А. Райымбергенов



жүктеу 0.55 Mb.

бет5/6
Дата22.12.2016
өлшемі0.55 Mb.
1   2   3   4   5   6

Сұрақтар: 

-  Опера қандай жанр түріне жатады? 

-  Операның либреттосы дегенді қалай түсінесің?  

-  Опералық қойылымда кімдер жұмыс істейді? 

-  Опералық қойылымды және оркестр мен әншілерді кім басқарады? 

 

Тапсырма: 

1. Шығармашылық тапсырма: 

Қане, балалар,  өлең құрап көрейік! 

«Ағып  едім»  сөзіне  ұйқас  сөздер  ойлап  табайық.  Олар:  қағып  едім,  тағып  едім, 

жағып едім, бағып едім, шағып едім, лағып едім. 

Ал енді өлеңнің үшінші және төртінші тармағын шығарып көр: 



                              Өлеңге жастайымнан ағып едім. 

                              Жұртымның көңіліне жағып едім. 

                               ……………………………………….. 

                               ……………………………………….. 

 

2.  Домбырадан Халық күйі «Кеңес». Үйренген буындарын қайтала.  

 

 

Операдағы  негізгі жанрлар. 



 

            Операның  бірнеше  түрі  бар.  Олар:  халықтың  қайғы-қасіретіне  құрылған  - 

Глинканың  «Иван  Сусанині»,  Мусоргскийдің  «Борис  Годуновы»,  халық  жырларына 

құрылған  -  Римский-Корсаковтың  «Садкосы»,  халық  аңыздарына  құрылған  -  Вагнердің 

«Лоэнгрині», фантастикалық ертегілерге құрылған  -«Снегурочка»,  лирикаға құрылған  - 

Чайковскийдің «Евгений Онегині».  

Операдағы  драмалық  оқиға  3-4    бөлімнен  құрылады.  Әрбір  бөлімдегі  оқиға  желісі 

бір  орыннан  екінші  орынға,  бір  уақыттан  келесі  уақытқа  ауысып  отырады.  Сол  себепті 

сахна әрдайым өзгеріп, түрлі декорациялармен безендіріледі.  

Операдағы басты элемент ария болып табылады. Ария деген сөздің мазмұны өлең 

сөзіне  жақын  келеді.  Ария  орындалуы  жағынан  өте  күрделі  өлең  түрі  болып  табылады. 


45 

 

Ария басты кейіпкерлердің ойы мен сезімін жеткізуде маңызды орын алады. Мысалы, Ж. 



Бизенің «Кармен» операсындағы Карменнің ариясы. 

Операда  арияның  қатарында  тағы  да  басқа  ариоза  және  каватина  секілді  қысқа 

өлең  түрлері  қолданылады.  Олар  сахнадағы  белгілі  бір  оқиғаның  желісіне  байланысты 

орындалады.  

 

 

 



 

Операда  музыкалық  әңгімені  речитатив  деп  атайды.  Речитатив  тақпақтап  айту 

дегенді білдіреді.  Операдағы  речитативті  «музыкаланған сөз»  деп  атауға  болады.  Көбіне 

речитативтер кейіпкерлердің іс-әрекетінен хабардар етеді. 

      Оқиға  желісіндегі  халық  жағдайын  көрсету  мақсатында  композиторлар  хор  ұжымын 

пайдаланады.  

Операның  мазмұндық  желісінің  дамуында  маңызды  орын  алатын  ансамбльдер. 

Оның құрамында: дуэт, трио және квартет болады. Ансамбльдегі бірнеше кейіпкерлер 

оқиға  желісіне  байланысты  өз  ойларын  білдіруге  талпынып  жатады.  Мысалы, 

Чайковскийдің  «Евгений  Онегин»  операсында  дуэль  алдындағы  Ленский  мен  Онегин 

дуэтін атауға болады.  

       Опералық қойылымның басты сюжеттік желісін ашудағы маңызды элементтері ария, 

речитатив, ансамбль және хор болып табылады.   

