3."Психика"ұғымы қай елдің сөзі және қандай мағынаны білдіреді?
гректің "псюхе"- жан деген ұғымды білдіреді
4. Психология ғылымында кең тараған, адамның жан дүниесі туралы айтылған "Өзіңді - өзің танып біл" пікірін айтқан кім?
Сократ (грек ойшылы)
5. Психиканың құрамдас негізгі бөліктеріне не жатады?
Психикалық процестер, психикалық кейіп, психикалық қасиеттер
6. Зейін көлемін қандай аспаппен зерттейді?
тахистоскоп аспабы
7. Жануарлар психикасының түрлері қай қатарда дұрыс көрсетілген?
инстинкт, дағды, интеллект
8. Жүйке жүйесінің ауруға шалдығуына байланысты жалған, теріс, бұрмаланған бейнелерді қабылдау түрін көрсетіңіз?
Галлюцинация.
9. Апперцепция дегеніміз не?
Қабылдаудың адамның жалпы психикалық тұрмысы мен өткен тәжірибесінің мазмұнына байланыстылығы
10. Ресей психологы Р. С. Немовтың көрсетуі бойынша ойлау процесінің формалары қай қатарда дұрыс берілген?
Ұғым, пікір, ой қорытындысы
11. Аккомодация дегеніміз не?
Көздің түрліше қашықтықтағы заттарды көруге бейімделу қабілеті
12. Объективтік шындықты бейнелеп, оның әсемдігі мен сұлулығын, жарасымдылығы мен сенімділігін қабылдап, оған әсерленудегі көңіл - күйді не деп атайды?
Эстетикалық сезім
13."Темперамент адамның дене конституциясымен тығыз байланыста болады және пикник, атлетик, астеник болып үшке бөлінеді" деп атап көрсеткен ғалымды белгілеңіз?
Неміс психологы Э. Кречмер
14. Темпераменттің типтері қай қатарда көрсетілген?
холерик, меланхолик, сангвиник, флегматик
15. Бастауыш мектеп шағы бала өмірінің қандай жас аралығын қамтиды?