А. Р. Рустенов, Н. Ж. Елеугалиева генетика практикумы



Pdf көрінісі
бет66/159
Дата23.10.2022
өлшемі4,96 Mb.
#45023
түріПрактикум
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   159
Байланысты:
Rystenov A.R., Eleygalieva N.J. Genetika praktikymy 2016 (1)

Есеп 3.26. Бір тіркестік топта орналасқан А және В гендерінің 
арақашықтығы 4,6 кросинговер бірлігіне тең генотипі бар дараның қандай типті 
гаметалар түзетіндігін және олардың қандай проценттік қатынаста болатынын 
анықтаңдар. 
Есеп 3.27. А және В гендерінің арақашықтығы қандай болады, егер осы 
гендер бойынша дигетерозиготалы дараны рецессивті гомозиготамен 
будандастырғанда алынатын рекомбинаттардың мөлшері 6,4 % болса? 
Есеп 3.28. М және N гендері бойынша дигетерозиготалы аналық 
дрозофила рецессивті аталықпен будандастырылған. Алынған ұрпақтағы 
ажыраудың ара қатынасы: 25% MmNn, 25% mmNn, 25% mmnn. Осы 
көрсетілген гендер еркін комбинациялана ма немесе тіркес тұқым қуалай ма?


94 
3.3 Хромосома картасын құрастыру 
Жұмыстың мақсаты: Хромосома картасын құрастыруды игерту
есептерді шешу арқылы генетикадан білімін тереңдету.
Көптеген зерттеулердің нәтижесінде лямбда- фагының, ішек 
таяқшасының, адамның және тағы да біреулердің генетикалық қарталары 
құрастырылды (42 сурет). 
Хромосомадағы тіркес гендердің орналасу сызба нұсқасын құрастыру.
Оны құрастыру үшін жұп гендердің өзара арақашықтықтарын есептеп алады, 
содан соң осы гендердің бір-бірінен алшақтығын анықтайды. 
Мысалға, үш ген келесі тәртіппен орналақан: А В С, онда А және С
гендерінің арақашықтығы, АВ және ВС (рекомбинациялық пайызға) 
арақашықтығының қосындысына тең болады. Егер гендердің орналасулары: А 
С В болған жағдайда, онда А және С гендерінің арақашықтықтары АВ және СВ 
жұп гендерінің арақашықтықтарының айырмашылғына тең болады. 
 
42 сурет. Лямбда- фагының ықшамдатылған генетикалық картасы 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет