А. Р. Рустенов, Н. Ж. Елеугалиева генетика практикумы


  І-Тарау. ТҰҚЫМ ҚУАЛАУДЫҢ ЦИТОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ



Pdf көрінісі
бет6/159
Дата23.10.2022
өлшемі4,96 Mb.
#45023
түріПрактикум
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   159
Байланысты:
Rystenov A.R., Eleygalieva N.J. Genetika praktikymy 2016 (1)

 


12 
І-Тарау. ТҰҚЫМ ҚУАЛАУДЫҢ ЦИТОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 
Жасушалық деңгейдегі тұқым қуалаушылықты және өзгергіштікті 
зерттейтін бөлімді цитогенетика деп атайды. 
Цитогенетикалық зерттеулердің объектісі жасушаның түрлі кезеңдеріндегі 
тіршіліктің құбылыстары, оның органоидтарының атқаратын қызметтері.
 
1.1. 
Тірі ағзалардың жасушаларының құрылысы
 
Жұмыстың мақсаты: Жануар мен өсімдік жасушасының құрылысын 
игеру және салыстырмалы түрде айырмашылықтарын анықтау
Қажетті құрал – жабдықтар: Микроскоп, дайын препараттар, 
оқулықтар, оқу құралдары, әдістемелік нұсқаулар. 
Жұмысқа қысқаша мағлұмат. 
Эукариот жасушалар құрылымында мыналар болады: ядро, цитоплазмалық 
мембрана, жасуша қабырғалары, плазмодесма, эндоплазмалық тор, вакуоль, 
Гольджи 
аппараты, 
лизосома, 
жасуша 
орталығы, 
митохондрия, 
полирибосомалар, хлоропластар, миофибрилдер жиырғыш жіпшелер (1-сурет)  
1 сурет. Жануар жасушасы мен өсімдік жасушасы құрылысының 
салыстырмалы сипаттамасы 


13 
Цитоплазма – қоймалжың зат. Онда жасуша тіршілігіне маңызды 
органоидтар орналасқан. Оның сыртқы жағында - плазмалық мембрана 
орналасқан.
Ядро – маңызды органоид, онда хромосомалар ішінде ДНҚ орналасқан. 
ДНҚ – тұқымқуалашылық ақпаратты сақтайды, онда орналасқан гендер 
ақуыздарды синтездеуге қатысады, жасушаның бөлінуінде ұрпақтаға беріліп
отырады. 
Митохондрия – құрамында өзінің ДНҚ болады, сыртында екі қабаттан 
тұратын мембраналы қабықшасы бар. Ішкі жағында кристер орналасқан, олар 
энергия алмасуға қатысады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет