мұрағат   -   өркенге   ұлағат   /   С.   Байжан-Ата.   –

Алматы: Қазақстан, 1998. – 247-250 б. 

14 Төреқұл Н. Даланың ділмарлары / Н. Төреқұл. Алматы, Қазақстан, 2001. –

584-588 б.

15 Қазақ фольклористикасы. – Алматы: Ғылым, 1972, – 248-250 б.

16 Мырзалиев  Қ. Жаман  адамның жақсы көршісі болмайды / Қ. Мырзалиев.

Алматы: «Жазушы», 2001, – 257-260 б.

17 Көрұғлы   Х.   Пословицы   и   поговорки   персидского   языка   /   Х.   Көрұғлы.

Москва, 1973. – 228-230 б.

18 Әуезов М. Қазақ әдебиетінің тарихы / М. Әуезов. Алматы, 1960. – 390-394 б.

19 Ғабдуллин   М.   Қазақ   халқының   ауыз   әдебиеті   /   М.   Ғабдуллин.   –   Алматы,

1958. – 301-305 б.

20 Нұрышев   Н.   Қазақ   халық   мақалдарының   даму   тарихынан   /   Н.   Нұрышев.

Алматы, 1959. – 125-128 б.

72


21 .Адамбаев Б. Қазақ халық әдебиеті: мақал-мәтелдер / Б. Адамбаев. – Алматы:

Ғылым 1996. – 525-527 б.

22 . Әуезов М. Әдебиет туралы. О литературе / М. Әуезов. – Алматы: Санат,

1997. – 300-304 б.

23 . Қазақтың мақал-мәтелдері. – Алматы: Қазақстан, 2008. – 205-208 б.

24 Алтынсарин Ы. Шығармалар жинағы / Ы. Алтынсарин. – Алматы: Жазушы,

1994. – 362-365 б.

25 Құнанбаев   А.   Шығармалар   жинағы   /   А.   Құнанбаев.   –   Алматы:   Жазушы,

1994. – 397-400 б.

26 Әуезов М. Әдебиет тарихы / М. Әуезов. –  Алматы: Ана тілі 1991. – 237-240

б.

27 Нұрғали Р. Қазақтың 10000 мақалы / Р. Нұрғали. – Астана: Фолиант 2006. –



633 – 636 б.

28 Муслим, Таһара. –Тигеран, 1997. – 112-116 б.

29 Бухари, Иман. –Тигеран, 1997. – 57-59 б..

30 Кәшфул-хафа. –Тигеран, 1997. – 276 б

31 Әбу Абдуллаһ Мухаммед Кизаи, Муснәдуш-Шихаб.- – I т.–Бейрут, 1985. –

412 б,


32 Юсуф ән-Нәбәхани, әл-Фәтхул-кәбир фи заммиз-зиядә иләл-ж - миис-сағир.

– II т. –Бейрут. – 178 -181 б. (I-III том).

33 Бухари. Икраһ. 3. Муслим, Никаһ. . –Тигеран. – ,62-64.

34 Мұқанов М. Ақыл-ой өресі. – Алматы: Қазақстан, 1980.

35 Өмірәлиев Қ. XIX ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі. – Алматы: Ғылым,

1976. – 267-270бет

36 Тұрманжанов Ө. Қазақ мақал-мәтелдері. – Алматы, Жазушы. 1935. –275-277

б.

37 Ақмұқанова Б. Қазақтың мақал-мәтелдері. – Алматы, Жазушы. 1950  – 163-



165 б.

38 Әуезов М. Шығармалар жинағы. ХХ том. – 401 б.

39 Сейфуллин С. Шығармалар, IV том. Алматы, 1964, – 293-295 б.

40 Қазақ әдебиетінің тарихы. – Алматы, 1948. – 286-287 б

41 Абай. Қарасөздер. Поэмалар. – Алматы: Ел, 1993. 

42  Нұрышев С. Қазақтың халық мақалдарының даму тарихы. –Алматы, 1959.

43   Қайдар   Ә.   Қазақ   тілінің   өзекті   мәселелері:   Актуальные   вопросы

казахского языка. – Алматы: –Ана тілі, 1998. – 300-304 б.

44   Балақаев   М.   Қазақ   тіл   білімінің   мәселелері   /   Вопросы   казахского

языкознания. – Алматы: Арыс, 2008. – 588-592 б 

45 Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті.– Алматы: Мектеп, 1974.

– 320 б.


46   Әлімбаев М. Өрнекті сөз – ортақ қазына.– Алматы: Қазақстан, 1967.–

165-168 б.

47  Адамбаев Б. Халық даналағы.–Алматы: Рауан, 1996.– 158-160 б.

48   Абдуллина Б. Қазақ мақал-мәтелдерін құрылымдық тұрғыдан зерттеу

мәселелері // Қазақ тілі мен әдебиеті. –2004. – 47-59 б.

73


49   Сабыр А. Мақал-мәтелдер бойындағы сабақтастық // ҚазҰУ Хабаршысы.

Филология сериясы. – 2003. – 73-77 б.

50 .  Байтұрсынов   А.  Әдебиет   танытқыш  /   А.Байтұрсынов.   –   Алматы:   Алаш,

2003. – 405-407 б.



74


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет