56
Ақ
Сарбаз Әлемі
мұның бәрін еріккеннен, не біреудің өтінішімен емес Тәңірдің
бұйрығымен орындайды.
Сол себепті Ғаламдық құбылыстарды басқарып отырған,
Құдайдың
Жұмыскеріне жеке бастың, әулеттің,
топтың
мүддесін алға тартып баруға болмайды.
Ұстаздың алғашқы кітабы шыққан тоқсаныншы жылдардағы
қиын кезеңде кейбір өнер адамдарының Ұстазды іздеп барғаны
шындық. Көпшілігі Оның кедей тұрмысын,
қарапайым өмірін
көріп, өздеріне ешқандай материялдық пайда болмайтынын
түсініп, теріс айналып шығып кеткен.
Өйткені Зұлымдық Күштерімен шайқас жүргізіп
жатқан
адамның аяғына оралатын болсаңыз – қосақ арасында құрбан
боп кетуіңіз бек мүмкін.
Санасы Құдаймен тұтасып кеткен Биік Құдырет Иесімен
араласқанда өте абай болу керек. Сіз – кернеуі күшті
трансформаторды ашып, жұмыс
жасаушы электрик сияқты
боласыз. Абайсыз қозғалып, бір нәрсеге тиіп кетсеңіз – күліңіз
де қалмай жанып кетуіңіз әп-сәтте!
Ақ Сарбаз туралы әңгіме айтқанда аса сақ болуды ескертемін.
Ұстаз - Биік кернеулі ток көзі секілді. Әр адам тұлабойынан
Ғарыш ағынын өткізуші “сым”қызыметін атқарады ғой. Сөз де -
энергия. Ол Ұстазға көрініп тұр. Егер жай әуестікпен, болмаса
ұсақ проблемамен (әлеммен салыстырғанда) Құдыретті Күштің
назарын аударатын болсаңыз, өзіңіздің энергия өткізіп тұрған
сымыңыздың шыдамай күйіп кетпесіне кепіл бола аласыз ба?