ИЕРАРХИЯ ДЕҢГЕЙЛЕРІН ҚАЗАҚША ЗЕРТТЕУ
(Ақ Сарбаз кітабындағы Ғарыш Заңдарын қазақы
көзқараспен зерттеу)
7. ТӘҢІР
↓ ↑
6. ПЕРІШТЕЛЕР
↓ ↑
5. АРУАҚТАР
↓ ↑
4. АДАМДАР
↓ ↑
3. ЖАНУАРЛАР
↓ ↑
2. ӨСІМДІКТЕР
↓ ↑
1. ЖЕР
Бұл схемадағы Иерархия сатысынан біз мынандай
философиялық ой түйеміз:
Жер өсімдікке қуат (энергия) береді
Өсімдік жануарға қуат береді
Жануар адамға қуат береді
Адам періштеге қуат береді
Періште Тәңірге қуат береді
Демек Жерден шыққан қуат түрлі денелерден өтіп Тәңірге
берілуі тиіс. Егер осы өткізгіштердің қақ ортасындағы Адам
ақсақалын сыйламаса, аруақты ескермесе жоғарыға көтерілер
қуат тежеледі. Иерархия Заңы бұзылады. Осының нәтижесінде
жоғарыдан келер қуат та тоқтайды. Мұның басы адамның
азғындауы болса, аяғы табиғат апатына әкеледі.
93
Иерархия дегеніміз – төменнің Жоғарыға деген ілтипаты,
махаббаты. Жоғарының төменге деген қамқорлығы.
Иерархиясыз Эволюция алға баспайды.
Әрбір Жан өзінен жоғарыдағыларды сыйлап, бағынып,
өзінен төменгілерге қамқор болуы тиіс.
Сүйіспеншілік пен құрмет екі жаққа да бірдей бағытталғаны
жөн.
Егер бала өзінен үлкендерді ғана сыйлап, өзінен кіші
сатыдағы жан-жануарды сыйламаса, қатыгездікпен жөнсіз
азаптаса, қамқорламаса Тәңірден Жерге бағатталған қуат
тежеледі. Мал қадірін білмеген шөп қадірін де, жер қадірін
де білмейді. Ондай кісіге мал құтаймайды. Төменнен келер
махаббат қуаты тоқтаған соң адам Жоғарыға да сүйіспеншілік
нұрын бере алмайды. Ондай Жан түптің түбінде қуат
өткізгіштік рөлінен айырылып, Иерархия сатысынан шығарып
тасталынады.
Жер құнарлы болса шөп нәрлі болар
Шөп нәрлі болса мал қоңды болар
Мал қоңды болса елде береке болар
Елде береке болса аруақты сыйлар
Аруақ Періштені тыңдар
Періште Тәңірге бағынар.
Егер періште Тәңірге бағынбаса, Аруақты бездірер
Аруақ безсе елде береке болмас
Берекесіз елдің малы арық болар
Мал арық болса жер тақыр болар
Жер тақыр болса заманақыр болар.
Ғарыш Заңдары
94
Ақ Сарбаз Әлемі
Достарыңызбен бөлісу: |