А. Райымбергенов С. Райымбергенова Ұ. Байбосынова



Pdf көрінісі
бет2/6
Дата15.02.2017
өлшемі2,06 Mb.
#4161
1   2   3   4   5   6

Біліп ал! 
 
 
Қазақтар 
қобыз 
аспабын  
қастерлi, 
киелi 
санаған. 
Бақсылар  адамдарды  емдеген 
кезде 
қобыз 
аспабын 
пайдаланған.  Оның  сиқырлы 
үніне 
сенген. 
Шанағының 
ішінде  айнасы  бар,  темір 
салпыншақтары  бар,  ысқышы 
садақ 
сияқты 
иілген. 
 
Жер 
бетінде  күйдің  пайда  болуын  да  кобыз 
аспабымен байланыстрады.  
 
 
    Жаңа 
заманға  лайық  көне  кыл 
қобыздың  негізінде  жаңа  сым  қобыз 
жасалды.  Қазақтың  қобызы  екі  ішекті 
болып қылдан жасалған. Ал жаңа қобыз 

төрт  ішекті    болып,  қылдың  орнына  сым  ішектер 
тағылды.  Нәтижесінде  қобыз  аспабының  тембрі 
өзгерді.  Жаңа  қобыздың  дыбысы  мәнерлі  де  сазды 
адам дауысына пара-пар келді.  
 
 
Ойлан да айт! 
Не себепті «Жез киік» аңызын көне аңыз деп есептейміз? 
 
Сұрактар:  
-
 
Жаппас неше жасынан домбыра тартып үйренеді? 
-
 
Қобыз күйлерін Жаппас кімнен үйренеді? 
-
 
Жаппас кімдердің күйлерін сақтап жеткізген? 
-
 
Жаппас Қаламбаевтың шәкірттерін ата? 
-
 
Не себепті аңшының атқан оғы дарымайтын болады?  
-
 
Қай аспаптың үні саған көбірек ұнады? Қыл қобызба 
әлде сым қобыз ба?  
 
Тапсырма:  
1.
 
Қара  қобызды  сарнатқан  –  Жаппас  Қаламбаев 
жайлы оқып кел. 
2.
 
Домбырадан Жаяу Мұса «Ақ сиса» әнінің үйренген 
буынын қайтала. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ӘНІН КӨККЕ ҚАЛЫҚТАТҚАН – 
 ҒАРИФОЛЛА ҚҰРМАНҒАЛИЕВ 
 
 
 
 
 
Атақты  әнші  Ғарифолла  Құрманғалиев 
XX–ғасырдың  басында  Орал  облысы  Қаратөбе 
ауданында дүниеге келген. Ғарифолланың туып өскен 
ортасы  Батыс  өңіріндегі  әншілік  пен  күйшілік 
дәстүрдің  туын  тіккен  киелі  мекен.  Ғарифолла    он 
жасынан  бастап  домбыра  тартып,  ән  салады.  
Мұхиттың атақты шәкірттері Шыңтас пен Шайхының 
соңына  еріп,  Мұхиттың  көптеген  әндерін  үйренеді. 

Ғарифолла  Мұхит  әндерін  жете  меңгеріп,  әншілік 
атағы  кеңінен  жайылады.  Есейе  келе  Ғарифолла 
Алматыға  келіп  музыка  театрына  әнші  болып 
қызметке  қабылданады.  Ғарифолла  “Қыз  Жібек”,  “Ер 
Тарғын”,  “Біржан-Сара”  сынды  көптеген  операларда 
жиырмадан астам роль ойнайды.  
 
Ұлы  ұстаздардан  тәлім  алған  Ғарифолла 
Құрманғалиев  өзі  де  соңына  көптеген  шәкірттер 
тәрбиелейді.  Ғарифолланың  шәкірттері  бүгінде  елге 
танымал  Әскербек  Еңкебаев,  Қажыбек  Бекбосынов, 
Қапаш  Құлышева,  Сауле  Жанпейісова  сынды  ұстаз 
орындаушылар. 
 
 
Әннің әңгіме желісіне құлақ түрелік: 
 
 
 

 
Мұхит  әндерін  ел  арасына  таратуға  маңызды 
үлес  қосқан  Ғарифолла  Құрманғалиев  еді.  Мұхиттың 
“Үлкен айдай” әнінің шығуы жайлы Ғарифолла былай 
деп  әңгімелейді:  “Атақты  әнші-композитор    Мұхит  
сол  өңірге атағы  шыққан  ақын  Бала  Ораз  туралы  көп 
естиді.  Оның  шығармаларын  тыңдап  өзін  көруге 
құмартып  жүреді.  Мұхитты  Бала  Ораздың  ауылы 
үлкен сый-құрметпен қарсы алады.  
 
Мұхит ұзақ уақыт Бала Оразға еріп жүріп оның 
айтқан әңгімелерін тыңдап, өлеңін жаттайды. Ол Бала 
Ораздың шығарған айтыстары мен көптеген өлеңдерін 
әнге  қосып  айтып  жүреді.  Мұхиттың  Бала  Оразбен 
қоштасар сәті де келеді.  
 
Сонда  Мұхит:  “Ораз  аға,  мен  сіздің  үлкен 
ағалық  құрметіңізге  ризашылығымды  білдіріп,  үлкен 
өнеріңізге  тәнті  болып,  сізге  арнап  бір  ән  шығарып 
едім.  Сол  әннің  атын  “Үлкен  Ораз”  қойдым”,  -  деп 
өзінің  Бала  Оразға  арнаған  әнін  айтып  береді.  Сонда 
әнді тыңдап бола берген Бала Ораз: “Қарағым, Мұхит, 
рахмет. Мені жастайымнан ел еркелетіп Бала Ораз деп 
атап  кетіп  еді.  Ал  өзің  болсаң  менің  өнерімді  “Үлкен 
айдай”  деп  халыққа  таратып  жүресің”,  -  деп  батасын 
беріп  шығарып  салады.  Содан  бастап  бұл  ән  ел 
арасында “Үлкен Ораз”  немесе “Үлкен айдай” болып 
таралып кетеді”. 
 
Ән тыңдау!  
 
 
Мұхиттің  әндері  диапозоны  кең,  әншіден  үлкен 
орындаушылық  шеберлікті  талап  етеді.  Мұхит  әндері 
Европаның  ариялары  сынды,  көп  дайындықты  қажет 
ететін  күрделі  шығармалар  қатарында.  Сол  себепті 
Е.Брусиловский  Мұхит  әндерін  қазақтың  тұңғыш 

операсы  «Қыз  Жібекте»  молынан  пайдаланған. 
Осындай  Мұхиттың  күрделі  әндерін  терең  меңгерген 
Ғарифолла 
Құрманғалиевтің 
«Қыз 
Жібек» 
операсындағы  Шегенің  ариясын  және  Мұхиттың 
«Үлкен айдай» әніне  құлақ түрелік.    
 
 
 
Біліп ал! 
 
 
 
Үлкен 
жәрменкелер 
мен 
той-думандарға 
қатысып ән салып, атағы елге ерте тарап кеткен дүлділ 
әнші  Мералыұлы  Мұхит.  Мұхит  ХІХ  ғасырда  қазіргі 
Орал  облысы  Қаратөбе  ауданында  дүниеге  келген. 
Мұхиттың  кең  ауқымды,  күрделі  де  асқақ  әндерінің 
дүниеге  келуі,  сол  кездегі  Бөкей  ордасында 
қалыптасқан  дауылды  күйшілік  дәстүрдің  әсері  екені 
сөзсіз. 
Мұхиттің 
«Паң 
көйлек», 
«Зәуреш», 
«Айнамкөз» сынды көптеген әндері елге танымал.   
 
Сұрақтар: 
  
-
 
Ғарифолла  неше жасынан бастап домбыра тартып, ән 
салады? 

-
 
Ғарифолланың ұстаздары кім? 
-
 
Ғарифолланың шәкірттерін ата? 
-
 
Мұхит кімнен бата алады? 
-
 
Не себепті Мұхиттың әні «Үлкен айдай» болып аталып 
кетеді? 
 
Тапсырма:   
 
1.
 
Әнін көкке қалықтатқан - Ғарифолла Құрманғалиев 
жайлы оқып кел. 
2.
 
Домбырадан Жаяу Мұса «Ақ сиса» әнінің үйренген буынын 
қайтала. 
 
 
 
КҮЙ АҢЫЗЫН АРДАҚТАЙ ЖЕТКІЗГЕН  - 
КҮЙШІ  
ДӘУЛЕТ МЫҚТЫБАЕВ 
 
 
 
 

 
 Атақты  күйші  Дәулет  Мықтыбаев    сонау  көне 
ғасырлардан 
жеткен 
қазақтың 
қобызшылық 
дәстүрін  жалғастырушы.  Ол  XX    ғасырдың  басында  
Ақмола  облысында    дүниеге  келген.  Оған  алғаш 
ұстаздық  еткен  Ықыластың  баласы  Түсіпбек  болды. 
Дәулет 
Мықтыбаев 
Түсіпбектен 
Ықыластың, 
Қорқыттың және халық күйлерін үйренеді. Ол қобыз 
күйлерін ескіліктің дәстүрімен аңыз әңгімесен баяндай 
отыра  орындайтын.  Әсіресе,  Қорқыттың  «Қоңыр» 
және  Ықыластың  «Аққу»,  «Шыңырау»  сынды 
күйлерін  алдымен  аңызын  әңгімелей  отырып  асқан 
шеберлікпен жеткізе білді.   
        Бертін  келе  Дәулет  Мықтыбаев  Құрманғазы 
атындағы  Алматы    консерваториясында  қобыздан 
сабақ  беріп,  көптеген  шәкірттер  дайындады.  Дәулет 
Мықтыбаевтың  шәкірттері  елге  танымал  Қуаныш 
Әжмұратов,  Базархан  Қосбасаров  және  Әбдіманап 
Жұмабековтер  бұл  күнде  шәкірт  тәрбиелеп  жүрген 
ұстаз орындаушылар.   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Күйдің әңгіме желісіне құлақ түрелік! 
 
 
        Ықыластың  «Шыңырау»  күйі  туралы  Дәулет 
ақсақал  былай  деп  әңгімелейді:  «Ықылас  өзінің  бір 
сапарында  өзен  жағасында  өсіп  тұрған  бір    ағаштың 
түбіне  келіп  аялдайды.  Бір  кезде  Ықылас  шырылдап 
жалынышты  ұшқан  құсты  көреді.  Көзін  салып  қараса 
ағаш  бұтағында  құстың  салған  ұясы  тұр  екен.  Ұяның 
ішінен  балапандарының  басы  көрінеді.  «Бұлар  неге 
сонша  шырылдайды?»  -  деп  назар  салса,  ұяға  қарай 
өрмелеп келе жатқан жыланды көреді. Ал анасы болса 
балапандарын  қорғаштап,  жыланға  айбат  шегіп 
айналшықтап  ұшып  жүреді.  Балапандары  мен  анасын 

аяп  кеткен    Ықылас  дереу  қамшысын  суырып  алып 
жыланды  ұрып  жерге  түсіреді.  Құс  қуанып  ұясына 
қайта  оралып,  балапандарымен  қауышады.  Сонда 
Ықылас:  «Құс  та  болса  өз  балапандарын  қорғап 
жыланның  аузына  түсуге  даяр  болды.  Аналық  сезім 
деген  осы  екен-ау»,  -  деп  қобызын  қолына  альп,  осы 
оқиғаға  арнап  бір  күй  тартады.  Бұл  күй  ел  арасына 
«Шыңырау» деген атпен таралып кетеді.  
 
Күй тыңдау! 
 
Ықыластың  «Шыңырау»  күйі  бүл  күнде 
көптеген  орындаушылар  орындап  ке  леді.  Бүгінгі 
таңда  «Шыңырау»  күйі  қобыз  күйлерінің  ішінде  ең 
танымал күйлердің бірі. Бұл күйді Дәулет Мықтыбаев 
пен қобыз күйлерінің дәстүрін жалғастырушы Сматай 
Үмбетбаевтың орындауында тыңдап көрелік! 
 
Ойлан да айт! 
 
Қалай  ойлайсың  Дәулет  Мықтыбаевтың  қобыз 
күйлерін орындаудағы ерекшелігі неде? 
 
Біліп ал! 
 
Ықылас Дүкенұлы 1843-1916 
жж. Қарағанды облысы, 
Жаңаарқа Ауданында дүниеге 
келген. Ықылас 
тың атасы Алтынбек қобыз, 
домбыра жасаған, ал әкесі 
Дүкен асқан күйші қобызшы 
болған. Ықылас 7-8  

жасынан бастап әкесінен қобыз үйренеді. 15 
жасынан бастап елге таныла бастайды. Ықылас 
атақты 
Жанақ пен Шөже ақыннның батасын алады. 
Ықыластың ұлы Түсіпбек те қобызшы болады. Ал 
Түсіпбек әкесінің күйлерін Дәулет Мықтыбаев 
пен Сүгірге үйретіп ізіне шәкірттер қалдырған 
екен. Ықыластың «Жез киік», «Шыңырау», 
«Ерден» сынды көптеген күйлері бар.  
  
     
 
Сұрақтар: 
 
-
 
Дәулет Мықтыбаевтың ұстазы кім? 
-
 
Дәулет Мықтыбаевтың шәкірттерін ата? 
-    Дәулет Мықтыбаев Ықыластың  «Шыңырау» күйі жайлы не 
деп әңгімеледі? 
 
Тапсырма:  
 
1.
 
Күй  аңызын  ардақтай  жеткізген  -  күйші  Дәулет 
Мықтыбаев жайлы оқып кел. 
2.
 
Домбырадан Жаяу Мұса «Ақ сиса» әнінің үйренген буынын 
қайтала. 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
ҰСТАЗДЫ ҰЛЫ ТҰТҚАН  – КҮЙШІ 
ТӨЛЕГЕН МОМБЕКОВ 
 
 
 
 
 
Атақты  күйші  Төлеген  Момбеков  XX  ғасырдың 
басында  Шымкент облысы Созақ ауданында  дүниеге 
келген.    Төлеген  домбыраны  жастайынан  тартқан. 
Домбыралық  өнер  Төлегенге  арғы  аталарынан 

дарыған. Атасы Назар шешен әрі жырау болған. Әкесі 
Момбек  домбыра  тартып,  ән  салған.  Төлегенге 
ұстаздық еткен атақты күйші – Бапыш. Ал кейін келе 
Төлеген  күйші  композитор  Сүгірдің  өзіне  шәкірт 
болады. Сүгірдің көптеген «Тел қоңыр», «Шалқыма», 
«Жолаушының  жолды  қоңыры»  тағы  басқа  күйлерін 
үйреніп,  ел  арасына  танымал  етіп  таралуына  бірдер 
бір ықпал етеді.  
 
Ол ұстазының жолын қуып өз жанынан көптеген 
күйлер  шығарады.  Әсіресе,  халыққа  аса  танымал 
«Қосбасар», «Салтанат», «Боз інгеннің бүлкілі», «Мың 
жылқы» сынды күйлерін ерекше атауға болады.  
 
Төлеген  Момбековтің  орындау  дәстүрінен  үлгі 
алған  бүгінде  елге  танымал  Біләл  Ысқақов,  Рүстем 
Күлшебаев, 
Жанғали 
Жүзбаев 
сынды 
күйші 
ұстаздарды  атаймыз.  Сөйтіп,  Қаратау  өңіріндегі 
шертпе  күй  дәстүрі  бүгінгі  күнде  өз  жалғастығын 
табуда.   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Күйдің әңгіме желісіне құлақ түрелік! 
 
 
 
 
Төлеген  әсіресе  Сүгір  күйлерін  орындаудағы 
шеберлігі  зор  күйшілердің  бірі  болды.  Сүгірдің  “Бес 
жорға”  күйі  туралы  Төлеген  ақсақал  былай  деп 
әңгімелейді:  -  Сүгір  күйші  атанып  ел-жұртқа  таныла 
бастаған  кезде  әкесі  Әли    шақыртып  алып:  “ 
Шырағым,    Сүгір,  сен  қолыңа  домбыра  алып  күй 
тартып жүрген болсаң,  алдымен  Мафруза  атты  күйші 
қызбен күй тартысып көр. Егер күй тартысып жеңетін 
болсаң,  ел  сені  нағыз  күйші  деп  танитын  болады”,  - 
дейді.  Ауылдан  төрт  домбырашы  жігіт  бір-бір  жорға 
мініп  Мафруза    қыздың  ауылына  аттанады.  Сүгір  де 

тор жорғасын мініп оларға ілесіп кетеді. Мафрузаның 
ақ    боз  үйіне  жақындай  бергенде    алдарынан  бір  топ 
жігіттер  қарсы  алады.  Мафруза  үйіне  келе  бір  топ 
жігіттерді  қарсы  алып  оларға:  “Қане  жігіттер 
қолдарыңа  домбыра  ұстап  келген  екенсіңдер.  Ендеше 
сол    домбыраларыңды    қолдарыңа  алып  күй  тартып 
ермек етерсіңдер”, - дейді.  Жігіттер бірінен кейін бірі 
күйлерін орындайды.  
 
Сонда  Сүгір:  “Бұл  жігіттер  білетін  күйлерін 
тартты  ғой.  Олай  болса  мен  жаңадан  жанымнан 
шығарып  күй  тартайын.  Осы  ауылға  келе  жатқанда, 
бес  жорғаның  жүрісіне  арнап  шығарған  күйім  еді”,  - 
деп  ол  “Бес  жорға”  атты  күйін  тартады.  Сонда 
Сүгірдің  домбырашылығына  таңданған  тыңдаушылар 
“Бұл кім? Бұл кім?”  – деп бір-біріне қарасып қалады.  
Күй  аяқталғанда,    Мафруза  қыз:  “Осы  сіз  атақты 
күйші  Сүрірдің  өзі  емессіз  бе?    Онда  мен  сізбен  күй 
тартысайын”,- деп,  қолына домбырасын алады.  Осы 
жерде  күй  тартысы  басталып  кетеді.  Екі  күйші  бір-
бірін жеңе алмайды. Бір мезгілде Мафруза қыз: “Сүгір 
аға!  Күйшілігіңізге  бас  идім,  қадірлі  қонағым 
болыңыз”  -  деп  өзінің  жеңілгендігін  мойындап,  біраз 
күн  қонақ  етіп,  астына  ат,  үстіне  шапан  жауып 
қайтарған екен. 
 
Күй тыңдау! 
 
Сүгірдің «Бес жорға» күйіне мән беріп тыңдасақ, 
бес  жігіттің  астына  мінген  жорғаларының  жүрісін 
анық  байқауға  болады.  Күй  тартысқа  арнайы  келе 
жатқан бес жігіттің көңіл-күйінің толқынысын, жүрек 
толғанысын  да  сезгендей  әсер  қалдырады.  Бұл  күйді 
Төлеген  Момбековтың  және  бүгінгі  күнде  Сүгірдің 

күйшілік 
дәстүрін 
жалғастырушы 
Жанғали 
Жүзбаевтың орындауында тыңдап көрелік! 
 
Біліп ал! 
 
 
Сүгір 
Әлиұлы 
(1982-1961жж) 
Шымкент    облысының  Созақ 
ауданында  дүниеге    келген. 
Сүгірдің әкесі Әли баласын  
жастайынан 
домбырашылыққа 
баулиды. 
 