 

Музыка тыңдайық!  

Ж.Бизенің  „Кармен”  операсын  әлемнің  барлық  әйгілі  театрлары  қоюда.  Кармен 

бостандық  пен  еркіндікті  көксеген  әйел.  Кармен  өзінің  асқан  сұлулығымен  бірге  қызу 

қанды,  жігерлі,  өр  көкіректілігімен  ешкімнен  тайсалуды  білмеген.  Кармен  сахнаға 

„Хабанера” атты ариясымен шығады. „Хабанера” испанның халық биіне қойылған ән. Дәл 

осы ән Карменнің еркін мінезін айғақтай алған. Карменнің ариясын орыстың әйгілі опера 

әншісі Елена Образцованың орындауында тыңдап көрейік!  

 

 

 

Біліп ал! 


46 

 

«Метрополитен-опера»  –  Америкадағы  ең  ірі  опералық  театр.  Бұл  опералық 



театр  1883  жылы  Нью-Йорк 

қаласында  ашылады.  Бұл  театр 

3625 

адамға 

арналған. 

Метрополитен 

театрының 

салынуына 

Американың 

ең 

қалталы  адамдары  яғни  өнерге 

қамқорлық  ететін  меценаттар 

үлкен  қаржы  бөліп  салдырған. 

«Метрополитен-опера» 

театрында  дүние  жүзінен  келіп 

опера  қоюға  талпынған,  оны 

өздеріне үлкен мәртебе тұтқан. Ал 

әр елдің опералық қойылымдары өз 

тілінде 

өтетін 

болған. 

«Метрополитен-опера» 

театрында  әлемге  әйгілі  әншілер  Э.Карузо,  Л.Паваротти,  Ф.Шаляпин  және 

Е.Образцовалар сынды көптеген опера әншілері өз өнерін дүние жүзіне танытқан.  

 

 



Білесің бе? 

Елена  Образцова  –  орыстың  әйгілі  опера 

әншісі.  Ол  Үлкен  театрдың  ұлы  әншісі  болып 

есептеледі.  Оның  өнері  дүниежүзіне  тараған. 

Ол  Кармен  рөлін  сомдауда  ең  мықты 

орындаушылар  қатарынан  орын  алған.  Оны 

Кармен рөлінде Испания, Прага, Вена, Нью-Йорк 

сахналарында  үлкен  қошаметпен  қарсы  алды. 

1980  жылы  ең  мықты  опера  әншісі  деген  

Италиядағы  „Алтын  Верди”  сыйлығына  ие 

болады.  Елена Образцова тек Кармен рөлін сомдап қоймай көптеген орыс және италия 

композиторларының операларын орындауда ең шебер орындаушы болып танылған.   

Сұрақтар: 

- Операның қандай түрлері бар? 

- Операдағы драмалық қойылым неше актыдан құрылады? 

- Операдағы қандай басты элементтерді білесің? 



Тапсырма: 

1. Шығармашылық тапсырма: 

 

Қане, балалар,  өлең құрап көрейік! 

Өлеңнің үшінші жолын құрап кел: 



     Қолыма домбырамды алайыншы. 

     Әніне «Еркем- айдың» салайыншы. 

     ……………………………………… 

     Сабаққа кешікпей мен барайыншы.   

 

2.  Домбырадан Халық күйі «Кеңес». Үйренген буындарын қайтала.  



47 

 

Опералық театр тарихы. 

 

„Театр”  сөзі  ежелгі  гректерден 

енген.  Театр  -  түрлі 

таңғажайып  құбылыстар  мен  қызықты 

көріністерді  мыңдаған 

халыққа  көрсете  алатын  орын.  Көне 

театр  Гректің  Афина 

қаласында  ашық  аспанның  астында, 

таудың 


етегінде 

орналасқан.  Таудың  етегін  арнайы 

ойып, одан көрермендер 

отыратын  орындықтар  жасаған.  Бұл 

театр 

17 


мың 

көрерменге 

арналған. 

Театрдың 

ортасында 

шеңберлі 

сахна  болған.  Оны  „орхестра”  деп 

атаған.  Ол  жерде  ұжым 

болып  орындайтын  әншілер  мен 

бишілер 


орналасатын 

болған.  Театрдағы мерекелік  қойылымдар  көбіне  көне  аңыздарға  құрылып, Дионис  атты 

құдайларының құрметіне арналған. Ежелгі Грекия театрында барлық рөлдерді тек қана ер 

адамдар  орындаған.  Актерлер  беттерін  маскалармен  жасырған.  Мыңдаған  көрермен 

сахнадағы  көріністі  алыстан  көру  үшін  актерлер  аяқтарына  арнайы  биік  өкше  қағылған 

етіктер киген.  Қойылымның оқиға желісін хор ұжымы бастан аяқ әндетіп айтып отырған. 

Сөйтіп опера жанры өз бастауын көне грек театрынан алған екен.  

 

 



      

 

Опера  тұңғыш  рет  XVI-XVII  ғасырларда  Италияда  пайда  болды.  Операны  дүниеге 



келтірген ақындар мен музыканттар еді. Бұл ежелгі грек аңыздарын қайта жандандыруға 

талпынған адамдар болатын.  

 

 

 



                   Алғашқы  опералар  өлеңдетіп  яғни 

речитатив  түрінде  айтудан  құрылған.  Ал    XVII 

ғасырда 

италиялық 

композитор 

Клаудио 


48 

 

Монтеверди  операға  басты  кейіпкерлердің  арияларын,  күрделі  вокалды  ансамбльдерді, 



хор  ұжымы  мен  оркестр  сүйемелін  ендіреді.  Ал  опера  үшін  арнайы  театрлар  салына 

бастады.  

Опера  барлық  европа  халықтары  арасында  тез  таралып  кеңінен  танымал  болды. 

Опера  әрбір  халықтың  ұлттық  ерекшелігіне  тән  дамиды.  Өйткені  сюжеттік  желісі  сол 

халықтың аңызы мен жырларына, тарихына негізделіп отырады. 

 

Музыка тыңдайық! 

П.  Чайковскийдің  „Евгений  Онегин”  операсы  - 

А.С.Пушкиннің  романы  негізінде  қойылған  опера.  Ондағы 

басты  кейіпкерлер  Евгений  Онегин  мен  Владимир  Ленский. 

Бұл  операда  Ленський  өзінің  досы  Онегинмен  жекпе-жек 

дуэльге  шығып,  Онегиннің  қолынан  қаза  табады.  Екеуінің 

дуэльге шығуына Ленскиийдің сүйгені Ольга себепкер болады. 

Ал Онегин  болса  Ольганың сіңілісі Татьянаның махаббатынан 

бас  тартып  соңында  жалғыз  қалады.  Бұл  операдағы  ең  көркем 

ариялардың  бірі  Ленскиийдің  ариясы.  Бұл  арияны  орыстың 

әйгілі  опера  әншісі  Сергей  Лемишевтың  орындауында  тыңдап 

көрейік! 

                                                                             

Біліп ал! 

Орыстың  Үлкен  театры  1825  жылы 

салынды.  Бұл  театр  Европадағы  „Ла 

Скаладан” кейінгі  екінші үлкен театр болып 

есептеледі. Театрдағы көрермендер залының 

ұзындығы  25  метр,  ал,  ені  26  метр,  биіктігі 

21  метрден  тұрады  екен.  Үлкен  театрдың 

сахнасы - әлемдегі ең үлкен сахналардың бірі. 

Үлкен  театр    орыстың  классикалық 

музыка өнерінің әлемге танымал болуына зор 

ықпалын  тигізді.  Үлкен  театрдың  атымен 

бірге 

танылған 

композиторлар 

мен 

дирижерлер, опера әншілері мен балет бишілері әлемге танымал болды. Орыстың әйгілі 

операларынан  А.Бородиннің  „Князь  Игорь”,  М.Мусоргскийдің  „Борис  Годунов”  және 

П.Чайковскийдің „Евгений Онегин” операларын ерекше атауға болады. 

 

Білесің бе? 



П.  Чайковский  –  37  жасында  танымал  композитор  болған.  Оған 

„Евгений Онегин” операсын жазуға мынандай оқиға себеп болады. 

П.Чайковский  жаңа  опера  жазбақ  оймен  оған  сюжет  іздейді.  Бір 

күні  ол  өзінің  досы  Лизавета  Андреевна  Лавровскаяның  үйіне 

қонаққа  келеді.  Чайковскиий  өзінің  жаңа  опера  жазбақ  ойын 

айтады.  Сонда  Лизавета  Андреевна:  „Неге  Пушкиннің  Евгений 

Онегин романын  негізгі сюжетке алмасқа” - деген ой тастайды. 

Бұл ой Чайковскийге қатты ұнайды. Ол әйгілі ақын А.С.Пушкинмен 

кездесіп,  өз  ойын  білдіреді.  Бұл  ойға  А.С.Пушкин  де  қуанып, 

49 

 

келісімін  береді.  Сөйтіп,  П.И.Чайковскийдің  әйгілі  „Евгений  Онегин”  атты  операсы 



дүниеге келеді.     

 

 

Сұрақтар: 

 

- Опера тұңғыш рет қай жерде, қай ғасырда пайда болды? 



- Операның дүниеге келуіне кімдер себепкер болды? 

- Операның сюжеттік желісі қандай аңыздарға құрылған? 

- Италиялық композитор операға қандай жаңалық енгізді? 

 

 

Тапсырма: 

1.

 



Шығармашылық тапсырма: 

 

Қане, балалар,  өлең құрап көрейік! 



 

Бір  шумақ  өлеңнің  ұйқас  сөздері  мен  екінші  тармағын  ойлап  тап.  «Болады  екен» 

сөзіне ұйқас сөздер: толады екен, солады екен, шолақ екен, қонақ екен, олақ екен.  

                                Мереке ойын-күлкі …………….. 

                           ………………. …….толады екен. 

                           Береке бата-тілек ала келген 

                           Қазақтың ең сыйлысы ………….  

 

2.  Домбырадан Халық күйі «Кеңес». Үйренген буындарын қайтала.  



 

 

 

Қазақ опера театры.  

      


 

Қазақ  халқының    мәдениетінде  опера 

жаңа  көркемдік  жанр  болып  қалыптасты. 

Қазақ операсы 1930 жылдары пайда болды. 

Қазақстандағы  опера  жанры  әлемдік  опера 

өнерінің  классикалық  түрлерінің  негізінде 

дамыды.  Е.Брусиловскийдің  «Қыз  Жібек», 

А.Жұбанов  пен  Л.Хамидидің  «Абай»  және 

М.  Төлебаевтың  «Біржан  мен  Сара»  қазақ 

операларының  ең  биік  шоқтығы  болып 

табылады. 

         Қазақ  операсы  ұлттық  ерекшелігімен 

дамыды.  Операның  негізгі  тұғыры  қазақ  әндері  мен  күйлері  болды.  Қазақ  операларында 

Үкілі  Ыбырайдың,  Біржанның,  Жаяу  Мұсаның  көп  әндері  қолданылды.  Қазақ 

композиторларының  әндері  басты  кейіпкерлер  үшін  дайын  ариялар  ретінде  алынды. 

Мысалы, Үкілі Ыбырайдың «Гәкку» әні Қыз Жібектің ариясы болып орындалды.  

    Қазақ  операларында  терме  және  желдірме  сынды  көнеден  жеткен  сөз  өнерін  де 

пайдаланды.  Операны  жазған  композиторлар  қазақтың  терме  жанрын  ариозо  түрінде 



50 

 

қолданады.  Композиторлардың  мұндай  жаңалығы  қазақ  операсына  ұлттық  рең  беріп 



әрлендіре  түседі.  Мысалы,  Е.Брусиловскийдің  «Қыз  Жібек»  операсындағы  Шегенің 

орындайтын термесі немесе М.Төлебаевтың «Біржан мен Сара» операсындағы Естайдың 

әнін атауға болады. 

   


Музыка тыңдайық! 

«Абай»  операсы  1944  жылы  ұлы  ақынның  100  жылдық  мерейтойы  қарсаңына 

қойылды.  «Абай»  операсының  либреттосын  жазған,  жазушы-ғалым  «Абай  жолы» 

романының  авторы  Мұхтар  Әуезов  болды.  Бұл  операның  музыкасын  жазған  -  Ахмет 

Жұбанов пен Латиф Хамиди сынды  әйгілі композиторлар. «Абай» операсы жылда Қазақ 

опера театрының  шымылдығын ашатын ең озық үлгі ретінде қойылатын болды. Ал енді 

«Абай»  операсындағы  Абайдың  халыққа  өнегелік  сөздерімен  айтқан  ариясын  тыңдап 

көрейік! Абайдың ариясын орындайтын әйгілі опера әншісі Ришат Абдуллин.    

 

 

 



Біліп ал! 

Қазақ  опера  театры  -    өзінің  шымылдығын  1934  жылы  М.Әуезовтың    пьесасы 

бойынша  «Айман  Шолпан»  музыкалық  комедиясымен  шықты.  Бұл  музыкалық  комедия 

халық  арасында  үлкен  құрметке  бөленді.  Спектакль  халықтың  үлкен  сұранысына  ие 

болды. Бұл спектакль үш айдың ішінде 100 рет қойылған. Ал 1936 жылы Мәскеуде өткен 

Қазақ әдебиеті мен мәдениетінің  онкүндігінде  қазақтың «Қыз Жібек» операсы  тұңғыш 

рет  үлкен  табысқа  жетті.    «Қыз  Жібек»  операсының  либреттосын  Ғабит  Мүсірепов, 

музыкасын  Евгений  Брусиловский  жазған.  1941  жылы  Қазақ  опера  және  балет 

театрының ғимараты салынды. Бұл театр сол уақытта Алматыдағы ең әсем сәулетті 

ғимараттың  бірі  болды.  1945  жылы  Абайдың  туғанына  жүз  жыл  толуына  орай 

театрға Абай есімі берілді.   

 Білесің бе? 

Ришат Абдуллин (1916-1988жж) – опера әншісі.  Ришат Абдуллин жастайынан әнге 

құмар болып өседі. Ол 15 жасында Қазақстанда ашылған ең алғашқы арнайы музыкалық 

техникумға түсіп, білім алады. Ғажайып дарынымен ол өз білімін 17 жасында Мәскеуде 

жалғастырады. Ришат Абдуллин бүкіл ғұмырын Қазақ опера балет театрында өткізген. 

Ол  театрда  қойылған  барлық  операда  ойнаған.  Ришат  Абдуллин  «Абай»  операсындағы 

Абай ролін ең алғаш сомдаған.   

 


51 

 

 



 

Ойлан да айт! 

Сен «Қыз Жібек» операсындағы Жібектің ариясы мен Шегенің ариясын тыңдадың. Ал 

енді Абайдың ариясын тыңдап отырсың. Қалай ойлайсың осы ариялар кеіпкерлердің 

мінезін аша алды ма?  

Cұрактар: 

- Қазақ операсы кай жылдары пайда болды? 

- Қандай қазақ операларын білесің? 

- Қазақ операсында кімдердің әні қолданылды? 

- Операға қазақтың сөз өнерінің қандай түрлері қолданылды? 

