© 2020 Al-Farabi
Kazakh National University
ISSN 1563-0323, eISSN 2618-0782 Филология сериясы. №2 (178).2020 https://philart.kaznu.kz
21
ҒТАМР17.01.07 https://doi.org/10.26577/EJPh.2020.v178.i2.ph3
А.Ш. Асқарова
, Г.Т. Оспанова
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.,
e-mail: altynai-74@mail; rumaryama70@mail.ru
ӘДЕБИ СЫННЫҢ
ЖУРНАЛИСТИКАМЕН БАЙЛАНЫСЫ
Мақалада әдеби сынның қалыптасу, даму барысы қарастырылып,
оның баспасөз
аясын да өсіп-жетілетіні негізделген. ХІХ ғасыр аяғы мен ХХ ғасыр басындағы қазақ газет-
журналдарындағы материалдарды талдай отырып, қазақ әдеби сынының қалыптасу эволюциясы
көрсетілген. Баспасөз материалдары негізінде алғашқы сын
мақалалардың жанрлық сипаты
мен түрлері жіктелген. Сондай-ақ, тікелей газет, журнал контексімен байланыстыратын әдеби
сынның публицистикалық сыны ажыратылған. Түрлі баспасөз тарихындағы материалдар аясында
эксперименттер жүргізу арқылы әдеби сынның публицистикалық сипаты, қазақ
әдеби сыны
әрқашанда әдебиетті тану ғана емес, сонымен қатар қоғамның да өзін-өзі тануы көрсетіледі
және сыншы-публицистер әдебиет пен өнерге көбінесе ақиқатты танудың құралы ретінде
қарағаны айқындалады. ХХ ғасырдың 20 жылдарынан бастап шыға бастаған,
соңы ХХ ғасырдың
90-жылдарынан кейін пайда болған бірқатар әдеби журнал-газеттердің мазмұны сараптан
өткізілген. Әдеби газеттер мен журналдардың әдебиет тарихынан алатын орны, байланысы
жайлы жаңаша мәліметтер берілді. Мақаланың мақсаты – әдеби
газеттер мен журналдардың
әдебиет тарихынан алатын орны және сынның журналистика саласымен байланысын анықтау.
Түйін сөздер: әдеби сын, сын жанрлары, баспасөз, сыншы, сын эволюциясы, тарих,
публицистика.
А.Sh. Аskarova, G.T. Ospanova
Al-Farabi
Kazakh National University, Kazakhstan, Almaty,
e-mail: altynai-74@mail; rumaryama70@mail.ru