ЖЕТІНШІ САТЫ
Жетінші Саты – Тәңірге санамен қосылу сатысы. Рух өзінің
Құдайлық болмысын танып, өзімен теңдес Рухтармен бірігіп,
біртұтас Ғарыш Санасын құрайды.
Мысал үшін Каспий теңізін – Тәңірі деп қарайық. Оған ағып
келіп қосылған Еділ мен Жайық суын теңіз суынан ажырата
аламыз ба?
Су – ақпаратты есте сақтауға қабылетті тіршілік иесі. Әрбір
тамшы суда оның естіген-білгені туралы ақпарат сақталады.
Рух та сол секілді. Құдайға санасымен қосылып біртұтас боп
кетсе де өзінің бұрынғы ғұмырлардан жинаған тәжірибесін
жанында сақтайды.
Жетінші Сатыда өзім білемдік, қара басын ойлаушылық,
бөліну, түсініспеушілік деген болмайды. Сіздің ойыңыз бен
сезіміңіз бәріне көрініп, өзіңіз де бәрін көріп тұратындықтан
шынайылық пен түсіністік салтанат құрады.
Біреуді сыртынан жамандау, өсек, өтірік адыра қалады. Әр
Рухтың бойына біткен қасиетіне – оның эволюциялық игілігі
ретінде құрметпен қарайды.
Жетінші Сатыда санамен біріккен Рухтардың энергия күші
орасан болмақ. Мұны тебіренген теңіз күшімен салыстыруға
болады.
Жетінші Саты адамдары Ментал Дүниесінде тіршілік
ететіндіктен олардың денесі дөңгелек пішінде болады. Алайда
өзі қалаған кез-келген формада көрінуге қабылетті.
Бұрынғының аруақты батырлары мен ақындарын Ментал
Дүниесі аруақтары қолдап, желеп-жебеп отырған. Менталдық
Рух оларға түрлі хайуанат бейнесінде көрініп, күш пен қабылет
дарытқан. Және жердегі тіршілік иесінің ажалы таянғанда, не
аруаққа жақпас қылық істегенде ғана одан кететін болған.
«...Әй, Әсет осы аурудан өлем білем.
Алланың аманатын берем білем.
Кеудемнен көкала үйрек «хош» деп ұшты
Сол шіркін кәрі жолдас өлең білем!» (Кемпірбай ақын)
259
ҒАРЫШ ҚҰРЫЛЫСШЫСЫ
Эволюциялық дамудың Жетінші Сатысына жеткен адам
Құрылысшылар даярлайтын Ғарыш Мектебіне шәкірт боп
қабылданады.
Ғарыш Мектебі жеті дәреже-кезеңнен тұрады. Әр дәреженің
жеті класы бар.
Сіз бірінші дәреженің бірінші класына түскен кезде бірінші
сатыны жаратуды үйренесіз.
Яғни Ғарыштағы бос кеңістікте ұшып жүрген шаң-тозаңды бір
жерге жинап масса жасайсыз. Бұл – сіздің болашақта жарататын
планетаңыз!
Ғажап қой, иә?! Сізге өз қиялыңызбен өз Әлеміңізді жаратуға
мүмкіндік беріледі!
Бірінші Дәрежелі Ғарыш Құрылысшысы мектебінде кластан
класқа көтерілу барысында сіз топырақтан түрлі минералдарды,
суды жаратып оларға жан кіре алатындай қалыпқа келтіресіз.
Ғарыш Мектебінің Екінші дәрежесінде оқығанда сіз өсімдіктерді
жаратуды үйренесіз. Қиялыңыздан жаратқан өсімдік денесіне қалай
өсіп-өну бағдарламасын өзіңіз саласыз. Және оны өзіңіз дайындап
жатқан планетаңызға егесіз.
Осылай оқу барысында хайуанат денесін, сосын адам денесін
жаратуды үйренесіз.
