93
Есеп 3.24. Жүгері дәнінде боялған эндосперм мен тегіс алейронды
доминатты гендер С және S, ал боялмаған эндосперм қатпарлы алейронды
олардың рецестивті аллельдері с пен s бақылайды. Бұл гендер бір жұп
гомологты хромосомаларда орналасқан, яғни олар бір-бірімен тіркескен.
Сондықтан көрсетілген гендердің сәйкестенуінің нәтижесінде гаметалардың
саны бірдей болып түзілмейді- кроссоверлі емес гаметалар кроссоверлілерге
қарағанда едәуір көп болады. С және S гендерінің ара қашықтығы 3,6
кроссинговер бірлігіне тең екендігі анықталған. Мынандай генотиптері бар
өсімдіктерде түзілетін гаметалардың типтері және олардың проценттік
қатынасы қандай болады
а) _CS_ б) _Cs_
cs cS
Есеп 3.25. Бір жұп гомологты хромосомалардың бір сыңарында А және в,
ал екіншісі сыңарында а және В гендері бар өсімдік кроссинговерлі және
кроссинговерлі емес гаметалардың қандай типтерін түзе алады.
Генотипінің құрылымы мына төмендегідей болып келетін екі түрлі ағзада
түзілетін гаметалардың сан жағынан қандай айырмашылықтары болады:
а ) __А_
ә) _В_ б) __АВ_
а в аb
Достарыңызбен бөлісу: