Ақ Сарбаз Әлемі. indd



Pdf көрінісі
бет83/109
Дата19.01.2023
өлшемі3,4 Mb.
#61959
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   109
КӨКІРЕК КӨЗІ
Алтыншы Сатының негізгі қағидасы – сүйіспеншілік, 
бауырмалдық. Осы қасиеттер дамыған сайын алтыншы 
саты адамдары санамен бірігіп, бір-біріне риясыз жақсылық 
жасауды үйренеді.
Тонның ішкі бауындай араласып, сенікі-менікі деп бөлмей, 
«біреуі – барлығы үшін, барлығы – біреуі үшін» ғұмыр кешетін 
болады.
Оянған қасиет көздері арқылы Биік Дүниелерге Рухымен 
көтеріліп, сол жақтан білім мен ақпарат әкеле алады.
Ақсақалдары арлы болмақ. Қара қылды қақ жарған әділ 
билік жүргізбек.
Бұрынғының билері туралы Базар жырау:
«...Көкірегінде білімнің
Көзі қайнап бұлақтай
Қанаға симай кернеген.
Әруағыңа болайын
Ертеңгі атқан орыстың
Зеңбірегіндей еңіреген!» – деп суреттейді.
Бесінші ақыл сатысының адамдары «білім – баста болады» 
деп қана мойындап келді. Бастағы білім – оқыған білім. Ол 
– шектеулі. Ал, көкіректегі білім – Аруақтар Дүниесінен, 
Ғарыштан келетін Білім. Ол сарқылмайды.
Одан кейін таңғы таза ауада ысқырып келіп қалған зеңбірек 
снарядының үнін ойлап көріңізші. «Қай жағымнан түсер екен» 
деп жаныңызды қоярға жер таппасыңыз хақ. Аруақты би 
сөйлегенде тура төбеден түсер зеңбірек үніндей адамның 
апшысын қуырып, төбеқұйқасын шымырлатып кесімді сөзін 
айтпақ. Бидің тілімен Тәңірінің Өзі үкім етпек. Мұндай қоғамда 
қия басу, қателесу деген болмайды. Тек қана Эволюция 
жолымен жүретін болады.
Рухани ізденіс


256
Ақ Сарбаз Әлемі
СҮЙГЕН ЖАР
Алтыншы Сатыда әркім өзінің шын жарын тауып, теңдесіне 
қосылатын болады. Сүйіспеншілік пен махаббат принципі 
осылай орындалмақ.
Бұрынғы ғасырларда теңдес ғашықтардың көбі қосыла 
алмай лиро-эпостық жырға арқау болды. Өйткені карма 
қарыздары әртүрлі еді.
Алтыншы Сатыда адамдар өздерінің карма қарыздарының 
шиесін шеше келе бір-бірімен кездеседі. «Ақ Сарбаз» 
кітабында:
«Адамдар Жаңа Дәуірге өткен соң бірін-бірі жақсы көретін 
жандар физикалық дүниеде міндетті түрде кездеседі. Әр 
адамның карма қарызы әртүрлі, сондықтан олар өзгелер 
алдындағы ауыр карма қарыздарын қайтарған соң ғана 
кездесе алады.
Кездесу кез-келген жаста орын алуы мүмкін. Ерте-кештің 
шешуші мәні жоқ. Егер олардың бірінің қарызы тым көп болса, 
ол физикалық дүниеге ертерек келіп қарызын қайтара береді...
Мейірбандық жолымен, карма қарыздарын жедел өтеуді 
тездету арқылы бұл қауышуды шапшаңдатуға болады.» («Ақ 
Сарбаз» кітабы. 68-бет. Алматы ‒ 2022 жыл) деп жазылған.
Қазіргі қазақтың көптеген әдемі, білімді жастарының 
үйленбей жүруінің бір себебі осында. Олардың бұл қылығы – 
кармасын шатастырғысы келмегендігінен.
Жаңа Дәуірдің келгенін санамыз сезбесе де Рухымыз біледі. 
Рух өз теңдесін іздейді.
М.Ньютонның кітабында екі ғашықтың бір-бірін 50 жасында 
кездестіргені баяндалады.
Егер сізге ғашығыңыз қайырылмай, басқаға үйленіп кетсе, 
ол сіздің жарыңыз емес болғаны. Сіз оған жай ғана бұрынғы 
өмірден бережақсыз. Ер адам өзінің бұрынғы өміріндегі 
анасына кездессе оған ғашық болу арқылы қарызын өтейді. 


257
Сол себепті еркектер көп қызға ғашық болуы мүмкін. Оған 
түсіністікпен қарау керек.
Үйленгендеріңіз 
отбасын 
асырап, 
мал 
тапсын, 
бойдақтарыңыз өзіне теңдес жар тапсын деп тілеймін!!!
...Жақсылық қана өт тілеп,
Жалғыз қап жасың төккенде.
Қарамай маған кетті деп,
Ешқашан оны жек көрме!
Мақсатқа адам жете алар,
Шалдықса-дағы мың дертке.
Азса да нұрлы бет-ажар,
Жүректің жүзін кірлетпе!
Адал боп әркез антыңа
Тәңірден тынбай өт, тілеп:
«Бүтіндер мені, Жартыма
Әйтеуір бір күн қосшы!» – деп.
Аңыз боп қалар саз бұндай,
Шын ғашықтарды қоспайды ел.
Әкетсе сені аздырмай,
Ажалдың өзін достай гөр!
...Өзіңді іздеп іңгалап
Өмірге келсем қайта мен
Тағы да сені шын қалап
Ғашықтың жырын айтар ем!!!
Рухани ізденіс


258
Ақ Сарбаз Әлемі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет