Дидактикалық мақсаты: Оқулықты пысықтауға арналған бағандағы мысалдарды ауызша немесе жазбаша орындап, жаттығу кезінде пайдаланады. Жарыса отырып, жылдам есептеуге жаттығады.
Керекті құралдар:Топ санына байланысты 2 немесе 3 сақина, не оның орнына құрт, кәмпит, түйме, т. б. қолда барды пайдалануға болады (әр қатарға бір-бір сақинадан болса, ойын тез жүреді).
Мазмұны: Топтағы балалар 2 немесе 3 топқа бөлінеді. Сыныпта неше қатар парта болса, сонша топ болады. Әр топқа бір-бір сақина береді. Тақтаға топ санына байланысты, баған түрінде мысалдар жазып қойылады. Әрбір қатар мысалдарды топқа бөліп береді. Мұғалімнің командасы бойынша, қолында сақинасы бар ойын бастаушылар бірінші мысалды шығарып, ойынды жалғастырады. Ойын үнсіз жалғасады. Ойынды қай топ бірінші аяқтаса және дұрыс орындаса, сол топтың балалары ұтады (бағалауға да болады). Ойын бірдей уақытта басталып, бір мезгілде үш топпен бірдей аяқталуы да мүмкін. Онда шығарылған мысалдардың дұрыстығы ескеріледі .