Ақ Сарбаз Әлемі. indd



Pdf көрінісі
бет22/109
Дата19.01.2023
өлшемі3,4 Mb.
#61959
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   109
Байланысты:
Ақ Сарбаз Әлемі

ҰСТАЗДЫҢ ҚҰДЫРЕТІ
2017 жылы «Тәңір Жауынгері» кітабын батыстық нұсқада 
бастырып шығармақ болып Алматыға жол тарттым. Кітап 
ішінде иллюстрация салынған, қаріптері де ірі, оқуға жеңіл 
болатын. Версткасын өзім дайындағам.
Поезда кетіп бара жатып, таң алдында түс көрдім. Түсімде 
биік тау басына шығып келе жатыр екенмін. Құдайлар өмір 
сүретін ертедегі Олимп екен деймін. Бұлттарға жақындаған 
кезде екі үлкен қол бұлтты жарып бері қарай созылды да 
маған екі күшікті берді. Мен алып жатып оянып кеттім.
Оянып алып ойлаймын: «бұл екі күшік кім болды? 
Қартайғанда Құдай маған бала бергелі жатыр ма екен?» деп.
Бұндай аян түстер әбден орындалғанша ешкімге айтпау 
керек екен. Мен байғұс «жақсынікі – жария» деп айналама 
айта бастаймын ғой. Әйелім шошиды: «балаң не? баяғыда 
көріпкел маған 4 балаң болады деген. Төрт баламыз бар, 
жарамай ма? – деп.
– Құдайдың бергенін көпсінбеу керек – деп өзімше 
ақылгөйсіп қоямын.
Сөйтіп 2 жыл өтті. Бұл түс ұмытыла бастағанда аяқ астынан 
әйелім аяғы ауырласын. Короновирус деген тажал елге келіп 
жатқан уақыт.
«Ойбай, не істеймін?!»
«Тырыс етпе! Құдай сақтайын десе от ішіндегі мақтаны 
сақтайды демей ме?» деп жұбатып қоямын.
Ата-анасының жасы мен баланың бойға біткен күнін 
есептеп ұл не қыз екенін айыратын күнтізбе бар еді. Сол 
күнтізбені қарасақ бойға біткен нәресте қыз боп туғалы тұр 
екен. Жоламан балам: «о, қыз бөпе жақсы!» деп қуанса, бұл 
Ахметшахқа ұнамай қалыпты.
Ахметшах баланың кішісі болғандықтан, бәріміз соны 
жұмсайтын едік.
– Маған қыз бөпе емес, ұл бөпе керек! – дейді.
– Неге?
Ұстаз туралы


70
Ақ Сарбаз Әлемі
– Жұмсаймын. Шаруаға, төбелеске үйретемін. Қажет болса 
өзім қорғап жүремін!
Әр айдың 6-ы күні балалар Атасының дауысын естісін деп Ақ 
Сарбазбен сөйлесуге рұқсат ететін едім. Онда да Атасы қаласа 
телефонды көтеретін. Егер бір қоңырау шалғанда телефонды 
көтермесе, екінші рет мазаламайтын едік. Мен алтысы күні 
ауылда болмай қалып, балалар Атасымен өздері сөйлесіпті. 
Кезек Ахметшахқа келгенде:
– Ата, апаның ішіндегі қыз бөпені, ұл бөпеге ауыстырып 
беріңізші! Маған ұл бөпе керек! – деп өз өтінішін тастап 
жібереді.
– А, онда ұл болсын! – депті Атасы.
Үйге келсем Ахметшах: «Атама айтып, бөпені ауыстырып 
алдым!» деп масайрап жүр екен.
Дуалы ауыздан шыққан бір ауыз сөз бәрін өзгертті де 
жіберді. Әйелімнің жерік асы аяқ астынан өзгеріп шыға келді. 
Мінез-құлқы да өзгерді. Іштегі нәрестенің ұл-не қыз болуы 
әйел мінез-құлқына әсер ететінін білетінмін. Бұл уақытта 
короновирус індеті өршіп, көп жерде халық жаппай қырылып 
жатты. Іштегі баланы тоғыз ай көтеріп жүруге әйелімнің 
денсаулығы шыдамайтын болды. Сөйтіп жедел толғақпен 7 
айда босандырып алды. Бала шыны ыдыстың ішінде түтікпен 
қоректендіріліп бір ай жатып барып қатарға қосылды. Туған 
күні Ұстазға қоңырау шалған кезімде:
– Есімін Масуд қой! – деді. Осыны айтқанда Масудтың 
қандай болатынын көріп тұрғандай сүйсіне, күле сөйледі.
«Бұрын балдарыма ат қойғанда таза қазақша қоятын еді, 
бұл баланы неге Масуд қойды екен?» деп ойладым. Сөйтсем 
ырымдап ажалды алдаған екен ғой. Ахметшах Масуд – бір 
адамның аты. Бұл баланы Ахметшахтың жалғасы секілді тіркей 
салған. Осымен бір күнде туған басқа біреудің ұлы кешікпей 
шетінеп кетіпті. Масуд болса аман-есен үйге оралды. Қазір 
энергиясы тасып-төгіліп шапқылап жүр.
– Немереңіз бе? – деп сұрайды үйге алғаш келушілер.
– Балам – деймін.
– Кешірім сұраймын, кенжеңіз екен ғой!
– Кенженің алдындағысы болуы да мүмкін – деп қоямын 
баяғы түсім есіме түсіп кетіп.


71


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет