95
Енді Ақ Сарбаз кітабындағы Ғарыш Заңдарын негізге ала
отырып осыған жауап іздеп көрейік.
Әуелі жеті сатылы тіршілікті айқындап алайық.
Қазақтың жусанды даласында тұрған арғымақ мінген
қазақты көзіңізге елестетіңізші. Мысал үшін бұл Балуан Шолақ
болсын. Балуан бабамыз алып күш иесі еді. Бұл –
төртінші
сатының принципін орындап тұрғанын білдіреді. Ол ақылды,
парасатты болған. Бұл – бесінші ақыл сатысына лайықты
қасиет. Оның жүрегі халқына деген, Ғалияға деген махаббатқа
толы аруақ қонған ер еді Бұл – алтыншы сатыға тән қасиет.
Аруақтың үстінде періште, періштенің үстінде Тәңірі тұр.
Енді төмен түсейік. Балуан Шолақ бабаның астындағы ақбоз
аты – үшінші сатының тіршілік иесі еді. Ат тұяғының астында
туған жерінің жусаны өсіп тұрды. Өсімдік – екінші сатының
тіршілік иесі еді. Өсімдіктің тамыры нәр алып тұрған топырақ
– бірінші сатының тіршілік иесі еді.
Төменнен де жоғарыдан да Ғарыш Қуаты тоқтаусыз жылжып
қазаққа қуат беріп тұратын. Осы Қуаттан ажырап қалмас үшін
қазақ туған жерінен көшпеуге тырысатын.
XX-ғасырда біз аттың орнын автомобилмен алмастырдық.
Оны – «темір тұлпар» деп әспеттедік. Қаншама жүрдек болса
да темір – бірінші сатының жаратылысы еді.
Сол себепті
Ғарыштан келіп-кетіп тұрған энергобаланс бұзылды да,
қазақтың рухани күші әлсіреп, азғындау дәуірі басталды.
Алтыншы сатыда адамдар көшпенді өркениет қалыптасты-
рып, табиғатқа оралады да,
бұзылған энергетикалық тепе-
теңдік қайта қалпына келетін болады.
Қазағым кармалық қарыздарынан тезірек құтылып, Жаңа
Әлемде өмір сүруге дайын болса екен деп тілеймін!!!
Ғарыш Заңдары