А. С. Макаренко Қиял дегеніміз сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының субъективтік образдарын қайтадан жаңартып, өңдеп, бейнелеуде көрінетін, тек адамға ғана тән психикалық процесс



Дата16.12.2023
өлшемі19,86 Kb.
#140116

«Жеке адамныңкелешегін жобалауда» мұғалім творчестволық қиялсыз әрекет етсе, жақсы нәтижеге ие бола алмас еді.
А.С.Макаренко
Қиял дегеніміз – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының субъективтік образдарын қайтадан жаңартып, өңдеп, бейнелеуде көрінетін, тек адамға ғана тән психикалық процесс.
Адамдардың қиялына тән кейбір ерекшеліктерді төмендегіше топтастыруға болады:
1) әр адамның қиял ерекшеліктері оның жеке қызығулары мен қасиетгеріне, алдына қойған мақсатына байланысты болып келеді. Бүл арада суды аңсап шөлдеген жолаушының қиялы мен екі-үш күннен кейін емтихан тапсыратын студенттің машинасының тетігін жетілдіруді ойлап жүрген инженердің қиялын салыстырып көруге болады;
2) Қиялдың мазмүны мен формасы адамның жас және дара ерекшеліктеріне де, білім тәжірибесіне де байланысты. Мәселен, көргені де, түйгені де көп, өмір тәжірибесі мол, әр тарапты білімі бар ересек адамның қиялы мен енді ғана өмірге аяқ басайын деп түрған жеткіншектің қиялын бір өлшемге салуға болмайды;
3) қиял адамның өскен ортасына, этностық ерекшелігіне, табиғат, жер-су қоршауына байланысты да көрініп отырады. «Жаратылыстың қүшағында,—деп жазады М. Жүмабаев, — меруерт себілген көк шатырдың астында, хош иісті жасыл кілем үстінде, күнмен бірге күліп, түнмен бірге түнеп, желмен бірге жүгіріп, алдындағы малымен бірге өріп, сары сайран далада түрып өсетін қазақ баласының қиялы жүйрік, өткір, терең болуға тиісті».
4) қиял адамның барлық психикалық құбылыстарымен ұштасып жататын процесс. Мәселен, алға қойған мақсатты жоспарлап, жүзеге асырудың жолдарын іздестіру қиялсыз мүмкін емес. Бұл - қиялдың ерікпен байланысына жақсы мысал. Қиялдың ойлау процесінде алатын орны ерекше. Өйткені ойлау белсенділігі адамды шығармашылық әрекетке жетелейді. Ал ондай әрекет қиялдың өте күшті дамуын қажет етеді. Ойлау мен қиял бір-бірімен тығыз байланысты.
Жан қуаттарының осы екеуі де мәселені шешуге, сұраққа жауап беруге қатысады. Бірақ қиялда мәселені шешудің өзіндік ерекшелігі болады. Қиял — мәселені суреттеу, жанды көрініс арқылы шешсе, ойлау оны тірі суретсіз жалпылай, ұғым, пікір, тұжырым түрінде шешеді;
5) адам қиялы еңбек процесінде, іс-әрекет үстінде жарыққа шығып, дамып отырады. Мұндағы негізгі шарт: саналы мақсаттың болуы, болашақты болжай алу, істейтін еңбектің нәтижесін күні бүрын көре білу, яғни оны өңдеп, өзгертіп, елестете алу — адам қиялына тән негізгі белгілер. Қиялда адамның дүние жөніндегі әр түрлі таным-түсінігі әртүрлі формада қиюласып, жаңа сапаға ие болады. Қиял бейнелері адам қажеттігінен тәуелді бола түрып, оны белсенді кызметке итермелейді,творчестволық ісіне күш-жігер қосады. Қиял тек теориялық және практикалық қызметте ғана емес ол адамның бүткіл рухани өмір жүйесінде елеулі орын алады. Кісінің өмір жолы, жеке басының ойдағыдай дамуы, даралық қасиеттері, іс-әрекетінің қүрылымы, өмір салтының қалыптасуы мүнсыз мүмкін емес. Адам санасының жануар психикасынан басты айырмашылығы адамда ойлаумен қатар қиял әрекетінің
болғандығында.
Педагогикалық қиял – бұл өз іс-әрекетінің болашақта қалай болатындығын алдын ала білудегі арнайы қабілеттілігі, шәкірттің жеке басын тәрбиелік тұрғыдан жобалау. Бұл қабілеттілік педагогикалық оптимизммен байланысты, тәрбиеге сену, адамға сену
Осы процесстің адам өмірінде алатын орны ерекше. Әсіресе, мұғалімнің шығармашылық қиялы бүгініміз бен болашағымызды өзгертуге зор ықпал етері сөзсіз.
Творчестволық қиял деп өзіндік образдар жасау арқылы әрекетте, жаңа продуктылар беруде көрінетін қиялды айтады. Шығармашылық қиял ақын-жазушылардың, суретшілердің, артистердің, өнер қайраткерлерінің және мұғалімдердің іс-әрекетінде үлкен орын алады. Ақын-жазушының творчестволық қиялынан көркем-әдеби шығармалар туындаса, суретшінің қайталанбас еңбегі оның қиялының жемісі болмақ. Өнер саласындағы қай жан болса да өзінің творчестволық қиялының арқасында «өнер қайраткері» атана алады. Ал біздің мұғалім мамандарға осы қиялдың қандай қажеттілігі бар және оның нәтижесі қалай көрінеді?
Мұғалімнің шығармашылық қиялы оқушы немесе оның шәкіртімен тығыз байланысты. Оның шығармашылық қиялын жалпы және жалқы деген екі топқа бөлуге болады.
Жалпы дегеніміз - білім саласындағы көптеген оқушылардың білім, білік, дағдысын қалыптастыру мақсатындағы шығармашылық қиял. Осы қиялдың арқасында көптеген дидактикалық еңбектер жарыққа шығады.
Жалқы дегеніміз- бір немесе екі озық шәкірттерді нәтижелі еңбекке баулу және оларды көшбасшы ретінде тәрбиелеу жолындағы шығармашылық қиялды айтамыз. Бұл қиялдың нәтижесінде олимпиада чемпиондары мен халықаралық жарыстардың жеңімпаздары тәрбиеленеді. Қиялдың екі түрінде де саналы мақсат қоя білу, болашақты болжай білу және іс-әрекеттің нәтижесін күні бұрын көре білу қажет.
Мұғалімнің кез-келген іс-әрекеті жұмыстың мақсаты мен мазмұнынан және оның күтілетін нәтижесінен тұрады. Оң нәтиже мұғалім қиялының ұшқырлығы мен дәлдігін білдіреді. Осындай шығармашылық қиялдың нәтижесінде В.А.Сухомлинский «Балаға жүрек жылуы» атты еңбегін жарыққа шығарса, Я.А.Коменский өзінің «Ұлы дидактика» атты еңбегін жазды.
Мұғалім алдына келген әрбір жеке тұлғаның болашағы жайлы терең ойланып, оның мақсаты мен мұратына адамгершілік тұрғысынан әсер ете білгенде ғана қоғамға пайдасы тимек. Мұғалім қиялының нәтижесі оның әр өткен сабағынан байқалады. Себебі, ол алдағы болатын сабаққа алдын ала дайындалып, өтілетін сабақты ой елегінен өткізе отырып мақсаты мен күтілетін нәтижесін айқындайды. Осы мақсатта түрлі дидактикалық еңбектер жазады. Сонымен қатар әр оқушының жеке ерекшеліктерін байқай отырып, шығармашылық қиялының арқасында оған дұрыс бағдар бере алады. Мұғалім өзінің шығармашылық қиялының арқасында әр оқушыны қоғамға қажетті азамат ретінде көре алады және осы мақсатта тәрбиелейді.
Бүгінгітаңдағыжасжеткіншектерпедагогикалықмамандықтарғасүйіспеншілікпенемес, қажеттілікпенкелуде. Сондықтан да, мамандықтыңқыр-сырынашу, мамандыққамахаббаттыоятужәне осы саладашығармашылыққиялдауүшінстуденттергенәтижелібағыт беру мәселесітуындапотыр. Осы мәселетұрғысынан, педагог мамандардыдайындаудаолардыңшығармашылыққиялынқалыптастыружәнедамытуүшін кем дегенде 10 педагогикалықәдебиетжәне 90 әдебикітаптыоқудыталапеткенжөн. Педагогикалықмамандықтаоқитынәр студент оқусоңындамемлекеттікемтиханменбірген осы әдебиеттербойынша да емтихантапсырса, болашақта оларданжақсымұғалімдершығарысөзсіз.
Әрмұғалімалдыменөзініңшығармашылыққиялындамытып, қиялыныңжетегіменнәтижелііс-әрекетжасағандағанамәңгілікелдіңұрпақтарынтәрбиелейалады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет