Ключевые слова: литературная критика, критические жанры, пресса, критика, эволюция
критики, история, публицистика.
Кіріспе Сын өзінің даму, қалыптасу және көрініс
табу арнасы тұрғысынан журналистика саласы-
мен тығыз байланыста. Әдеби сынның жеке сала
ретінде жетілуі мен оның тұрақты оқырмандар
ортасымен қамтамасыз етілуі журналисти-
ка саласының дамуымен тікелей байланысты.
Өйткені, әдеби сын көркем шығарма тәріздес
жеке басылым ретінде әрекет етуі мүмкін емес,
яғни, сынның негізгі көрінер арнасы – баспасөз.
Бұл қажетті контексті сынға журнал, газет және
қазіргі таңда интернет жасайды.
Сынды тек эстетикалық құбылыс деп қана
санауға болмайды. Ол сонымен қатар қоғам мен
заман ыңғайына бейімделеді. Сондықтан оның
қоғамдық-әлеуметтік мәні ерекше, әрі ой өсіру
мен сана-сезім тәрбиелеудің құралы да болып
табылады. В.Г. Белинский: «Газет-журналдың
айбары да, беделі де сын екенін ұмытпайық»
– деуі де содан. Баспасөз болған жерде сын бо-
латыны мәлім. Ал баспасөздің жарық көруі
жазба әдебиеттің тез арада өсіп, дамуына
септігін тигізеді. Сондықтан жазба әдебиет
болғандықтан, оған деген сыни көзқарастың
болуы әбден мүмкін. Белгілі сыншы-ғалым
Т. Кәкішұлы: «Қазақтың әдеби сынының туу-
ына бір-бірімен іштей байланысып, бір-біріне
творчестволық ықпал жасаған үш сала, атап
айтқанда, қазақтың жазба әдебиеті, публици-
стикасы және баспасөзі айрықша әсері еткені
аян» дегеніне құлақ асқан орынды. (Kakishuly, T.
6, 2013: 248).Ғалым Д. Ысқақұлының «Сын
өнері» еңбегінің «Сынның публицистикалық
сипаты» тарауындағы: «...Сынның негізгі өмірі –
баспасөзде. Баспасөз бар жерде әдеби сын да бар.
Сынның дамуы баспасөздің дамуымен тікелей
байланысты. Баспасөз жоқ кезде шын мәніндегі
әдеби сын да болмайды. Баспасөз – сынның өмір
сүру формасы, даму арнасы» – деп анықтама
берген. (Ysqaquly D., 2001: 304). 1936 жылы
В.Г. Белинский «Журнал өзінің айбыңдылығына
сын алдында тәуелді. Сынсыз журнал бетсіз об-
раз, тірі органикалық бірлік емес, анатомиялық
құрал» деп анықтама берген екен. (Belinski B.G.,
1948: 227).
Қазақ журналистикасы тарихында әр жанр-
дағы шығармалар жинағы болған басылым-
дар көпшілік, яғни әдеби үрдістің бір шырағы
тәріздес. Алғашқы шығармалар нұсқасын оқыр-
ман қауым журналдардан оқиды. Журналдың
энциклопедизмі әдеби-қоғамдық және ғылыми
өмір дің барлық қырларын қамтиды деп айтуға
бо лады. Сын әдеби үдерістің бір тамыры ретін-
де газет-журнал бетінде өрістейді. Яғни, екі сала
бір-бірін өз қажеттеріне қарай кеңінен қолда-
нады. Сын жанрларының сыртқы формасы
баспасөздікі де, ішкі мазмұнына сынның міндеті
жатады.