«Ақ Сарбаз» кітабында Ғарыш Мектебінің шәкірттері оқу
барысында тәжірибе жинау үшін Жердің Физикалық Дүниесіне
кәдімгі адам боп қайта туатыны жазылған. Мұндай адамдар
меңгерген деңгейіне қарай мамандық иеленеді де өз ісінің шебері
атанады.
Мысалы асыл тас зергері, болмаса геолог-ғалым – Бірінші
Дәрежелі Ғарыш Құрылысшысы болуы мүмкін.
Биолог-ғалым, жеміс ағашының жаңа сорттарын өсіріп шығару-
шы адам – Екінші Дәрежелі Ғарыш Құрылысшысы болуы мүмкін.
Зоолог-ғалым, ат сыншысы – Үшінші Дәрежелі Ғарыш
Құрылысшысы болуы мүмкін.
Генетик-дәрігер, сынықшы-емші Төртінші Дәрежелі Ғарыш
Рухани ізденіс
260
Ақ Сарбаз Әлемі
Құрылысшысы болуы мүмкін.
Ұлы ақын, ұлы жазушы, ұл философ – Бесінші Дәрежелі Ғарыш
Құрылысшысы болуы мүмкін.
Әулиелер – Алтыншы Дәрежелі Ғарыш Құрылысшысы болуы
мүмкін.
Жетінші Дәрежелі Ғарыш Құрылысшысы Жердің Физикалық
Дүниесіне тууға міндетті емес. Олар ерекше миссиямен планета
ғұмырының ең шешуші кезеңдерінде ғана туады.
Адамзат тарихындағы айтулы оқиғалардың барлығы да Ғарыш
Құрлысшыларының араласуымен өтіп келеді. Жердің осы уақытқа
дейін сақталуы да солардың қасиетті құрбандығының арқасында
мүмкін болды.
Люцифер билеген планетада жай адам боп туып, Ғарыш
Мектебінде алған тәлімін тәжірибеден өткізу оңай шаруа емес.
Кейбір Ғарыш Құрылысшылары сайтанның торына тап болып,
байлық, билік, атақ қуамын деп кармасын ауырлатып алады да
бұрынғы Құрылысшы дәрежесінен құлап, эволюциялық өрлеуді
адами деңгейден қайта бастауға мәжбүр болады.
Адамзат ежелден отырықшы-егіншілер мен, көшпенді-малшылар
өркениеті болып екіге бөлініп келді.
Бесінші Сатыда отырықшы-егіншілер көшпенді-малшылардан
материялдық тұрмысы жағынан басым болды.
Қазір де ауылдағы қазаққа мал ұстау оңай шаруа емес болып
тұр.
Алайда Ғарыштық Эволюция деңгейінен қарасақ мал
ұстаушы халық – Үшінші Дәрежелі Ғарыш Құрылысшысы болуға
лайықтығымен егіншілерден бір саты жоғары тұрады. Өйткені егін
– екінші сатыдағы тіршілік иесі. Онымен айналысып, баптап өсіруші
халықтың рухани деңгейі мен дәрежесі де көшпенді-малшылардан
бір саты төмен болмақ.
Адам Рухының пешенесіне Ғарыш Құрылысшысы болу жазылған.
Діндарлар ежелден адамзат қоғамын оңай басқаруы үшін:
«Құдай – қожайын, сен – құлсың» деп санасына сіңірумен келді.
Осылайша адам Жанының Құдайдан бөлінген ұшқын екенін, Рух
Құдайдың бөлшегі екенін жасырды.
Алтыншы Сатыда Тәңірге сенушілер құлдық санадан арылып,
өзін Көк Тәңірінің перзенті ретінде сезінетін болады.
Дінге беріліп, Құдайдың құлы болған жақсы ма, әлде білімге
беріліп Құдайдың ұлы болған жақсы ма? Өзіңіз таңдаңыз.
261
ЕРКЕК
«Ойым бар менің, ойым бар менің ерекше,
Жақсылық жауып, дүниені мынау сел етсе.
Жамандықтардың, жауыздықтардың барлығын
Көрге алып кетем, керексе!» (Мұқағали)
«Қазақтың еркегі боп туған оңай-ау. Диванда теледидар
көріп жатып, жердегі пультті алуға ерініп, әйелін шақырады»
деп еркекті жазғыратын әйел көп шығар.
Алайда Рухтың еркек денесін таңдап келуінің үлкен мәні
бар. Нұр мен Түнектің соңғы Ұлы Шайқасында өз ғұмырының
барлық кемшіліктерін қанымен ақтап, құрбан болу – әуелі
еркектің маңдайына жазылған.
Үйіңізге қонақ келсе сіз әуелі еркек қой соясыз. Ұрғашыны
тұқымдыққа алып қаласыз. Сол себепті саулық көп, қошқар
әрдайым аз.
Қоғамда егде жасқа келген әйел көп те, еркек аз екенін
байқайсыз ба? Бұның сыры неде?
Еркектің маңдайына елі үшін, жері үшін, отбасы үшін қажет
жағдайда құрбан болу жазылған. Еркек үндемей, дым істемей
жүріп-ақ отбасының, әулеттің, ұлтының қара кармасын
арқалайды. Отбасына келе жатқан карма соққысын ең әуелі
сол үйдің отағасы иесі көтереді.
Әйелінің біреуден естіген қарғысын, бала қылмысының
қара кармасын көтеру оңай емес. Шауып жүрген азаматтың
аяқ астынан сал болып құлайтыны, болмаса жүректен өліп
кететіні осыдан. Өйткені «еркек тоқты – құрбандық»
Рух еркек денесінде болғанда беруді және қиратуды
үйренеді.
Еркекке құрылған тор көп-ақ. Насыбай, арақ, наркотик,
жезөкше, казино, ұрлық, қарақшылық т.б. тұзаққа түспей
аттап өту үшін Рухтың барлық эволюциялық жиған-тергені
Рухани ізденіс
262
Ақ Сарбаз Әлемі
сынға түседі.
Рух әйел денесінде болғанда жағымсыз энергиядан денесін
босату үшін 2-3 әйелмен бірге әңгіме-дүкен құрып шәй ішсе
жетіп жатыр.
Әйел болмысына эмоцияға бай астрал дене көбірек келеді.
Сол себепті эмоцияны қанағаттандыратын «өсек» – әйелдің
дәрісі.
Ал, еркек болмысына ментал дене жақын. Жағымсыз
энергиядан босанғысы келсе, әлемдегі саяси оқиғалар
барысын талдап, талқылап ой қорытқанды ұнатады. Мұндай
басқосуда Рухты мына дүниенің тар қыспағынан алып шығып,
күнделікті проблеманы аз да болса ұмыттыратын отты суға
ештеңе жетпейді!
Бұрынғының қазағы қымызға масайрайтын. Белдеуінде
бие байлаулы тұрған үйді көрсе, қымыз ішкелі кіретін.
Қымызға тойып алып көрші ауылға төбелес іздеп баратын
тентектер де болған. Алайда қымыз жарықтықтың қызуы тез
тарайтындықтан көрші ауылға жеткенше мастықтан айығып,
райынан қайтып қалады екен.
«Үлкен қырғын болар алдында дүниеге ер бала көп келеді»
деген сөзді де есіңізде сақтаңыз.
Еркек дүниеге тегін келмейді. Ескі Әлемді қирату үшін, жаңа
дүниені беру үшін келеді.
Қазақ: «жақсы әйел жаман еркекті адам қылады» дейді.
Ақылды әйел еркегін бірінші орынға қою арқылы оның рухын
көтеріп, өзін еркек сияқты сезінуге көмектеседі.
Егер сіздің жаныңызда еркек болса, оған құрметпен
қараңыз. Ол, мынау сорлы Жерді Түнектен арашалап, Сіздің
болашақ бақытты ғұмырыңыз үшін құрбан болғалы туған Жан
болуы мүмкін.
263
ЖҰМАҚ
Ыңғайы келгенде Ұстаздан: «Астрал Дүниесінде Жұмақ
шынымен бар ма?» деп сұрадым.
– Бар – деді Ұстаз.
– Ондағы хор қыздары ше?
– Ол да бар.
– Жұмақтағы хор қыздарын ондағы мұсылмандар шетінен
ұстап пайдалана береді дейді. Сонда ол қыз кірлемей ме?
– Жоқ. Әрдайым таза қалпында қалады.
Ұстаздың сөзінен түк ұқпасам да, Оның жүзіне қарап,
осыны айтқанда хор қызын көріп тұрғандай сүйсіне сөйлегенін
аңғардым.
Жұмақ үшін әрекет етіп жүргендей болмайын деп әріқарай
ештеңе сұрамадым.
«Жұмақтағы адамдар мұсылманның бес парызын қалт
жібермей орындаған, барлық кармасын өтеген, және мына
тірліктен әбден шаршаған тақуа адамдар. Олар ол жерде
Адамзатқа үкім айтылар ақырғы Сотқа дейін бола алады.»
деген Ұстаздың сөзінен кейін өзімді ұйқыға жатар алдында
денемнен шығып Астрал Дүниесінде кетіп бара жатқандай
елестетіп көрдім.
Тәтті бұлақтарын миуалы жеміс ағаштары көмкерген
керемет бақ жанымда қалып барады. Ішінен қыздардың
сыңғырлаған күлкісі естіледі. Ол бақтың айналасы бөтендер
кіре алмайтындай биік қоршау. Қақпасында күзетші тұр.
Мен жұмақ үшін ораза ұстап, намаз оқып көрген жан емен.
Сол себепті қақпадан кіре алмаймын.
«О, Ана Құдай! Ақ шәліңді лақтырып мені мынау дуалдан
тартып алшы!» – деп өтінсем қайтеді? Мейірімі шексіз Ана
Құдай мені өткізе салмас па! Қашаған ақын:
«Иманнан жарық болмайды
Тәспиық айтып санаған.
Рухани ізденіс
264
Ақ Сарбаз Әлемі
Жұмаққа барады дейді тергеусіз –
Алласы анық қалаған» – деген ғой.
Ал, жақсы өтіп кеттім дейік. Ары қарай не істеймін? Қыздарға
көңіл қарнымды, жеміс-жидекке көже қарнымды тойдырып
4-5 күн, әрі кеткенде 1 ай жүрермін. Санам жетілмесе, білім,
ізденіс әкелер ештеңе жоқ болса «бұл жер маған қол емес
екен» деп бір күні Жұмақтан безіп кетерім анық.
Негізі Жұмақты жылы жауып қойып, бірден Ғарыш
Кітапханасына тартуым керек еді. Енді: «босқа кеткен
уақытым-ай!» деп өкінерім хақ.
Кітапханада мен өткен адами ғұмырымның кармалық
байланыстарын зерттей аламын. Неден қателестім, нені
жоғалттым, нені алдым? Қалай жетілдім? деген сұрақтарыма
жауап табамын.
Әрі қарай мен группалас Рухтарды тауып, өзім оқып жатқан
класыма қайтып барамын. Ол жерде әсері Жұмақтан 10 есе
күшті Рух мерекесі болады!
«Қазіргі ислам дінін ұстап тұрған, жамағатының Аллаға
деген махаббаты емес, Жұмаққа деген құлшынысы» дейді
Ұстаз.
Жетінші Дәрежелі Ғарыш Құрылысшысының Жұмақты жоқ
қылып жіберуге құдыреті жетеді. Ондай жағдайда дін де өз-
өзінен ғайып болмақ.
Жұмақ – Рухты жетілдіретін мектеп емес, Соңғы Өсиетте
Уәде етілген демалыс орны ғана. Және ол демалыстың
аяқталар уақыты жақын.
Жер беті Алтыншы Сатыға өткен кезде Жұмақ пен Тозақ
жойылады. Өйткені курорт пен түрмеде Рухтың дұрыс дамуы
мүмкін емес.
Адам Рухы Эволюциялық даму жолына түсіп, жедел дами
бастайды. Үш Әлемді еңсерген кезде бізге Гиперкеңістікке
жол ашылмақ.
«Нағыз Жұмақ – Ажалсыздар Әлемі – Гиперкеңістік» – дейді
Ақ Сарбаз.
265
ЛЮЦИФЕР
«Құлаған періште» деп аталған Ібіліс әу баста Тәңір Иеге
шексіз берілген, қалағаны қабыл болатын, шебер Ғарыш
Құрылысшысы екен.
Ғарышта «Тағдыр тақтасы» (немесе «Акаша шиыршығы»)
деген бар. Болған және болажақ оқиғаларды сол жерден
көруге болады. Аңызда «періштелердің біреуі сатқын боп,
Құдайдан безеді» дегенді көріп, шошынған періштелер
жиналып Ібіліске келіпті дейді.
– Уа, Нұртасушы! Сенің тілегің тез қабыл болатын еді. Тәңір
Иеден «бізді сатқындық жолына түсуден сақтай гөр» деп дұға
жасасаң қайтеді?
Ібіліс сөзге келмей:
– Уа, Тәңірі Ием! Мыналарды сатқындық жолына түсуден
сақтай гөр! – деп дұға қылады.
– Өзіңізді қоспадыңыз ғой – дегенде:
– Мен онсыз да Иеме берілген жанмын ғой – депті. Осы
менмендігі оны ақыры сайтандық жолға құлатқан екен.
Люцифердің Рухы адам денесінде жүргенде миллиярдтаған
жанның ішінде оны табу мүмкін болмай келді.
Шыңғысхан мен Әмір Темір: «болашақ ұрпағыма қатер
төндірер қытайды құртамын» деп жорыққа шығып, мақсатына
жете алмай кетті. Өйткені ол заманда қытай елінде Люцифер
отыр еді.
Қазір оның Рухы қазақ денесінде. Әкесі – қазақ, шешесі
– орыс. «Ешбір ұлтқа ұқсамас синтез сұлулығы мен
тартымдылығы, сиқыры мен арбағыштығы сондай, оны көрген
әйел атаулы ес-түсін білмей ғашық болуы мүмкін» дейді Ұстаз.
«Метис – екі ұлттың ең жаман қасиетін бойына жинап
туады. Ұрпағыңды аздырғың келмесе өз ұлтыңның адамына
үйленген дұрыс».
Адам бойындағы: «Ешкім менен асып кетпесін» деген
Рухани ізденіс
266
Ақ Сарбаз Әлемі
мысық-тілеу Люциферден жұққан. Мен білсем, қазіргі он
қазақтың тоғызы – осындай» дейді Ұстаз.
Миллиондаған жылдар бойы Ғарыштан бөлініп, Жер
бетіндегі өркениеттердің азып-тозып, құрып кетуіне бас
себепші боп келе жатқан Люцифер де Құдайдан кешірім алып,
Құрылысшылар Мектебіне оралды.
Адасқан өзге тіршілік иелері Ғарыш Соты алдында жауап
беріп, түрлі деңгейлерге құлап жатқанда, Құрылысшы деңгейін
сақтап қалған бір өзі ғана.
Барлық деңгейдегі тіршіліктің осы уақытқа дейін шеккен
азабына жауап беруші жанның жазаланбайтынын естігенде
мен көп ойландым.
Қарсы Әлемнің Қара Күштерімен одақтасып Ғарышқа орасан
зор қауіп төндірген, сиқыр мен дуаның, жәдігөйліктің неше
түрін білетін Рух, жады жаңғырмастан осы күйінде қалғаны
ма?
Түнек Күштерін Люциферден артық білетін жан жоқ. Әу
бастан Тәңірі Әкеге тартып туған, жауын досы қыла білетін Ақ
Сарбаз болашақта Люцифердің осы қабылетін кәдеге асырары
сөзсіз.
Тәңірі Иенің рахымы мен кеңшілігінде шек жоқ екенінің бұл
да бір дәлелі.
267
Достарыңызбен бөлісу: |