31
мініп алып әйда төмпештеймін. Тек өзім ғана үшін емес, бүкіл
елім үшін кек алып жатқандай айызым қанады. Әлгі бала бұл
қорлыққа көп шыдай алмайды. Көзінен сорасы аға өкіріп үйіне
қайқаяды. Мен жеңімпазбын!!!
Әлі есімде. Біз кезекті бір төбелеске кірісер алдында күн
ұясына батқалы тұрған. Төбелес көп болса сүт пісірімге
созылған шығар. Шайқас менің жеңісіммен аяқталып,
өзіме-
өзім келіп айналама көз салғанда күн көкжиекке отырған
екен. Ал, мен өмір-бақи қырқысып өткендей күй кештім. Мен
бұның сырын кейін ұқтым. Осы кезде басымнан бұрынғы бір
өмірімнің оқиғасы минициклда қайталаныпты ғой!
АҢЫЗ БЕН АҚИҚАТ
Үнді философиясындағы Құдайдың қиратушы бейнесі
Шива туралы білетін адам оның мүсіні мен суретіндегі көкпен
боялған тамағына назар аударары анық.
Аңыз бойынша
ертеде жер бетінде улы мұхит пайда болыпты дейді. Ол
мұхитқа қонған құс та, түскен аң да қырылып, жақындаған
адам ауруға ұшырайды. Ел бұл
мұхиттан қалай құтыларын
білмей басы қатады. Сол кезде Шива адамдарды аяп, мұхитты
ұрттап алып тамағында сақтапты деседі. Осыдан кейін оның
тамағы көгеріп кеткен.
Осы аңыздың негізінде шындық жатыр!
Чернобыл апатынан кейін Ақ Сарбаз бауырлас украин
халқына жаны ашып, өз еркімен сұранып,
жұмыс істейтін
мекемесінен апат аймағына аттанған. Сол жерде үш адамның
мерзімін орындап, үш ай өз құдыретімен жаңбырлы маусымды
тоқтатып, жұмыс жасаған.
Бұл оқиға оның «Тәңір Жауынгері» кітабында баяндалады.
Осы оқиғадан кейін Ұстаз зоб ауруына шалдыққан. Улы
радиациядан тамақ безіне зақым келіп өмір бойы ем қабылдап
жүруге мәжбүр болыпты.
Ұстаз туралы