Өлең құрау үшін ең басты ұйқас сөздер болуы шарт. Мысалы, ғашық сөзін алайық.
Ғашық сөзіне ұйқас сөздерді кесте бойынша іздейміз. Бір шумақ өлең төрт жолдан
тұратындықтан, төрт сөзді іріктеп аламыз. Олар: ғашық, лашық, ашық, қашық.
Бес буындық өлең құрау үшін әрбір сөздің мағынасына сай үш буынды сөз тіркесін
табамыз.
Қане, жас ақыным, өлең құрап көрелік!
Бос тордың ішіне сөз тіркесін тауып жазалық!
Көңілі
Ауызы
Лашық
Ашық
Далада
Тұрған үй
12
Ұйқас сөздердің сөз тіркесін табу арқылы бес буынды өлең құрай алдық.
Көңiлiм ашық,
Тұрған үй лашық,
Қаладан қашық,
Сонда да ғашық
Немесе:
Ауызы ашық
Далада лашық,
Ауылдан қашық,
Қыздарға ғашық
Сен білесің бе?
Бiр қатар өлең жолын – тармақ деп атаймыз.
Мысалы: “Деп едің айтысайын меніменен”
Төрт немесе онан да көп тармақтан құралған өлең жолдарын – шумақ деп атаймыз.
Мысалы: “ Деп едің айтысайын меніменен.
Келмейді менің хошым сеніменен.
Келгенде менің хошым сеніменен,
Кетермін қағып-соғып жеңімменен”.
Тармақ айтылу ырғағына қарай бірнеше бунақтарға бөлінеді.
Сөздің құрамында қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады.
Мысалы: Деп е-дің ай-ты-сай-ын ме-ні-ме-нен
Ғашық
Қыздарға
Сонда да
Бес буынды өлең құрау үшін әрбір сөздің мағынасына сай үш
буынды сөз тіркесін табамыз.
Деп едің
меніменен
айтысайын
13
Сұрақтар:
1.
Өлеңнің қандай түрлері бар?
2.
Өлең құрау үшін қандай сөздерді тауып алу қажет?
3.
Ұйқас сөздерден бес буындық өлеңді қалай құраймыз?
Тапсырма:
1.
Домбырадан айтыс әуенін қайтала.
2.
Жаңа тақырыпты қайталап бес буынды өлең құрап кел.
Еске түсірейік?
Қайталау сұрақтары:
1. Айтыс дегеніміз не?
2. Ақындар өз туындыларын қандай аспаптармен орындаған?
3. Ақындардың жеңімпазын кімдер анықтаған?
4. Қайым айтыс дегеніміз не?
5. Қайым айтыстың ерекшелігі неде?
6. Қайым айтыспен кімдер айтысқан?
7. Түре айтыс дегеніміз не?
8. Сүре айтыспен кімдер айтысқан?
9. Өтірік өлең мазмұны қандай сөздерден құралады?
10. Өтірік өлеңнің ең көлемді түрін ата?
11. Жұмбақ айтыс дегеніміз не?
12 Өлеңнің қандай түрлері бар?
13. Өлең құрау үшін қандай сөздерді тауып алу қажет?
Жұмбақ айтыс
Қайым айтыс
Айтыс
түрлері
Түре айтыс
Сүре айтыс
14
II – ТОҚСАН
СӨЗ ТАПҚАНҒА ҚОЛҚА ЖОҚ
Қысқа қағыспа айтыс.
Ақындардың аяқ астынан бір-бірімен сын-сықақ ретінде ұтқыр жауаптасуын қағыспа
айтыс дейміз. Қағыспа айтыс ақындардан тапқырлық пен шапшаң ойлауды талап етеді.
Сондықтан ақынның ойы ұшқыр, тілі жүйрік болуы қажет.
Біржан сал мен қыздың қағыспа айтысы
Бiржан сал жолаушылап бiр кедей адамның үйiне кездеседi. Сол үйдiң қызы қатықсыз
қара көже құйып берсе, Бiржан ернiн ғана тигiзiп қайтарады.
Сонда қыз: - Байлардың жейтiн асы – жая мен жал,
Шығады нақ кедейден осындай сал.
Қыс аяғы шаруаға қиын болды,
Көжеге кекiреймей ернiңдi мал! – деген екен.
Сонда Бiржан: - Атанғам ақындықпен Бiржан серi,
Серiнiң күнде думан жүрген жерi.
Қарындасым, ағаңа сөзiң өттi
Көжеңдi басып – басып әкел берi, - деген екен.
Ойлан да айт:
Егер сен Біржан салдың орнында болсаң не істер едің?
Қағыспа айтыс - ақындардың аяқ астынан бір-бірімен сын-
сықақпен ұтқыр жауаптасуы
15
Сен білесің бе?
Біржан сал Қожағұлұлы (1834-1897) – тек қана
ақын емес, әнші әрі халық композиторы. Оның
«Теміртас», «Жанбота», «Адасқақ», «Жонып
алды» сияқты көптеген әндері бар. Біржанның
Сарамен айтысы қазақ даласында аты аңызға
айналған айтыстардың бірі болды. Мұқан
Төлебаев осы айтыстың желісімен «Біржан –
Сара» атты опера жазды.
Сұрақтар:
1.
Қағыспа айтыс дегеніміз не?
2.
Не себепті қыз Біржанмен айтыса бастады?
3.
Біржан сал табан астынан қандай жауап
қайтарды?
4.
Біржан мен қыздың айтысынан ұйқас сөздерді
тауып әкел.
Тапсырма:
1.
“Бала” сөзіне ұйқас құра.
2.
Біржан сал мен қыздың айтысын айтыс әуеніне салып орында.
3.
Құрманғазы «Балбырауын» күйінің бастапқы буындарын жатта.
Жеті буындық өлең
Қазақтың жыр-дастандары мен терме–толғаулары 7-8 буындық болып келеді. Бұл
өлеңнің ең көне түріне жатады.
Жеті буындық өлең құрау үшін еді, деді, болды сөздерін қолданамыз. Ол үшін
ұйқастырған бес буынды өлеңімізге мағынасына сай етіп аты аталған сөздерді тіркейміз.
Қане, жас ақыным, жеті буынды өлең құрап көрелік!
Көңiлiм ашық
Тұрған үй лашық
еді
Қаладан қашық
Сонда да ғашық
16
Үлкендеу бала
Киімі ала
Болды
Жүргені дала
Тұрғаны қала
Ағашта алма
Қолығды салма
деді
Қалаға барма
Досыңнан қалма
Сен білесің бе?
Қазақтың көнеден келе жатқан көптеген халық жырлары бар. Олар: “Алпамыс”,
“Қобыланды”, “Қыз Жібек”, “Ер Тарғын”, т.б. Сонымен бірге, Асан Қайғы, Қазтуған,
Доспамбет, Ақтамберді, Бұхар жырау, Махамбет сынды ақын-жыраулар өмір сүрген.
Халық жырлары мен ақын-жыраулардың терме-толғауларының барлығы 7-8 буындық
өлеңдерге құралған.
Есіңде ме?
Қазақтың жыр-дастандары мен терме-толғаулары
7-8 буындық болып келеді.
17
Құрманғазы (1818-1889) – күй атасы.
Құрманғазының “Балбырауын” күйінен басқа “Аман бол, шешем, аман бол”, “Арба
соққан”, “Машина”, “Қайран шешем”, “Түрмеден қашқан”, “Кісен ашқан”, “Қызыл
қайың”, ”Бұқтым-бұқтым” сияқты көптеген туындылары бар. Оның әрбір күйі басынан
өткен өмір белестерін көрсетеді. Ал Құрмағазының “Сарыарқа” күйі қазақтың отан
деген ұғымымен астасып жатыр.
Тапсырма:
1. 7-8 буындық өлең тауып әкел.
2. Домбырадан «Балбырауын» күйінің үйренген буындарын қайтала.
Құлыншақ ақын мен Майлықожаның айтысы
Жүйрік ойлы, ұшқыр тілді атақты Құлыншақ ақын қазақ топырағына даңқы жайылған
Майлыға кездескенде:
Майлы, Майлы дегенмен май болмадың,
Жұрттан алып жегеннен бай болмадың! –
дей бергенде, бiр шумақ өлеңнiң жалғасын Майлықожаның өзi айтып жiберген екен:
Сен Құлыншақ болғалы талай болды
Не құлын, не жабағы, тай болмадың, -
деген екен.
Біліп ал:
Майлықожа
Сұлтанқожаұлы (1835-1898) Шымкент облысы, Сарыағаш
ауданында туып өскен. Қазақ топырағына белгілі ақындардың бірі болды.