 

 



Тапсырма: 

1. Шығармашылық тапсырма: 



Қане, балалар,  өлең құрап көрейік! 

Өлеңді толықтырып құрап кел: 



     Орнымнан ағай енді тұрайыншы. 

     ………………………сұрайыншы. 

     ……………………………………. 

              Тақтаға осы қазір ……………….          

 

 

2.  Домбырадан Халық күйі «Кеңес». Үйренген буындарын қайтала.  



 

 

 

 

 

 

 

 

 

52 

 

Қазақ опера жанрлары. 



 

 

 

 

Қазақ операсын Е.Брусиловский, А.Жұбанов, Л.Хамиди сынды әйгілі композиторлар 



дүниеге  келтірді.  Олар  қазақтың  терме,  желдірме  және  толғау  сияқты  сөз  өнеріндегі 

жанрларын кеңінен қолданды.  

Сондай-ақ  қазақтың  дәстүрлі  тұрмыс-салт  жыры  жар-жар  әнін  операға  орынды 

пайдаланды.  Қазақтың  үйлену  салтына  байланысты  туған  жар-жар  әнін  «Қыз  Жібек» 

операсында  хор  ұжымы  орындаған.  Үйлену  салтына  байланысты  операдағы  сахналық 

қойылымдар  басқа  да  дәстүрлі  тойбастар,  беташар,  сыңсу,  қоштасу  әндерімен  де 

толыға түседі. Бұл дәстүрлі әндерді «Абай» мен «Біржан Сара» операларынан кездестіре 

аламыз. 


Қазақ операсының қалыптасуында өз үлесін қосқан айтыс жанры. Айтыс – ертеден 

халық алдында, сахна төрінде дамып қалыптасқан өнер түрі. Айтысу арқылы ақындардың 

шешен сөзі, өткір де ұшқыр тілі, терең де әдемі ойлары сұрыпталып жатады. Сол себепті 

айтыс қазақ халқының ең сүйікті өнер түріне айналған болатын. Ал, операда айтыс жанры 

сюжеттік желінің дамуына түрткі болып, жеке адамның ойы мен сезімін беруге дәл келеді.  

Ақындар 


айтысы 

ең 


маңызды 

драматургиялық 

роль 

ретінде 


қалыптасып, 

Е.Брусиловскийдің  «Абай»,  А.Жұбанов  пен  Л.Хамидидің  «Біржан  сара»  және  «Айман-

Шолпан» операларында сахналанды.        

Сонымен  қазақ  операсының  қалыптасуына  ғасырлар  бойы  қазақ  халқының  дәстүрлі 

мәдениетінің  негізін  қалаған    әдеби-музыкалық  жанрлар  салмақты  да  маңызды  үлесін 

қосты.  


 

 Музыка тыңдайық!  

«Біржан  Сара»  операсының  мазмұны  Біржанның  өмірінен  алынған.  Опера 

Біржанның ақын Сарамен кездесіп, айтысуынан тұрады. Сондай-ақ  Біржанның бай-болыс 

Жанботамен  қақтығысын  көрсетеді.  Операдағы  Біржан  мен  Сараның  айтысы  халықтың 

мерекесі мен той-думанына ұласады. Бұл көріністе оркестр, хор және балет тобы мен жеке 

әншілер - барлығы қатысады. «Біржан Сара» операсынан Біржан мен Сараның айтысынан 

үзінді тыңдап көрейік!     


53 

 

 



 

 

                           



Біліп ал! 

 

Абай  атындағы  Қазақ  опера  және  балет  театрында  көптеген  опералар  сахнаға 

қойылған.  Соғыс  жылдары  Мәскеудің  консерваториясы  мен  Үлкен  театры  Алматыға 

қоныс аударады. 1944 жылдан  бастап Қазақ опера және балет театры өзінің қарқынды 

жұмысын  бастады.  Бұл  жылдары  Қазақ  опера  театры  орыстың  Үлкен  театрымен 

бірігіп,  қазақ  сахнасында  әлемге  әйгілі    операларды  қойды.  Қазақ  опера  және  балет 

театрында  М.Глинканың  „Иван  Сусанин”,    Д.Вердидің  „Травиата”  және  „Отелла”, 

П.И.Чайковскийдің  „Евгений  Онегин”,  Дж.  Пуччини  „Чио-Чио-Сан”  атты  опералары 

сахналанды. 1943 жылы әйгілі орыстың балет бишісі Галина Уланова қазақ бишілерімен 

бірге Аданның „Жизель” балетіне қатынасты.   

    

                   

 

 

Сұрақтар: 

54 

 

- Қазақ операсы сөз өнерінің қандай түрлерімен толықты? 



- Операда толғау, жар-жар және айтыс түрін қалай қолданған? 

- Бұл жанрлар қандай операларда кездеседі?  

- Қазақ опера және балет театрының репертуарында қандай опералар бар? 

 

 

Тапсырма: 

1. Шығармашылық тапсырма: 



Қане, балалар,  өлең құрап көрейік! 

Өлеңнің үшінші және төртінші тармағын шығарып кел. 



     Балалар,  достарыңнан қалмаңыздар,  

Жалқау боп елді әуреге салмаңыздар. 

………………………………………… 

…………………………...алмаңыздар. 

 

2.  Домбырадан Халық күйі «Кеңес». Үйренген буындарын қайтала.  



 

Қазақ билері қалай пайда болған? 

 

        Қазақ  театрының  ашылуымен  бірге  алғаш    рет  би  өнері  пайда  болды.  Алғашқы 

операларда би көрінісін қолданылады. Бұл билер қазақ күйлерімен сүйемелденген.   

 Қай  кезде  болмасын  қазақ  күйлері  түрлі  көңіл-күйді  білдіре  алатындығымен 

ерекшеленеді. Күйлерден шабыт келтірер көтеріңкі көңіл-күй немесе лирикаға толы сазды 

үн,  философиялық  ой  шақырар  терең  толғаныс  сезім  сезіледі.  Қазақ  күйлерін  оркестрге 

салып  өңдеген  кезде  биге  лайық  тағы  бір  қыры  ашыла  түседі.  Жігерлі  күйлер  ер 

адамдардың билеріне лайық болса, лирикаға толы сазды үн берген күйлер нәзік те сырлы 

қыздар  биіне  тамаша  өң  береді.  Терең  мазмұнды  күйлер  музыкалық  драмалық  образды 

сомдауға дәл келеді. 

 

 

 



 

Би  қоюда  сан  қырлы  көңіл-күйді  бейнелейтін  мұндай  шығармалар    әсіресе,  халық 

күйі  «Келіншек»  пен  «Қаражорға»,  Құрманғазының  «Балбырауын»,  «Соқыр  Есжан», 


55 

 

Тәттімбеттің «Былқылдақ» күйлері болып табылады. Бұл күйлерді биге лайықтап арнайы 



оркестірлік өңдеуден өткізген. Мұндай өңдеуден өткен күйлерге енді ұлттық нақыштағы 

би  қимылдарын  қояды.  Мысалы,  ер  адамдардың  билерінде  қамшыны  қолға  алып,  ат 

құлағында ойнап, бәйгеде шапқан жігерлі де қайратты қимылдар сомдалса, ал қыздардың 

билерінде  лирикаға  толы  нәзік  те  сырлы  мың  бұралған  қимылдар  бейнеленеді.  Әсіресе, 

қыздар  биінде  ұлттық  дәстүрге  тән  киіз  басу,  ою  салу  немесе  кесте  тоқу  сәтіндегі 

қимылдарын  да  биге  лайықтап  орынды  пайдаланады.  Сөйтіп,  ұлттық  дәстүрге  сүйеніп 

жасалған қазақ билері дүниеге келіп, қазақ балетінің негізін қалайды.    



1   2   3   4   5   6


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал