|
|
бет | 10/15 | Дата | 14.04.2022 | өлшемі | 2,75 Mb. | | #31046 |
| «Теңге ілу» ойыны
Мақсаты: Оқулықты пысықтауға арналған бағандағы мысалдарды ауызша немесе жазбаша орындап, жаттығу кезінде пайдаланады. Жарысып отырып, жылдам есептеуге жаттығады.
Керекті құралдар: Топ санына байланысты 2 немесе 3 сақина, не оның орнына құрт, кәмпит, түйме т.б.
Мазмұны: Сыныпта неше қатар парта бар сонша топ болады . Әр топқа бір- бір сақинадан беріледі.Тақтаға топтағы балалар санына байланысты мысалдар жазылып қойылады. Мұғалімнің командасы бойынша , қолында сақина бар ойын бастаушылар бірінші мысалды шығарып, екінші ойыншы сақинаны алып, ойынды жалғастырады. Ойын үнсіз жалғасады. Ойынды қай топ бірінші аяқтаса және дұрыс орындаса, сол топтың балалары ұтады. Ойын бірдей уақытта
басталып, бір мезгілде аяқталуы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|