Майлықожа әсіресе өсиет, толғау, терме өлеңдерді көп шығарған. Майлықожа
қырғыз ақыны Жанаспен, Жамбылдың ұстазы Сүйінбаймен айтысқан.
18
Құлыншақ Кемелұлы (1840-1911) Шымкент облысы Созақ ауданында туып өскен
жүйрік тілді, ұшқыр ойлы ақын. Ақындығымен қатар, өз бетімен сауатын ашып,
Шығыс шайырларының шығармаларын оқыған, қисса, хикаяларды жаттаған.
Қобызға, домбыраға қосылып жыр, қисса, толғау, терме айтқан. Құлыншақ ақын
Майлықожа, Бұдабай, Молда Мұса сияқты ақындармен айтысқан.
Есіңде ме?
Дина Нүрпейісова (1861-1955) — қазақтың әйгілі күйші-
композиторы. Дина Қүрманғазының жанында тоғыз жыл бойы
еріп жүріп, күйлерін үйренген. Қүрманғазының ең дарынды
шәкірттерінің бірі болды. Динаның «Әсем қоңыр», «Бүлбүл»,
«Науайы», «Қара қасқа ат», «Сеғізінші март», «Тойбастар», т.
б. көптеғен күйлері бар.
Сұрақтар:
1.
Құлыншақ пен Майлықожаның айтысы айтыстың қандай
түріне жатады?
2.
Құлыншақ ақын Майлыға қандай мін тақты?
3.
Майлықожа жауап қайтара алды ма?
Тапсырма:
1.
Құлыншақ пен Майлықожа айтысын «Еркем-ай» әуеніне
салып орында.
2.
Домбырадан «Балбырауын» күйінің үйренген буындарын қайтала.
19
Он бір буындық өлең.
Айтыс ақындарының өлең үлгілері көбіне-көп он бір буыннан құралады. Он бір
буындық өлеңнің әрбір тармағы белгілі бір ойды білдіріп, толық мазмұнды құрайды. Он
бір буындық өлең түрін қазақтар қара өлең деп атайды.
Он бір буындық өлең құрау үшін жеті буындық өлеңдегі ұйқас сөздердің алдына
мағынасына сай етіп төрт буындық сөз тіркейміз. Төрт буындық сөз бір немесе екі сөзден
тұруы қажет.
Қане, жас ақыным, он бір буындық өлең құрауға көшелік!
Үлкендеу Ғазиз деген бала болды,
Киімі үстіндегі ала болды,
Жүргені ол баланың дала болды,
Тұрғаны әп-әдемі қала болды.
Көңілім жадыраған ашық еді,
Тұрған үй даладағы лашық еді,
Қаладан салған лашық қашық еді,
Сонда да жүрегіміз ғашық еді.
Қара өлең – қазақтың он бір буынды өлең түрі
Есіңде ме?
Айтыс ақындарының өлеңдері көбінесе он бір буыннан құралады
20
Қазанғап Тілепбергенүлы (1854- 1927) атақты Үсен төремен өнер
жарыстыруға жасқанады екен. Кездесуде талай күйлер шертіледі.
Үсен төре мен Қазанғаптың арасындағы тартыс өнер мерекесіне
айналады. Қос күйші бір-бірінен шеберлік асыра алмайды.
Қазанғаптың асқан өнеріне, домбырашылық шеберлігіне аса разы
болған Үсен төре оны қонақ етіп, үстіне шапан жауып, сый-
құрметпен аттан- дырады. Ал Қазанғап жаңа күйлер үйреніп,
домбыра тартудың қыр-сыры жөнінде көптеген ақыл-кеңес берген
Үсен күйшіні ұстазы санап, өле-өлгенше қадірлеп өтеді. Осы
кездесуде ол ұстазының құрметіне «Көкіл», «Ысырма», «Шынаяқ тастар», «Құс
қайтару» күйлерін шығарады. Қазанғап басқа да көптеген күйлер қалдырған. Әсіресе,
«Ақжелең» деген атпен «Кербез Ақжелең», «Домалатпай Ақжелең», «Бұраң бел
Ақжелең» сияқты күйлерін шығарған. Қазанғап күйлері терең сырға, философиялық ойға
толы күйлер болып есептеледі.
Сұрақтар:
1.
Айтыс ақындарының өлеңдері неше буыннан құралады?
2.
Он бір буындық өлеңнің ерекшелігі неде?
3.
Он бір буындық өлеңдерді қалай атайды?
Тапсырма:
1.
Жаңадан құраған он бір буындық өлеңді айтыс әуеніне қосып орында.
2.
Он бір буынды өлеңді кез-келген бір айтыстан тауып оқы.
3.
2. Домбырадан «Балбырауын» күйінің үйренген буындарын қайтала.
Жас ақын Базарбайдың Бекетбай ақыннан бата алуы
.
Жетісуда Базарбай деген ақын сол елдегі қарт ақын Бекетбайдан бата аламын деп іздеп
келеді. Бекетбай ақын шаршы топтың ортасында дастан айтып отыр екен. Жас Базарбай
оған қарамастан, табалдырықтан аттап үйге ене беріпті де:
Қолыма домбыраны алдым бұрап,
Үйрендім бала кезден өлең құрап.
Осы үйде Бекет ақын бар деген соң,
Әдейі келіп едім бата сұрап, - дейді.
Қарт ақын жырлап отырған дастанын үзе қойыпты да:
Үстіме неге келдің сен демейін?
Сұрасаң, ақ батамды мен берейін.
Қалаулы осы көптің ақыны бол,
Айтыста үстем болсын сөз мерейің… -
деп шұбырта жөнеліпті.
21
Қане, балалар, ұйқас сөзді іздеп көрейік!
«Ағып» сөзінің бірінші әрпін ауыстыра отырып, ұйқас сөздерді іздеп көрелік.
Ағып
Қ
Б
Л
Н Т Ж Ш
Сен білесің бе?
Ақын тек қана айтысып қана қоймай, көшпелі өмір салтында жаршы міндетін
атқарған. Яғни, үйлену тойында той бастар, беташар жырларын айтқан. Сонымен
бірге адам өлімінде қазалы хабарды мжеткізіп, көңіл айтқан. Ақын қазақтың ырым-
салтына байланысты барлық рәсімдердің басы-қасында болып, маңызды қызмет
атқарған.
Сұрақтар:
1.
Жас ақын Бекетбайға не үшін келеді?
2.
Жас ақынға Бекетбай батасын берді ме?
3.
Ақындардың айтысы неше буынға құралған?
4.
Сен бата алып көрдің бе?
Тапсырма:
1.
“Ағып” сөзіне он бір буындық өлең құра.
2.
Домбырадан «Балбырауын» күйінің үйренген буындарын қайтала.
Өлең құраудың әдіс-тәсілдері.
Өлең құрауда мына ерекшелікті есіңде сақта. Он бір буындық бір шумақ өлеңнің
үшінші тармағы ұйқасқа құралмайды. Өйткені, үшінші тармақта айтылатын ой төртінші
тармақта жалғасын табады. Ал өлеңнің әрбір тармағы 3 – 4 – 4 бунақтарынан құралған
сөздерден тұруы қажет.
3 4 4
Келеді
тау бойынан
өзен ағып
Құлаққа
қыздар жүрер
сырға тағып.
Ауылда
тоймен думан
бола қалса,
Жігіттер
айтысады
тұра қалып.
Он бір буынды бір шумақ өлеңнің үшінші жолы ұйқасқа құралмайды.
22
Есіңде ме?
Ақан серінің (Ақжігіт Қорамсаұлы 1843-1913) “Құлагер”,
”Балқадиша”, ”Маң-маңгер”, “Майдақоңыр” сияқты әндері қазақ
халқына әйгілі болды. Ақан тек әншілігімен ғана аты шықпай, халық
оның атына қосып сері деп атады.
Қазақ серілері сан қырлы, көп қасиетті, сұлулық-сымбатымен елден
ерекше адамдар болған. Оның бойында әншілік, ақындық, құсбегілік,
атбегілік қасиеттер тоғысқан. Серілер қымбат киім киіп, арғымақ ат
мініп, бүркіт баптап, құс салып, қасына ерген нөкерлерімен ел аралап,
той-думанның еркесі болған. Серілердің қасиетінде алғырлық,
кербездік, жомарттық, сыпайылық болған.
Біліп ал!
Айтыс ерте замандарда кейбір көшпелі халықтар арасында болған. Олар қарақалпақ,
қырғыз, монғол-түркмен халықтарында кездескен. Әсіресе қазақ халқында айтыс ақындар
арасында бүгінгі күнге дейін шоқтығы биік ірі дәстүрге айналған.
Достарыңызбен бөлісу: |