ӘҢГІМЕЛЕР
156
Ақ Сарбаз Әлемі
КРИШНАИТПЕН КЕЗДЕСУ
Бұл оқиғаға да 20 жылдай уақыт болып қалған екен-ау!
Түскі тамаққа енді отыра бергенде сыртқы есік ашылып, біреу
дауыстады. Сыртқа шықсам сүйекті келген, жағы суалыңқы,
бойы ортадан жоғары бейтаныс жігіт тұр. Асынып алған қара
сөмкесі бар.
– Жәнібек Әбілпейсов деген жігіттің үйі осы ма?
– Иә.
– Жәнібекті іздеп келіп едім.
– Жәнібек деген менмін.
Ішке кірмей, шақырып алып тұрғасын ойладым: көрші
ауылдардан той басқаруға шақырып келіп тұрған асығыс кісі
екен деп.
– Атыраудан арнайы сені іздеп келе жатыр едім, есімім –
Ғани. Қазір автобустан түстім.
– Ендеше қош келдің. Үйге кір.
– Уақытың болса сенімен әңгімелескім келеді. Сосын кейін
қарай жолға шығамын.
– О, не дегенің? Арнайы іздеп келіп тұрған адамға уақыт
табамын ғой. Ал, кейін қайтуға асықпа, бауырым. Атырауға
баратын автобус өтіп кетті. Бүгін қонағым болып ертең
қайтасың.
Келген жігітті шешіндіріп төрге жайғастырдым. Ол кезде
сүрбойдақпын. 70-ке келіп қалған апам екеуміз тұрамыз.
– Ал, қонағым, айып етпе. Мынау өзімізге әзірлеген тағамнан
алып отыр. Кешке мал келгесін қой сойып қонақ қыламын.
Ғани шошып кетті.
– Жо-жо-жоқ, о не дегенің! Қой соймаңыз, мен ет жемеймін.
Шай құйып отырған апам да таң қалып қалған сияқты. Мен
ес білгелі осы үйдің дастарханынан дәм татып кетіп жатқан
не бір ақын, сері дегендердің ішіндегі «ет жемеймін» деген
157
қазақты бірінші рет көріп отырған шығар сірә.
– Ет жемегенің қалай?
– Мен вайшнавпын, яғни кришнаитпын. Маған ет жеуге
болмайды.
Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін елімізге, әсіресе Алматыға
әлемнің түрлі діни секталары ағылып келіп жатты. Сол кезде,
сонау 90-ыншы жылдарда мен Алматыда студент болып жүріп
бұл Кришнаит дегеннің шет жағасын байқап көргенім бар.
Рухани білімге деген құштарлық әр жексенбі сайын Алматының
шетіндегі қара базарға тартатын да тұратын. Буддизм туралы,
иоганың түрлері туралы, Лао Цзы, Конфуцы, Шри Ауробиндо,
Вивекананда, Свами Прабхупада т.б. толып жатқан мықты
философтардың кітаптарын соңғы тиынымды беріп сатып
алып отырдым. Агни Иога кітаптарын оқып, Рерих қоғамымен
байланыс орнаттым. 16 сөзден тұратын «Харе Кришна» маха-
мантрасын да қайталап көргем, аузымды көпіртіп. Бұлардың
тәспиығы 108 тастан тұрады. Әр тасын ұстаған сайын манағы
16 сөзді қайталап отырсаң аузың көпірмегенде қайтеді?!
Ашқұрсақ студент үшін кришнаиттардың тегін сыйлайтын
тәтті тағамы Құдайдың жарылқағанындай болып көрінетін.
Иога ілімдерін зерттеудің әсері болар, мен де 1-2 жыл ет
жемей жүргенім бар. Елге келгенде маған ет жегізу үшін апам
қолынан келгеннің бәрін жасады. Жылқының майлы қазысына
қарамай, Бал татыған бекіре балығын қуырып бергенде де
жемей қойғанымды айтсайшы, апамды ренжітіп. Сөйтіп жүріп
өз халқыма қайтып келуім де бір хикая. Көкшетауға айтысқа
барған кезімде кітап дүкеніне кірдім. Сөреде тұрған Ақ Сарбаз
деген кішкене көк кітап көзіме оттай басылды. Сатып алып бір
демде оқып шықтым. Кітаптағы Ғарыш Заңдары, Эволюцияның
алтыншы сатысы, Қазақ халқы туралы деректер қатты әсер
етті. Дереу кітап авторын іздеп айтыстан шыға сала Алматыға
жол тарттым. Кітап авторының орнында Жиһан Желтоқсан
деген псевдоним тұр. «Жазушы» баспасына барып кітаптың
редакторы Раиса Аросланованы тауып жолықтым. «автормен
кездескім келеді» деген өтінішіме ол апай: «автор ешкіммен
кездеспейді» – деп жауап берді. «Сонау Батыс Қазақстаннан
Әңгімелер
158
Ақ Сарбаз Әлемі
арнайы іздеп келіп едім, өтінемін кездестіріңіз» деп мен де
қиылып кетпедім. Сонан соң апай авторға телефон шалып
мен туралы айтты да, «кездесуге рұқсат етті, міне телефоны»
деп телефонын берді. Қуанышым қойныма симай кетті. Бұл
менің өмірімдегі ең маңызды оқиға, өзімнің өмірлік мұратымды
айқындаған Рухани Ұстазбен кездесу болды. Үйіне алғаш
барған кезде қазан көтеріп таза еттен ас асты. Алдыма ас
келгенде бұрын етін жемей, нанын жеп отыратынмын. Мына
жерде еттен басқа тағам жоқ. «Ас ал» – дейді. «Ет жемеуші
едім» – деймін. «Ет жемейтін Қазақ бола ма екен?» – деп
күледі. Адам сыйлағанның құлы деген. Содан ет жеп кеттім. Ол
кісі менің көкейде жүрген тіршілік туралы барлық сұрақтарыма
жауап беріп дүниетанымымды әбден байытты. Өз халқыма
деген құрмет, салт-дәстүрімді зерттеуге деген ықылас осылай
оянды.
Қазақтың
әулиелерін,
би-шешендерін,
аруақты
ақындарын, батырларын, мақал-мәтелін жаңаша Ғарыштық
көзқараспен зерттеуге кірістім. Бірақ бұрынғы жинаған бір
сандық кітаптарымды да далаға тастағаным жоқ. Менің
рухани ізденісімнің куәсіндей болып жиналып тұратын.
Табылды Досымов нағашым үйіме келгенде осы кітаптарды
көріп, мазмұнын сұрағаны бар. Ақындардың бір қасиеті
әзіл-қалжыңды ұнатады. Кейін менен естігенін қалжыңға
айналдырып Тәкең жарықтық сөз арасында айтып отыратын
болды: «Тәтті келіншекті құшақтай алған кезде, екеуміздің
аурамыз аспанға жетті ғой!» деген секілді. (Аура – адамнан
жан-жаққа шашырап тұратын, жай көзге көрінбейтін сәуле).
Енді мынау Ғани Кришнаиттың мені қалай тапқанына
келейік. Өзі Атыраудағы Әбдіхан ақынның көршісі екен.
Араласып тұрыпты. Табылды келгенде бірге дастархандас
қылып отырып Әбдіхан:
– Бұл Ғани деген көршім бір ерекше жан. Өлтірілген
нәрселерден жасалған тағамды, яғни ет, жұмыртқаны жемейді.
Тері киімдерді кимейді, оқымысты-фанат – десе Табылды:
– Сені Орал облысында тұратын Жәнібек деген жиенімнің
қасына қосып қоятын екен – дейтін көрінеді. Сөйтіп жүргенде
159
бір күні Тайпақтық ақын Сағынтай жездем Атырауға сатуға
мал апармай ма. Аяқтай өтпейтін болған соң Әбдіханның үйіне
әкеліп сойып, базарға салады. Әбдіханды базарға қойып өзі
үйде ақша күтіп жатады да Ғанимен танысады. Әңгімелесе
келе Ғанидың қай жаққа бұра тартып тұратынын байқаған
жездем:
– Е, інім, сенің мына әңгімелеріңді бір тыңдаса Антон деген
ауылда тұратын менің Жәнібек балдызым тыңдайды. Екеуің
бір-біріңе «ой бауырым, қайда жүрсің?» деп табысатындай-ақ
жан екенсіңдер – депті. Онсыз да Табылды мен Әбдіханның
аузынан мен туралы аңызға бергісіз әңгімелерді естіп, көргісі
келіп жүрген Ғани ертеңіне ұйқыдан тұра сала ешкімге айтпай
«Антон қайдасың» деп тартып отырған. 250 шақырым жүріп
келіп отырған бойы екен. Қой сойғызбайтын болды. Ет қосқан
түскі тамақты да жемеді. Алыстан арнайы келіп отырған
мейманға нан мен май ғана беріп жатқызамын ба? деген ойдан
ұялып отырмын. Түстен кейін Ғани айтты:
– Мен қалада туып-өсіп едім. Табиғат аясына шығып
көрмеппін. Орман жақын екен, серуендеп қайтсақ қайтеді?
Орманның шеті үйден 300 метр жерде. Қонақты орманға
апармақ болып киініп жатқан кезде:
– Жәке, картошка ала салшы, күлге көміп жейік – деді.
Оншақты картошка, тұз, сіріңке алдым. Қарашаның қарасуық
үскірік желі өңменіңнен өтіп кете жаздайды. Ауылға жақын
жердегі орманда 5 кісінің құшағы әрең жететін дәу терек бар
еді. Соның ығына от жағып, күлге көміп күйелеш-күйелеш
қылып картошка пісіріп жедік. Ғани әбден риза секілді.
– Жәке, мына құрметіңе рахмет!
«Шын айтып отыр ма?» деп бетіне қараймын. Табылды,
Сағынтайлар келгенде құлша қызмет етуге үйреніп қалған
басым, күлге көмген картошкаға риза болып рахмет айтқан
қонақты бірінші көріп отырмын.
Үйге келдік. Нағыз пікірталас енді басталды. Шежіре зерттеп
жүрген әдетіме басып әуелі руын сұрадым:
– Қай туғансың, бауырым?
– Адаймын.
Әңгімелер
160
Ақ Сарбаз Әлемі
– Е, нағашым болдың. Адайдың қайсысы?
– Жеменей.
– Адайдың Сейіт биі айтқан екен: «Жеменейдің жігіті
қызыл түлкі, басына іс түскенде құбарланға шалдырып барып,
құйрығын бұлғақтатып адастырып кетер, арманда қаларсың»
деген. Сен қандайсың?
Адай десе аузым қышып тұратыны рас. Сол себепті бірден
Адайский атаканы өзім жасап жібердім. Бірақ Ғани орысша
оқыған, қаланың шежіреден шет өскен қазағы екен. Нағашы-
жиен болып қалжыңдасатын ыңғай танытпады. Білім деген
баршылық. Веда кітаптарындағы санскриттік терминдерді
жатқа соғады. Ғарыш Заңдарын, Карма, Рейнкарнацияны
жақсы біледі. Қара сөмкенің іші толған кітап. СНГ бойынша
барлық Кришна Санасы қоғамымен тығыз байланыста болып
шықты. Рухани ұстаздары татар, Қазан қаласында тұрады
екен. Ұстазының бейнетаспаға жазылған дәрістерін де ала
келіпті. Есіме өз Ұстазымның сөзі түсті:
«Адам о дүниеге барғанда Құдайдың алдында ең алдымен
өзінің ана тілінде жауап береді. Егер тілін ұмытып, өз ұлтын
менсінбей өзге ұлттың болмысын қабылдайтын болса ұлттық
карманы орындамаған адам ретінде жазаланып, келесі қайта
туылғанда өзі еліктеген халықтың ең сорлысының отбасында
дүниеге келуі мүмкін»
Ендігі пікір алмасуды нағашы-жиен болып шымшыласу емес
екі өркениеттің қақтығысы деуге келетін еді. Ғанидың пікірінше
Рухани білімнің нағыз қайнар көзі – Кришнаны зерттеу, маха
мантраны орындау, ешкімге зияныңды тигізбей өмір сүру.
Осындай ақылды, білімді жігіттің өз халқының дәстүріне
бойламай жатып, жаттың жетегінде кетіп бара жатқанына
шыдап отыра алмадым:
– Ғани, айтшы, вайшнав үшін тірі құмырсқаға да зияныңды
тигізуге болмайды. Ал, Адайлар батыр халық. Жаңаөзенде
астамсыған шешендерді қалай түріп шыққанын білесің. Егер
еліңе келіп жау тиіп жатса «мен вайшнавпын» деп қарап
отырасың ба?
– Жоқ, о не дегенің! Әңгіме жоқ соғысамын!
161
«Әә, әлі қаны бар екен» деген ой келді. Намысына одан
сайын тиіп:
– Сенің мына істеп жүрген қылықтарың салтта жоқ. Яғни,
салтын сату боп табылады. Ал, салтын сату – халқын сатқанмен
бірдей! Осыған келісесің бе?
Ғани жалт қарады. Жанары жарқырап, түрі сұрланып кетті.
– Өзің қатты айтады екенсің! Біздің халықта мені
қанағаттандыратын рухани білім жоқ болса не істеймін?!
– Рухани білім жоғы қалай? Біле білсең Кришна немесе
Ғарыш Санасы Қазақтың биі болып дауды шешкен. Әулиесі
болып небір кереметтерді жасаған. Бекет әулие, Мәтенқожа
әулие, Есет әулиенің кереметтері Ғарыштан келген қуатпен
астасып жатыр емес пе? Шива – қиратушы Құдайдың есімі
болса, сол Құдайдың Өзі Қазақтың батырының қолымен жауды
қиратып, осы қасиетті жерімізді қорғап келген жоқ па. Қазақ
мұны:
«Ердің жолын Тәңір ашса,
Адаспас қара тұманнан» дейді.
Веда ілімі Иса пайғамбар туардан үш мың жыл бұрын пайда
болған дейсің, ал ата-бабамыз ұстанған Тәңір діні де барлық
діннің түп атасы болып табылады. Қазақтың Ұлттық болмысын
қалыптастырған осы Тәңір діні! Мықты болсаң өз халқыңды
зерттеп көр!
– Осы туралы кітаптар бар ма? Мен оқып шығамын,
зерттеймін. Егер бұл шындық болса өз салтыма ораламын.
Тірнектеп жинаған би-шешендер туралы кітаптарымды
беруге қимай тұрмын. Ғани өз кітаптарының ішінен екі үлкен
кітапты сыйлыққа қалдырды. Мен «Сырымның шешендік
сөздері» деген тілдей кітапты оған сыйладым. Өстіп жүргенде
түн ортасы болды. Ұйықтар алдында:
– Бір өтінішім бар – деді Ғани – көптен асқазаным ауырып жүр
еді, сиыр қасиетті мал ғой, сідігін ем ретінде пайдаланамын.
Ауылда сиыр көп шығар. Ертең кеткенде сиырдың сідігін алып
кетсем...
– Ой, нағашы, о не дегенің? Алты сиырым бар. Бір шелек
сідік дайындап берейін.
Әңгімелер
162
Ақ Сарбаз Әлемі
– Жақсы болар еді. Мен оны төрттен бірі қалғанша қайнатып
барып ішемін.
Апама барып айтып жатырмын. «Апа, солай да солай,
қонақтың бұйымтайы: бір шелек сиырдың сідігін тосып
алыңызшы таңертең»
– Көтек, не дейді? Оны не қылады?
– Ішеді екен.
– Астапыралла, бұндай да болады екен ғой! – деп апам
ернін сылп еткізді. Жатып қалдық. Атырау-Орал автобусы
түс кезінде жүреді. Таңертең жай тұрдық. Апам да ұйықтап
қалыпты. Сиыр деген «қасиетті мал» түнімен ерініп жатады
да, таңертең орынан тұрған бойда сар еткізіп жібере салатын
әдеті ғой. Апам қораға саууға барам дегенше, албастының
алтауы да тұрып кетіп ақтарып тастапты. Уәде еткен сідік
жерге төгіліп қалған. Не істеу керек? «Қой, қонаққа уәде
берген соң құр жіберу жарамас» деп апам сиырды бақташыға
айдағанда шелегін алып барыпты. Сиыр бағатын Қазихан
есімді қарт атқа мініп алып бір шетте қарап тұр дейді. Ойлаған
шығар: «Мына кемпір алжиын деп жүр ме, сиырды үйінен
саумай, мында келіп сауғалы тұр ма?» деп. Жан-жақтан ел
келіп-кетіп жатқанда шелек ұстап сиетін сиырды күтіп тұрудан
ұялғаным-ай. Бір мезгілде шеттеу тұрған бір құнажын белін
бүкірейтіп, құйрығын тікірейтіп енді шаптыра бергенде шелекті
тоса қойдым. Бәтшағар, өмірі тосылып көрмеген мал ғой. Бос
шелек сар ете қалғанда үркіп кетіп тұра қашты. Одан бүкіл
сиыр үркіп, Қазихан атпен шауып әрең қайырып алды – деп
күлкіге булығып апам келді. Шелек түбінде бір литрдей ғана
сиырдың кіші дәреті құйылыпты. Қалғанын бермей қашып
кетіпті, сиыр оңбаған. Бір шелек дайындаймын деген уәдеме
тұра алмайтын болдым. Ұят болды. Әлгіні баклашкаға құйып
қойдым да, әбден автобусқа шығарып салар алдында Ғаниға
көрсетіп:
– Нағашы, ренжіме, бары осы болып қалды. Тағы бір күн
қон. Ертең қайтсем де бір шелек дайындап берейін – дедім.
– Рахмет! Осы да жетеді. Айтпақшы, біздің Атыраудың
сиырларының зәрі аппақ болатын еді, мынау сап-сары екен.
163
Қайнатпай ішсе қалай болады?
– Ойбай, қайнатпа! Тоғайдың бүкіл витамин шөбін жеп
жүрген бұл жануарлардың сідігі құнарлы ғой.
Нағашым бақлашканы сөмкесіне салып алды. Қора
жаққа туалетке кеткен. Бір мезгілде сиырдың жас жапасын
шеңгелдеп келіп тұр. Мен қонақпен әуре болып қорада боқ
алынбай жайрап жатыр ғой, жапаға тайып құлап қалды-ау
деп қолына су құйғалы жатсам:
– Пакет бар ма? – дейді.
– Оны не қыласың?
– Сен білмейсің ғой. Сиырдың жас жапасында ауыздың
қызыл етін бекітетін витаминдер көп. Мынамен аузымды
шаямын.
Бұдан әрі қарай ештеңе сұрағым келген жоқ. Нағашым мен
берген пакетке уысы толы жапаны мұқияттап орап салып
алды. Трассаға дейін ілесіп барып автобус тоқтатып мінгізіп,
шығарып салдым.
– Жәке, адресім мынау. Іздеп келсең қонақ қыламын.
– Рахмет, нағашы, рахмет! Ай, нағашыларым-ай, аман
болыңдаршы!
14-қаңтар, 2016 жыл. Атамекен ауылы
Әңгімелер
164
Ақ Сарбаз Әлемі
Достарыңызбен бөлісу: |