268
Ақ
Сарбаз Әлемі
МҮМКІН ЕМЕС» деп ашық жазылған.
Адамзат Алтыншы Сатыға өткен кезде бұл шарттар рухани
өркендеудің басты қағидасы болмақ.
Әлемнің аяғына басылып қор боп жатқан аз ғана қазақ
ұлты енді Әлемнің алдына шықпақ.
Экономикасымен емес,
дәстүрімен, рухымен.
Қазақтың Ғарышпен астасқан озық дәстүрі, Әлемнің кері
кеткен тозық дәстүріне үлгі көрсетпек.
Библиядағы: «Ең әуелі СӨЗ болды» деген ақиқатты Рухымен
ұққан қазақ: «Өнер алды қызыл тіл» деп тілді барлық өнерден
биік қойған.
Сөзді орнымен қолдану керектігін ескертіп: «Тіл – тас
жарады, тас жармаса бас жарады» деген.
«Алашағым кетсе де, айташағым кетпесін дейтін қазақпыз.
«Тіземнен сүріндірсең сүріндір, тілімнен сүріндірме» дейтін
қазақпыз.
Алдағы уақытта Әлемдік
руханияттың інжу-маржанына
айналар тілімізді өзге тілмен шұбарламай таза сөйлеу –
Ғарыштан келер энергияны таза жеткізумен бірдей.
Қазақ халқының болашақтағы рөлі туралы Библияда:
«Құрылысшылар керексіз деп тапқан тас, бұрыштың басына
қаланды» (Мф. 21. 42.) – деп жазылған.
Болашақ Адамзат өркениетінің іргетасы боп қаланар тіліміз,
дәстүріміз, ән-күйіміз аман болсын!