Мақсаты: белгісіз санды табуға, өрнектің мәнін табуға, жасырынып тұрған санды тауып жаттауға арналған ойын.
Керекті құралдар:Белгісіз санды табуға арналған кесте, әріпті өрнектер мен теңдеулер.
Мазмұны: Кестедегі белгісіз сандардың орнына «Ақ сүйек» тығылып жатыр. Кім дұрыс шығарса , сол табады. Дұрыс шығармаса, көрмей аттап кетеді.
«Ақ сүйек» ойыны
Мақсаты: Бір таңбалы санға қосу және азайту, ондықтан аттап қосуға, көбейту мен бөлуге байланысты мысалдар шығарып жаттығу.
Керекті құралдар:Әр топ арналған кішкентай жолаушылар, сол ойынға қатысқан балаларға арналған нөмер, қосымша мысалдар жазылған карточкалар, плакат.
Мазмұны: Мұғалім топты бірнешетопқа бөледі де, оқулықта жаттығуға берілген мысалдарды карточкаларға немесеойын тақтасына плакат жазып қояды. Бәйгеге түсетін бала алдын ала 1-ші турданөтіп мысалдарын шығарып, жарысқа қатысуға жолдама алады. Жарысқа қатысуғажолдама алған топтың балалары алдымен бір-бірден тақтаға шығады: мұғалім жарыстәртібімен таныстырады. Екі бала өздеріне тиісті жолдың бойындағы есеп-мысалдардышығара отырып, алға жылжиды. Кім бірінші болып мәреге жетсе , сол топ жеңеді.Бұл ойынды екі бала да жарысып ойнайды.