15 
жасында              
«домбырашы 
Сүгір» 
атанады. 
Сүгір  Ықыласқа  шәкірт  болып 
оның  қобызда  ойнаған  күйлерін 
домбыраға 
 салып  орындайды.  Әсіресе,  Ықыластың    «Аққу», 
«Ерден»,  «Қоңыр»  сынды  күйлерін  домбыраға  салып 
шебер  
орындайды. Сүгір ең алғаш қобыз күйлерінің сарынын 
домбыраға лайықтап және шертпе күймен төкпе күйді 
біріктіре отырып жаңаша бағытта өз ерекшелігіне тән 
ғажайып  күйлерін  қалдырған  ұлы  ұстаз.    Сүгірдің 
«Телқоңыр»,  «Шалқыма»,    «Ыңғайтөк»  сынды 
көптеген күйлері бар.      
 
Сұрақтар: 
 
-
 
Домбырашылық өнер кімнен дарыған? 
-
 
Төлегенннің ұстаздары кім? 
-
 
Ол кімнің күйлерін шебер орындаған? 
-
 
Сүгір кіммен күй тартысады? 
-
 
Сүгірге әкесі қандай талап қояды?  

-
 
Не себепті күй «Бес жорға» атанады? 
 
    Тапсырма
 
1.
 
Ұстазды  ұлы  тұтқан    –  күйші  Төлеген  Момбеков 
жайлы оқып кел. 
2.
 
Домбырадан Жаяу Мұса «Ақ сиса» әнін жатқа орында. 
 
 
ӨЗ БІЛІМІҢДІ ТЕКСЕР! 
 
1.
 
Қазақтың күйшілік және әншілік дәстүрі кімдер 
арқылы сақталып жетті? 
2.
 
Арқа өңірінің әншілік дәстүрін жалғастырушыларды 
ата? 
3.
 
Қобыз күйлерін орындап жеткізушілер кімдер? 
4.
 
Қаратау өңірінің дәстүрлі ерекшелігі неде? 
5.
 
Батыс өңіріндегі әншілік және күйшілік дәстүрін 
жалғастырушылар айтып бер? 
6.
 
Ұстаз бен шәкірт дегенді қалай түсінесің? 
7.
 
 Жүсіпбектің қандай шәкірттерін білесің? 
8.
 
 Қазіргі дәстүрлі орындаушылардан кімдерді білесің? 
9.
 
 Құрманғазы «Адай» күйін кімге арнады? 
10.
 
 Не себепті Мұса жаяу атанды? 
11.
 
«Қарқаралы» әнін кім шығарды? 
12.
 
 Жез киікке неге оқ дарымайды? 
13.
 
 Мұхит кімнен бата алады? 
14.
 
 Дәстүрлі әндер мен күйлер қазіргі уақытта қалай 
жалғасуда? 
15.
 
 Өзіңе ұнаған қандай әндер мен күйлерді ерекше атай 
аласың? 

16.
 
 Саған әндер мен күйлер қандай орындауда 
көбірек ұнады? Дәстүрлі орындауда ма әлде 
эстрадалық аранжировкада ма?  
II ТОҚСАН 
 
ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ КӨНЕ 
МУЗЫКАЛЫҚ АСПАПТАРЫ  
 
КӨНЕДЕН ЖЕТКЕН АСПАП  
 
 
                  
 
 
    Қазақ          Түркмен        Әзірбайжан       Қырғыз 
   домбыра       дутар              саз 
 
     қыяқ 
 
     

 
Халқымыздың  ежелден  жеткен  тұрмыс-салт-
жырлары  мен  әдет-ғұрыптары,  аңыз-ертегілері  мен 
музыкалық өнері түбі бір туыстас түркі халықтарының 
дәстүр-салтымен  бір  арнада  астасып  жатыр.  Әсіресе, 
айқын  айғақ  бола  алатын  ескінің  ескерткішіндей 
сақталып жеткен көне музыкалық аспаптары.  
Қазақ  халқының  ең  сүйікті  музыкалық  аспабы 
домбыра  болып  саналады.  Ал,  қырғыз  халқы  қомуз 
аспабын өздерінің ежелгі тарихынан сыр шерткен аса 
қадірлі аспап деп есептейді. Түркмендер болса өздерін 
дутар  аспабынсыз  тіпті  елестете  де  алмайды. 
Азербайжанда  ел  арасына  кеңінен  таралған  аспап  – 
саз. 
Бұл  музыкалық  аспаптарға  қарап  отырып 
олардың  көптеген  ортақ  тұстарын  айқын  аңғара 
аламыз.  Аспаптардың  ұзына  бойы  жатқан  мойны, 
домаланған  шанағы,  қаз-қатар  орналасқан  құлақтары, 
тіпті  тағылған  ішектерінен  олардың  бір-бірімен 
ағайын-бауырдай туыстасып жатқандығын көреміз.   
      
Домбыра мен дутар аспабы екі ішекті. Ду-тар – 
түркмендерде  екі-ішек  деген  ұғымды  білдіреді.  Ал, 
қырғыздың 
қомузы 
мен 
әзербайжанның 
саз 
аспаптарының  ішек  саны  үшеу  болып  келеді.  Қазақ 
халқында  да  көне  замандардан  жеткен  үш  ішекті 
домбыралар сақталған.    
 
Музыкалық  аспаптардың  мұндай  туыстығының 
себебін  білу  үшін  көне  тарихқа  үңіліп  көрелік! 
Бірнеше  замандар  бұрын  яғни    V-VIII  ғасырларда 
Орталық Азия аймағында Түркі қағанаты мемлекеттік 
құрады.  Бұл мемлекет алып аймаққа құлашын жайып 
жатады. Таулы Алтайдан Каспий теңізінің аралығында 
мемлекетік  құрған  түркі  тайпалары  ту  көтеріп 
мәдениеті  мен  сан-салалы  өнерін  үлкен  қарқынмен 

дамытады.  Түркі  қағанатының  қол  астына  біріккен  
түркі  тайпалары  Көк  Тәңірге  сиынады.  Иә,  тілі  мен 
діні  ортақтасқан  халықтардың  музыкалық  дәстүрі  де 
туыстасып кете барады.    
    
 
 
  
 
 
  
  
 
Онан бергі заманда мың жарым жыл өтеді. Түркі 
қағанаты ыдырайды.   Ал бұл мемлекеттің қол астына 
біріккен  түркі  тайпалары:  қазақтар,  якут-саха,  алтай, 
тыва,  қырғыз,  өзбек,  әзірбайжан,  башқұрт,  хакас 
халықтары    әр  қайсысы  бір-бір  дербес  мемлекетке 
айналады.  Бірақ  бұл  халықтар  өздеріне  ортақ  болған 
тілі мен наным-сенімін, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін,  
өнері мен мәдениетін сақтап қалады. Әрбір халықтың 
көненің көзіндей сақтап жеткізген дәстүрлі өнері ұлы 
мәдениеттің  мәңгілік  ұмытылмас  ескерткішіндей 
ұрпақтан ұрпаққа жалғасары сөзсіз!  
  
Күй тыңдау
!   
Нұрақ Абдрахманұлының орындауында қырғыздың 
халық күйі «Қаразгөй»  
(қомыз аспабында). 

 
 Біліп ал! 
Домбыра  аспабының  пайда  болуының  тарихы 
тереңде  жатыр.  Ежелгі  Хорезм  қаласының  қазба 
жұмыстарын  жүргізген  археолог  ғалымдар  қыштан 
жасалған  музыканттардың  мүсінін  табады.  Ол 
мүсіндер  екі  ішекті  шертпелі  аспапта  ойнап  отырған 
музыканттардың  мүсіні  болатын.    Ғалымдар  бұл 
мүсіндерді 
ежелгі 
сақ 
заманындағы 
көшпелі 
тайпалардың 
арасында 
сақталған 
екі 
ішекті 
музыкалық  аспап  деп  тұжырымдайды.  Екі  мың  жыл 
болған  бұл  екі  ішекті  аспап  қазақтың  бүгінгі  күндегі 
домбыра аспабының ең көне түрі болып табылады.   
Сұрақтар:  
-
 
Домбыра тектес аспаптарды ата? 
-
 
Не себепті бұл аспаптарды туыстас деп атаймыз? 
-
 
Түркі тілдес халықтардың музыкалық дәстүрі қай 
заманнан бастау алады? 
-
 
Түркі тайпаларына жататын халықтарды айтып бер? 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет