7
Майлау жүйесі – қозғалтқыштың барлық бөлшектерін маймен қамтамасыз етеді. Сонын
әсерінен қозғалтқыш бөлшектерінің бір- бірімен үйкелісі азаяды және тозуы азаяды. Май
табандық 11 қозғалтқыш картеріне белгілі бір деңгейде май сорғыш 12 арқылы құйылады.
Май өткізгіш 10 арқылы иінді білікті айналуы арқылы қозғалтқыштың барлық үйкелісетін
бөлшектеріне май шашырайды. Майлау жүйесінде майды тазалау үшін арнайы фильтрлер
орнатылады.
Қуаттандыру жүйесі – цилиндр ішіне берілетін жанғыш қоспасын дайындау үшін қы-
змет етеді жанғыш қоспа карбюраторде құрылады16 (немесе араластырғышта) қабылдау
құбырында бекітілген 18. Карбюраторға отын сорғы арқылы отын багынан беріледі. Ауа
таратқыш арқылы кабюраторға ауа таралады.
Оталдыру жүйесі – қозғалтқыш цилиндрінде орналасқан қоспаны тұтандыру үшін қы-
змет етеді. Қоспаны тұтандыру от жағу шырағындағы электр ұшқыны арқылы жүргізіледі
Қоспаны тұтандыру үшін қажет электр тоғы тұтану жүйесіне кіретін арнайы құралдар-
мен өндіріледі.
Төрт такті қозғалтқыштарды оталдыру жүйесі болмайды, өйткені сығу кезінде ауаны
қыздыру салдарынанқоспа тұтанады. Дизельді қуаттандыру құрылымы мен іс- әрекетінің
жүйесі бойынша карбюраторлы қозғалтқыштардың қуаттандыру жүйесінен едәуір ерек-
шеленеді. Ал қалған механизмдері мен жүйелері, карбюраторлы қозғалтқыштың механизмі
мен жүйелерімен ұқсас. Піспек жоғарыға қарай орын ауыстырған кезде, бөгде көзден келген
жылу арқылы ауа сығылады және тұтанады. Қоспалар жанған кезде көп жылу бөлінеді, со-
нын салдарына газ пайда болады. Қоспа қызып және олардың қысымы қаттты артады. Қы-
сым газ әсерінен піспек 3 цилиндрде шатун 5 көмегімен айналдыратын иінді білік 9 жа- сай
отырып, төмен жылжи отырып, пайдалы жұмыс жасайды. Піспектің кері орналасуы бары-
сында цилиндрдегі газшығарушы клапан арқылы шығады. Қарастырылған процесс үздіксіз
қайталанып отырады. Бұл қозғалтқыштың жұмысын және автокөлік қозғалысын қамтама-
сыз етеді. Иінді білікті айналу кезінде оның шатун мойны төменгі шатун басымен бірге
шеңберді сипаттайды. Бұл ретте жоғарғы шатун басы мен піспек цилиндр ішінде бір- ге
жоғарыдан төмен қарай жылжыйды.(қайтарымды үдмелі орын ауыстыруы). Иінді білікті бір
айналу кезінде піспек бір қадам төмен және бір қадам жоғары жасайды. Піспектің қозға- лыс
бағытының өзгеруі төменгі және жоғарғы өлі нүктелерде де жүреді.
Достарыңызбен бөлісу: