16
Эндоплазмалық тор түйіршікті (кедір-бұдыр)
және тегіс болып екіге
бөлінеді. Түйіршікті эндоплазмалық тор ұзынша келген каналдар мен
қуыстардан тұрады. Қуыстардың ені оның қызметтеріне қарай өзгермелі болып
келеді. Түйіршікті эндоплазмалық тор мембранасының цитоплазмаға қараған
бетінде тығыз түйіршіктері бар. Ол жерде рибонуклеопротеидтер орналасқан,
олар рибосомалар.
Эндоплазмалық тордың мембранасындағы рибосомалардың мөлшері ақуыз
биосинтезінің қарқындылығына тәуелді. Рибосомалар
ақуыз биосинтездеуіне
қатысады. Эндоплазмалық тордың мембранасы протеолиттік ферменттері
ақуыз биосинтезіне қатысады. Рибосомадағы синтезделген ақуыз молекуласы
эндоплазмалық тордың қуысына түсіп, ол
арқылы қажетті жерге
тасымалданады. Сондықтан ядроның мембранасы эндоплазмалық тордың бір
бөлігі болып есептеледі, оны 4-суреттен айқын көруге болады.
4-сурет. Эндоплазмалық тор, Гольджи жиынтығы және лизосоманың
байланысы
17
Тегіс
эндоплазмалық
тор
липидтердің
құрамындағы
көмірсу
молекулаларының синтезіне қатысады және оларды тасымалдайды.
Эндоплазмалық торды, жетілген эритроциттер
мен көк жасыл балдырлардан
басқа жануарлардың, өсімдіктердің және қарапайымдардың жасушаларынан
жақсы көруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: