МЕМЛЕКЕТ КАРМАСЫ
Алматыдамын. Ұстаздың аядай бөлмесінде отырмыз. Ол
жерде ойым мен сезіміме барынша мұқият боп, тізгіндеп
отыруға тырысам. Өйткені ой деген жарықтық тынымсыз ит
сияқты ғой. Жетектен босатсаң жер-дүниенің бәрін тіміскілеп,
тіпті кейбіреулердің сирағына сарып кетуі де мүмкін.
Бір рет мынандай жағдай болды. Теледидар қараған
Ұстаздың жанында отырмын. Теледидардан депуттардың
ұйқылы-ояу табақтай беттерін көріп қалып жаман ойларым
байқамай шығып кетті. Батыстық стилмен шетінен шешелетіп
жібергенімді байқамаппын.
Сол сәтте Ұстаз дәп бір мен жақтан ой емес, жаман иіс
шыққандай тіксініп қалды. Сөйтті де менен аулағырақ жылжып
отырды.
Бұрынғының әулиелері дүние істеріне араласпай, өздерін
тақуа таза ұстаған демеуші ме еді. Ақ Сарбаз болса саяси
оқиғаларды қалт жібермей бақылап отырады. Саясат деген
лас нәрсе ғой. Сайқал-саясатта несі бар екен? – деген оймен
бір күні Өзінен сұрадым.
– Саясат дегеніміз Мемлекет Кармасы – деп жауап берді
Ұстаз. Мемлекет Кармасы дұрыс қалыптасуы үшін әр адам
саяси сауатты болғаны жөн. Олай болмаған жағдайда
Карманың бесінші деңгейі – Мемлекет Кармасына оған лайық
емес, Әулет Кармасы деңгейінде жұмыс жасайтындар келеді
де мемлекетті батпаққа батырады!
43
Ұстаз туралы
ӘЛЕМДІК ДАҒДАРЫСТЫҢ СЕБЕБІ
Адамзаттың ойларын кино сияқты көріп, қалағанын
қалдырып, жаманын жойып, Әлем үшін жұмыс жасап отырған
Ұлы Ұстаздың қасында өзімнің ұсақ ойларыммен бықсып
отыруға ұялатын болдым.
Оның үйінде болғанда жеке басымның жетпесі мен пенделік
проблемаларымды ойламауға тырысам. Бұл – таза үйге
балшыққа батқан күйде келгенмен бірдей ғой. Қазақ бұны:
«аяғы жаман – төрді былғайды, аузы жаман – елді былғайды»
дейді. Ұстаздың үйі – Ғарыштан, Гиперкеңістіктен саф таза
энергияның құйылып тұратын орны. Ол энергияны Ғарыштан
түсіріп адамзаттың, әсіресе өз халқының керегіне жаратушы
Ақ Сарбаз Ағам.
Алматыдағы ең үлкен гүл сататын дүкен де осы аймақта
орналасқан. Гүл сатушылар жұлынған гүлдің ең ұзақ
сақталатын жері осы аймақ екенін жақсы біледі.
Түнек Күштері: «Ғарыш Энергиясы құйылып тұрған осы
жерден Ақ Сарбазды көшіріп жіберсек, Ол қуат құйылатын
жерден ажыраған соң өз-өзінен құрып кетеді» деп жоспарлап-
ты. Осылайша Тастақтың дәп Ұстаз тұратын көшесінен 20 қабат
биік үйлерді салып, бұрынғы жер үйлерді көшіре бастады.
Құрылыс жұмыстары қарқынды жылжып Ұстаз үйіне де
таянып қалған екен. Мен Ұстазға көрші тұрған үй жанындағы
үлкен қазаншұңқырды көріп шошып кеттім. Бұл шұңқыр келесі
20 қабат үй тұрғызылуы үшін қазылып қойғанға ұқсайды. Егер
ол үй тұрғызылатын болса Ұстазға Алатау да, күн көзі де
көрінбей, тасасында қалатын еді. Сұлулыққа қарап медитация
жасағанды ұнататын Ұстаздың жәйі не болмақ?
Ұстазға: «мына жерде сізді тұрғызбайтын болса, ауылға
жүріңіз. Барлық жағдайыңызды жасауға тырысам» – деп өз
ниетімді білдірдім.
44
Ақ Сарбаз Әлемі
– Уайымдама, – деді Ұстаз. Мен Өз-өзімді қорғай аламын.
Осы құрылысты бастаған компания басшысы түрмеге отырады.
Бұған қаржы құйғандардың ақшасы құнсызданады!
Ұстаз шешімі талқылануға жатпайтындықтан, ауылыма
жалғыз аттанып кете бардым. Келесі жылы келгенде сол
былтырғы жерінен жылжымаған дәу крандарды көріп қайран
қалдым. Ақша құнсызданып, дүниежүзілік дағдарыс басталған
еді...
|