Ақ Орда мемлекеті. (XIII ғ. соңы – xvғ. басы)



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата28.04.2023
өлшемі168,51 Kb.
#88186
  1   2   3


30. Ақ Орда мемлекеті. (XIII ғ. соңы – XVғ. басы). 
13-15 ғасырларда көптеген ұлыстар мен елдер тәуелсіз бола бастады. 
Солардың бірі Алтын Орда әлсірегеннен кейін құрылған мемлекет-Ақ 
орда мемлекеті. Оның шекарасы Жайық өзенінен Ертіске,, 
Батыс Сібір 
ойпатынан
 
Сырдың
 орта шеніне дейін созылып жатты. Мемлекеттің 
негізін Жошының үлкен баласы- Орда Ежен салған еді.Ақ Орданың 
астанасы - Сырдария өзенінің орта ағысы бойында 
орналасқан 
Сығанақ
 қаласы.Ресми тілі-қыпшақ болды.
Ақ Орданың халқы - 
қыпшақтар
, Алтайдан осында қоныс 
аударған 
наймандар

қоңыраттар

керейттер

үйсіндер

қарлұқтар
 Ақ Орда 
хандары - 
Орда-Ежен

Сартақ

Баян

Сасы Бұқа хан

Ерзен

Мүбәрәк Қожа 
хан

Шымтай хан

Ұрыс хан

Құйыршық хан

Барақ

Керей

Жәнібек
 және т.б. 
Күшейген кезі.
Ақ Орданың күшейген кезі XIV ғ. II жартысы. 
1361 жылы
 Ақ Орданың 
билеушісі болған 
Ұрыс хан
 өз жағдайын біраз күшейтіп, енді Алтын Орда 
тағын иемденуге күш салды. Сөйтіп, 1374-1375 жылдары 
Еділ
 бойымен 
жорыққа шыққан ол Сарайды өзіне қаратып, 
Хажы-Тарханды
 (
Астраханды

қоршауға алды. 
Кама
 
бұлғарларының
 жерін бағындырды. Бірақ Ұрыс 
ханның үстемдігі ұзаққа созылмай, келесі жылы ол Еділ бойынан кетіп, 
Алтын Ордадағы билікті 
Мамайға
беруге мәжбүр болды. 
1377 жылы
 Ұрыс 
хан қайтыс болды. Хан тағына ханның ұрпақтары ие болды.
Жаңа дәуір.
1423-1424 жылдары Ұрыс ханның немересі Барақ өзінің бақталастарын 
жеңіп шығып, Ақ Орда да хандықты өз қолына алды. Алайда, Ақ Орданың 
басты қаласы Сығанақ, Сырдың орта ағысындағы аудандар Темір әулетінің 
қолында еді. 
1425
-
1426 жылдары
 Барақ 
Ақсақ 
Темірдің
 немересі 
Ұлықбекке
қарсы жорыққа аттанып, Сығанақты және 
Сыр бойындағы басқа да қалаларды босатты. Жорықта жүріп Барақ қаза 
тапқаннан кейін Шығыс 
Дешті Қыпшақтың
билігі 
Шайбани әулетіне
 көшті. 
Барақ өлген соң олар Ақ Орданың елеулі бөлігін жаулап алды. Сөйтіп, 
1227 
жылы
 
Жошы
өліп, оның ұлысы екіге жіктелгенде пайда болған Ақ Орда екі 
ғасыр өмір сүрді.
Шаруашылығы: 
Ақ Орданың отырықшы аудандарында жерді шартты түрде иелену мен 
жеке меншіктің түрлері қалыптасты. 
Мал шаруашылығы
 да дамыды. Жер 
иеленушіліктің інжу, милк, сойырғал сияқты түрлері және 
тархандық
 сый 
тарту болған. Ақ Орданың еңбекші халқы хандар мен ақсүйектер 
пайдасына күпшір, 
зекет

тағар
 тәрізді салықтар төлеп тұрды. 
14. Жетісу және Тянь-Шандағы үйсіндердің этносаяси құрылымдары. 
Үйсіндер Жетісу мен Тянь-Шаньда, Қытайдың солтүстік-батыс өлкесінде, 
Шығыс Қазақстандағы Тарбағатай таулы бөктеріндегі далалы өңірлерде өз 
іздерін қалдырған. Бұлар қазақ халқының қалыптасуына негіз болған 
тайпалар қатарына жатады. 


Үйсін атауы Қытай жазбаларында біздің заманымыздан бұрынғы екінші 
ғасырдан бастап кездеседі. Олар «ат жақты, аққұбаша, сары шашты» болып 
бейнеленеді. 
Үйсіндердің шығыс шегі бір кездерде Қытайдың солтүстік-батысындағы 
Бесбалық ауданы арқылы батысында Шу және Талас өзендерінің бойымен 
өтіп, Қаратаудың шығыс беткейлеріне дейін созылып жатса керек. Ал 
солтүстікте шегара Балқаш көліне дейін жетті. Олардың ордасы Қызыл 
Аңғар (Чигучен не Чигу) қаласы Ыстықкөл мен Іле өзенінің оңтүстік 
жағалауы аралығында орналасты. Олардың басқа да көптеген қалалары, 
сауда орталықтары болған. Олар Шығыс Жетісу жеріндегі – Сүмбе, 
Лепсі, Батыс далалық аймақтарындағы – Суяб, Құлан, Ақтөбе және тағы 
басқа қалалар.
Біздің заманымыздан бұрынғы 138 жылы ғұндарға қарсы одақ құру 
жөнінде «Батыс өңірге» келген Қытай елшісі Чжан Цянь «Қазір үйсіндер 
күшті елге айналыпты, халқы 630 мың адам, әскері бір мың сегіз жүз сексен 
сегіз мың сегіз жүз жауынгерден құралған» деп жазады. Үйсін мемлекеті 
шығыс, батыс және орталық болып үшке бөлінген. 
Қытай деректерінде «Шығысында ғұндармен, батыс жағында қаңлы 
елімен шектеседі. Жері ұлан-байтақ, кең әрі жазық, жауын-шашыны көп. 
Ауа-райы суық. Тауларында қалың қарағай өседі» деп суреттейді. 
Үйсіндердің малдарының құрамында жылқыдан басқа қой және сиыр, қос 
өркеш түйе, есек, ешкі де болған. Үйсіндер жануарлардың терісін илеп, аяқ 
киім, тері шалбар мен атәбзелдерін дайындаған. 
8. Ерте темір дәуірі хронологиясы мен археологиялық мәдениет 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет