А. Ш. Жангазин жалпы білім беру мектебінде


 ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ



Pdf көрінісі
бет6/6
Дата03.03.2017
өлшемі0,65 Mb.
#5581
1   2   3   4   5   6

7. ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ  

ТӘРБИЕ САҒАТТАРЫ 

 

Патриотизмнің  қайнар  көзі  –  Отан.  Ал  мазмұны  –  табиғаты, 



байлықтары,  тарихы,  жері,  тілі  т.б.  Сондықтан  біздегі  патриотизмде 

ұлттық  мазмұн  болуы  шарт.  Мысалы,  елімізде  өмір  сүріп  жатқан 

басқа  ұлт  өкілдері  Абылай  хан,  Бөгенбай,  Қабанбай,  Ахмет,  Әлихан, 

Мұстафаны Отанын қорғаған батырлар ретінде тануы және қаһармандары 

ретінде  қабылдаулары  тиіс.  Себебі,  өзге  диаспоралар  өмір  сүріп 

жатқан  Отан  үшін  құрбан  болғандар  олардың  да  батырлары  болып 

қабылдануы қалыпты жағдай. Өйткені, оларға Отан болған жер үшін, 

өмір  сүрулеріне  жасалған  жағдай  үшін  құрбан  болғандарға  құрмет 

көрсету – азаматтық парыз.  

Халқымыздың ғасырдан бергі тарихи, қалыптасқан салт-санасы 

бар. Патриотизм сонымен үйлескенде ғана, Қазақстан жетіскке жетеді. 

Елбасымыздың  болашақты  болжай  алатын  көреген  саясаткерлігін 

Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  Гимні  «Намысын  бермеген 

қазағым  мықты  ғой»  деп  өзгеріс  енгізгенінен  байқауға  болады.  Егер 

назар  салсаңыздар,  мемлекеттік  гимнде  тек  қазақ  ұлты  туралы  ғана 

айтылып  тұр.  Себебі,  болашақта  Қазақстанның  азаматымын  дегеннің 

бәрі  қазақ  деген  ұлттың  айналасына  ұйысып,  сіңісіп  кетергісіне  көз 

жеткізді. 

Бұрынғы  ата-бабаларымызға  қазіргідей  арнайы  патриоттық 

саясаты  жүргізілмесе  де,  Отанды  қорғауға  жан-тәнін  аямай, 

патриотизмнің  керемет  үлгісін  көрсеткен.  Себеп  біреу  –  табиғи 

ұлтжандылық қасиет бойына дарытылған. Жасандылық жоқ. 

Әлемдегі ұлттық сипаттағы кез келген мемлекеттер патриотизмді 

насихаттауда. Мемлекеттік саясаттары сол ұлттың өкілі екенін мақтан 

тұтатындай  сезім  қалыптастыруға  тырысуда.  Әскер  билікті  ғана 

қорғайтын  құрал  емес,  мемлекетті,  халықты  қорғайтын  күшті 



 

50 


құрылым  ретінде  насихаттау.  Әрбір  әскерге  деген  халықтың 

сүйіспеншілігін  ояту.  Барлық  жерде  халық  әскерге  құрмет  көрсетіп, 

әскер  болған  үлкен  мақтаныш  деңгейіне  жеткізу.  Отан  қорғауды 

былай түсінген абзал: мемлекет - әкеміз болса, жер – анамыз. Ал ұлт 

осы  ата-анадан  туылған  бала.  Бала  өз  ата-анасын  қалай  қорғайтын 

болса, ұлт та Отанын солай қорғауы шарт.  

Адам бойында патриоттық сезімнің қалыптасуы отбасы тәрбиесі 

мен  балабақшадан  бастау  алатыны  айқын.  Баланы  отбасында 

патриотизмге  тәрбиелеу,  ана  тілін  үйрету,  ұлттық  мінез-құлық 

қалыптастыру, ұлттық салт-дәстүрді сақтауға баулу, шыққан ата тегін 

білуді таныту – ата-ана парызы. Халқына құрмет, тарихи дәстүрлерге 

адалдық,  сондай-ақ  туған  жеріне,  Отанына  деген  сүйіспеншілік 

сияқты  перзенттік  борыш  тұлға  бойына  бала  кезінен  дарыса,  бұл 

қасиеттер  өсе  келе,  әрі  қарай  дамып,  қалыптасуына  қолайлы  жағдай 

туғызады.  

1. Халық  педагогикасының  негізгі  қағидалары  және  оның 

ғылыми-педагогика мен байланысына тоқтала келе, «сегіз қырлы, бір 

сырлы»  толық  адам  тәрбиелеу  қағидаларын  төмендегі  кесте  түрінде 

жүйелейді.  

Ақылды, арлы, намысшыл азамат болуын қалыптастыру. 

Еңбексүйгіш, елгезек етіп тәрбиелеу. 

Тән сұлулығын қарастыру, әсемділікке баулу. 

Адамгершілік қасиеттерге (ізгілікке, имандылыққа) баулу. 

Отансүйгіштікке,  ұлтжандылыққа,  бүкіл  адам  баласын  сүюге 

тәрбиелеу. 

«Жігітке жетпіс өнер де аз», «Өнер - өрге сүйрелейді» деп қарап, 

өнер мен білімді насихаттау. 

Табиғат пен қоршаған ортаны аялауға тәрбиелеу 

Дене шынықтыруға тәрбиелеу. 

Жеке  тұлғаны  қалыптастыруға  оқушыны  жан-жақты  рухани 

дамыту  негізгі  орын  алады.  Оқыту,  білім  беру,  тәрбиелеу  –  баланың 

ішкі дүниесінің біртіндеп дамуына әсер ететін, түрткі болатын, жағдай 

жасайтын, оларды іске асыратын сыртқы факторлар екені анық.  

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2030 – стратегиялық бағдарламасының 

«Қазақстан  мұраты»  деп  аталатын  бөлімінде  көрсетілген  еліміздің 

тұтастығын,  оның  тыныштығын  мемлекетімізге  қауіп  төндіретін 

қандай  да  болмасын  ішкі  және  сыртқы  күштерден  сақтау  міндетінің 

өзі  жастарымызды  отаншылдық,  елжандылық,  патриоттық  қасиеттер 

болып  табылады.  Отанды  сүюге,  ол  үшін  аянбай  еңбек  етуге 

елжандылыққа тәрбиелеу - әр педагогтің басты міндеті болып саналады. 

Сонымен қатар қазіргі таңда патриотизм ұғымына енетіндер:  


 

51 


-

 

адамның туған жерін сүйіп, өз халқының тілін құрметтеуі; 



-

 

Отанның  мүддесін  қорғау,  азаматтық  көрсету  және  Отанға 



адалдықты сақтау болып табылады. 

-

 



Елінің әлеуметтік және мәдени салаларда жеткен жетістіктеріне 

ақтану, оның ар-намысын, еркіндігі мен тәуеліздігін қорғау. 

-

 

Өткен  тарихын,  халқының  әдет-ғұрыптарын,  салт-дәстүрлерін 



құрметтеу, Отан игілігі үшін үшін еңбек ету. 

Жаңа  заманғы  патриотизм  сөзі,  қазіргі  кезде,  жан  себебі,  бұл 

құбылыстың күрделілігінде, көп мағыналылығында, көп жаратылысынан 

күрделілігінде  көрінеді.  Ел  Президенті  Н.Ә.  Назарбаев  1992  жылы 

қыркүйекте, Алматы қаласында өткен дүниежүзілік І – құрылтайында 

«Қазақ  халқы  –  тамырын  тереңге  жіберген  бәйтерек»  деді.  Ол 

қиыншылықтың барлығын да жеңіп, қазіргі егемендікке қол жеткізген 

батыр  да,  бай,  ұлы  халық.  Олай  болса,  қазақ  халқының  тарихы, 

Отансүйгіштік үлгісі қазіргі ұрпақты тәрбиелеуде маңызы зор рухани 

құрал болып табылады.  

Қазақстандық  мектеп  оқушыларын  патриотизмге  тәрбиелеудің 

өткені  мен  дәл  бүгінгі  таңдағы  жай-күйін  зерттеу  барысында  оның 

әдісі, жағдайына бейімдеп қолданудың мүмкіндігі мол екеніне көзіміз 

жетті. Бірақ оның мазмұны кеңес дәуіріне (1970-1990 ж.ж.) сол кездегі 

идеологияға  қызмет  етілетіндіктен,  сынар  жақты  болғаны  да 

айқындала  түседі,  өйткені  онда  патриотизм  ескерілмей  қалған.  Сол 

себепті  «ұлттық  патриотизм»,  «ұлттық  сана»  деген  секілді  аса 

маңызды көп зерделенбеген. 

Адамның жеке психологиясының әскери қызметтегі сүйіспеншілік, 

жеке  адамның  аман-саулығы,  қоғамдық  мемлекеттік  қауіпсіздікке 

тікелей  байланыстылығын  сезіну,  өзінің  мемлекетке  тәуелділігін 

мойындау, қысқасын айтқанда, патриотизм дегеніміз – мемлекет деген 

ұғымды,  оны  жеке  адамның  барлық  жағынан  өткені  мен  бүгінгі 

күнімен жеке болашағынмен қарым-қатынасын біріктіреді» деп терең, 

жан-жақты  анықтама  берген.  Қаһарман  жазушы  біз  іздеп  отырған 

«ұлттық патриотизм – ұлттық ішіндегі жеке адамның асыл белгісі мен 

қасиеті, өз халқына деген сүйіспеншілігі, өз халқымен қан жағынан да 

шыққан  тегі,  территориясы,  тілі,  тұрмыс-тіршілігі,  мінез-құлқы, 

психологиялық  және  этнографиялық  ерекшеліктері  қалыптасқан 

тарихи  дәстүрлер  жағынан  да  әбден  айқын  әрі  дербес  басқа  да 

қасиеттері және ерекшеліктерімен сипатталынады» [5]. 

Сонымен  қатар  жаңа  тарихи  әлеуметтік  жағдайда  патриотизм 

жаңа  сипатқа  ие  болды,  өйткені,  енді  Қазақстан  дамып  келе  жатқан 

мемлекет  болғандықтан,  ол  үнемі  белестерді  ансайды.  Ендігі  кезеңде 

қазақстандықтардың күш-қуаты «қазақстандық күш-қуатын» айқындайды. 


 

52 


Қазіргі таңда жас ұрпақ бойында патриоттық сананы қалыптастыру, 

ол  үшін  іс-әрекет  ұйымдастыру,  тәрбие  беру  қажеттілігі  туындап 

отыр.  Олай  болса,  жастарға  патриоттық  тәрбие  беруде  өткені  мен 

бүгінгі күнді және болашағын байланыстыру қажет.  

Демек,  «қазақ  патриотизмі  –  рухы  биік  жеке  тұлғаны 

қалыптастыруындағы  ата-бабаларымыздың  қаһармандық,  батырлық, 

ерлік,  отансүйгіштік  тәлім-тәрбие  беру  идеалдарының  жиынтығы»  - 

деп айтуымызға болады.  

Ал ұлттық тәрбие жүйесінің негізі ретінде М. Шахановтың мына 

бір өлең жолдары дәлел: 

Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала, 

Әр адамның өз анасынан басқа, 

Жебеп тұрар, демеп тұрар арқада 

Болу керек құдіретті төрт ана: 

Туған жері – түп қазығы айбыны, 

Туған тілі – сатылмайтын байлығы, 

Қадамына шуақ шашар үнемі, 

Және туған тарихы еске алуға қаншама... 

Осы  тұрғыдан  алғанда,  қазақтың  ақындары  мен  ұлы  ойшылы-

дарының  кемеңгерлік  ой-пікірлерін  оқу-тәрбие  ісінде  пайдалана 

отырып, батыр бабаларымыздың ерлік дәстүрлерін насихаттау, билер 

мен  шешендердің  өнегелі  тәлім-тәрбиесіне  негізделген  жан-жақты 

тәрбие  жүйесін  құру  қажеттілігін  қазақстандық  білім  саласының 

маңызды  проблемаларының  бірі  және  әрбір  тәрбиеші-ұстаздардың 

басты парызы болып табылады.  

Сол  себепті  тәрбие  жұмыстарын  ұйымдастыруда  жоспарға  сай 

сыныпта  «Қазақстан,  мәңгілік  бағың  жансын!»,  «Тәуелсіздік  тірегі  – 

төл  теңге»,  «Біздің  бір  ғана  Отанымыз  -  Қазақстан»,  «Батырлық  пен 

қайсарлық»,  «Тәуелсіздік  жаршысы»  тақырыптарында  жүргізілген 

сыныптан тыс жұмыстар мен жыл сайын мектеп бойынша өткізілетін 

«Талантыңмен  таныл»  байқауы,  «Тілі  басқа,  жүрегі  бір»  өнер 

фестивалі, «Жырлаймын туған елімді» патриоттық әндер мен көркем 

сөз  оқу  сайысы  оқушыларды  патриоттық  сезімге  тәрбиелеудің  көзі 

деп есептейміз. 

Патриоттық  сана  -  сабақта  және  сабақтан  тыс  іс-шараларда 

Отанды  сүю,  елін  қорғауға  байланысты  басты  ұғымдарды  ашып 

көрсету арқылы қалыптасады. 

Патриотизмнің мазмұнын анықтау үшін ұлттық құндылықтарды 

бүкіл  адамзаттық  құндылықтармен  сәйкестендіру  негізгі  көкейкесті 

мәселе болып табылады. Патриотизмді бүгінгі күн тұрғысынан алатын 

болсақ,  патриотизм  мәселесі  ұлттық  және  жалпы  адамзаттық 


 

53 


құндылықтарды өзара сабақтастыра, кіріктіре отырып философияның 

негізгі категориялары әлемдік жалпы (жалпы адамзаттық патриотизм), 

(жалпы  қазақстандық  патриотизм),  айрықша  (ұлттық  патриотизм) 

бірегей (қазақ патриотизмі) тұрғыда қарастыруды қажет етеді. 

Тәрбиенің  заңдылықтарына  сүйене  отырып  оқушыларға 

патриоттық  тәрбие  беру  жүйесі  «мектеп-отбасы-әлеуметті  ортаны» 

кіріктіре  отырып  сабақ  үрдісіндегі  сабақтан  тыс  уақытта  мектеп 

оқушыларының  бастамасы  бойынша  құрылған  қоғамдық  ұйымдар 

қозғалыстар мен  тыс тәрбие мекемелерінде ұжымдық және жеке дара 

тәрбие отбасы және әлеуметтік орта мен тығыз байланыста жүргізілді. 

 

 

Оқушылардың 



бойындағы 

патриоттық 

құндылықтарды 

қалыптастыруға болатыны тәрбие сағаты барысында дәлелденді. 

Сайыстың  мақсаты  еліміздің  Тәуелсіздігі  үшін  күрескен  және 

сол  мақсаттарғажету  барысында  өздерінің  елі,  халқы  үшін  жастық 



 

54 


өмірін  қиған  аға  ұрпақтың  ерлік  істерімен  таныстыру,  Отанға  деген 

патриоттық сезімі қалыптасқан жастардың өмірін болашаққа үлгі ету, 

Отан-Ананы  құрметтеуге,  Тәуелсіздікті  бағалай  білуге,  ұлтжанды, 

елжанды  болуға  тәрбиелеу  және  тарихымызды  таныту.  Сайыс 



ІІІ кезеңнен тұрады.  

І Тур Тест.  

1) Тарихи-танымдық тестісі. 

2) Сәйкестендіру тестісі.  

ІІ Тур. Эссе жазу.  

Оқушыларды  логикалық  тұрғыдан  терең  ойлауға,  саяси 

саналарын  ұштауға,  қосымша  материалдарды  іздене  отырып  ғылыми 

жұмыстарға  баулу,  зерттеу-іздену  біліктілігін  дамыту,  өзін-өзі  саяси 

мәдениетті  түрде  басқара  білуге,  көпшілік  ортада  еркін  сөйлеуге,  өз 

ойларын  дәлелді  түрде  ашық  жеткізуге,  қандай  тақырыпта  болмасын 

жан-жақты жетік біле отырып талдауға үйрету.  

Эссе тақырыптары:  

Қазақстан – егемен ел. 

Павлодар – менің қалам. 

Астана – Елорда. Бас қала.  

Мен Тәуелсіз елдің ұланымын. 

Желтоқсан – Тәуелсіздік бастауы. 

Н.Ә. Назарбаев – ұлт көшбасшысы. 

Қазақ хандары – халық қорғандары.  

Теңге – ұлттық валюта. 

Конституция – менің Ата Заңым. 

Ел рәміздері – елдік белгісі. 

ІІІ Тур барысы. Слайд. Тәуелсіздіктің жиырма қадамы.  

Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалады.  

Ұлтарақтай болса да,  

Ата қоныс жер қымбат. 

Ат төбеліндей болса да,  

Туып-өскен ел қымбат. 

Тәуелсіздік алып келген оң өзгерістер өте көп. Тәуелсіздіктің ең 

басты жетістігі – еркіндік. Еліміздің еркін өмірдегі бүгінгі табыстарының 

бәрі де  тәуелсіздіктің нәтижесі.  Білім мен  ғылым  бәсекесі  туындаған 

ХХІ  ғасырдың  Тәуелсіз  егеменді  еліміздің  болашақ  көшбасшылары 

білім  додасында,  ата-бабаларымыздың  қолымен  келген  қасиетті 

Тәуелсіздікті  берік  етер,  іргесін  сөкпей  алдыңғы  елу  елдің  қатарына 

жетелер  ХХІ  ғасырдың  Қазақстандық  көшбасшыларына  патриоттық 

тәрбие берудегі бұл сайыстың орны ерекше.  

1-кезең. Тарихи көмбе. (ұяшықтармен жұмыс). 


 

55 


2-кезең.  Тәуелсіздіктің  ұлы  тұлғалары  сыр  шертеді  (Ел  тұтқа 

оқулығынан). 

3-кезең. Саяси саяхат (Картамен жұмыс). 

4-кезең. Өлкетану (Мұражайдан келген қонақтардың тапсырмалары 

мен сұрақтары). 

1-кезең. Тарихи көмбе. (ұяшықтармен жұмыс). 

Бұл кезеңде Тәуелсіздігіміздің 20 жылдық тарихында ел бірлігінің, 

ел  тыныштығының  қасиеті  мен  маңыздылығына  әрқайсымыздың 

көзіміз  жеткендей  болса  керек.  «Елің  тыныш  болса,  өзің  де  тыныш 

боларсың»  деген  қазақи  қағидаға  сүйенер  болсақ,  халқымыздың 

бірлігі  мен  ынтымағы  Қазақсатнды  мекендеп  отырған  әрбір  ұлт 

өкілдері  бүгінгідей  алаңсыз  әрі  бақытты  өмір  сүруінің  алғы  шарты, 

алтын  өзегі  екендігі  дау  тудырмайтын  мәселе.  Осындай  елдігі  мен 

бірлігіжарасқан  тәуелсіз  еліміздің  жетістіктері  туралы  тапсырмалар 

ұяшықта көрсетілген.  

2-кезең. Тәуелсіздіктің ұлы тұлғалары сыр шертеді.  

Батыр  бабаларымыздың  қаһармандық  күшімен,  қыран  қабақ 

сұсымен, ақ найзаның ұшымен қорғаған өлкемізге жау бітіп, жұлдызы 

жарқырағанына,  халқымыздың  көңіліндей  дарқан  даламыздың  дүр 

сілкінгеніне, ашық аспанымызға, «Азаттық» әні әуелеп тұрғанымызда, 

«Тәуелсіздік  Туы»  желбірегініне  20  жыл.  Елтұтқа  оқулығы  бойынша 

Тәуелсіздіктің ұлы тұлғаларының өмірдерегінен тапсырмалар беріледі. 

Халқымыз  ғасырлар  бойы  ұрпағын  өз  елін  сүюге,  ізгілікке 

баулып  келеді.  Бұл  ұлтымыздың  дәстүрлі  ұлттық  тәрбиесінің  өзегі 

деугеболады. 

Ұлтымыздың  патриотизмге  бай  тарихын,  жауынгерлер  мен 

батырлардың  ерліктерін,  ата-бабаларымыздың  өнегелі  өмірін  өмірін 

жас  ұрпаққа  жеткізу  патриотизмге  баулудың  бірден  –  бір  көзі.  Бұл 

ретте  аттары  аңызға  айналған  Қаракерей  Қабанбай,  Қанжығалы 

Бөгенбай,  Жанқожа  батыр,  Ақтан  батыр,  Наурызбай,  Қарасай  батыр 

сынды ерлеріміздің ерлігін баяндау осының куәсі. 

Қазақ халқының біртуар ұлдары А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, 

Ш. Құдайбердиев, 

М. Дулатов, 

Ж. Аймауытов, 

С. Сейфуллин, 

І. Жансүгіров,  Б. Майлин,  М. Шоқай,  Т. Рысқұлұлы,  Қ. Рысқұлбеков 

өз  ұлтының  нағыз  патриоттары  екендігін  мойындатқан  нағыз  ұлы 

тұлғалар. 

3-кезең. Саяси саяхат (Картамен жұмыс). 

Көп  ұлтты  Қазақстан  халқы  үшін  Отансүйгіштік  сезімінің 

рухани  саладағы  тату-тәтті  тірлік,  азаматтық  келісімде  ғана  емес, 

мемлекеттік  материалдық  негізін  нығайтуға  да  тікелей  ықпалы  бар. 

Отансүйгіштік  рух-қазақ  елінің  әлемдік  өркениеті  елдер  көшіне 

қосылып,  дүниежүзілік  қауымдастықтан  лайықты  орын  алуына 


 

56 


мүмкіндік беретін бірден бір күш. Біздің елімізді өзге елдер ықылым 

заманнан-ақ мойындаған, қазір де мойындап отыр.  

4-кезең. Өлкетану.  

Халқымыздың  ғасырлар  бойы  жасап  келген  тарихы  –  бүгінгі 

ұрпақ  үшін  баға  жетпес  үлкен  қазына,  мұра.  Бұл  мұраларымыз 

имандылық,  ғибраттылық,  әдет-ғұрпымен,  салт-дәстүрімен  қымбат. 

Осынау ұрпақ тәрбиесінің қымбат қазынасын мұралыққа алған біздер 

оның  ішіне  үңіліп,  одан  өз  болмысымызға  керек-жарақтарымызды 

алуға тиіспіз.  

«Мұра»  деген  ұғымға  Манаш  Қозыбаев  ағамыз  былайша 

түсініктеме береді: «Байтақ қазақ жері Отанымыз, көшпелі өркениет, 

мемлекеттік дәстүріміз, салт-санамыз, таң қаларлық қонақжайлық, кең 

пейіл, ата сыйлаған, ана сыйлаған ана сыйлаған мейірбандылығымыз, 

бір өзі талай Гомерлерді тудырған ұлылар галереясы, сайын даланың 

сақшысы, жерінің құтын, тәуелсіздігін қорғаған қайраткерлер, дамыған 

әдебиетіміз, құлашын әлемге сермеген мәдениетіміз, тіліміз, дініміз – 

осының бәрі халық мұрасы». 

Потанин  атындағы  Павлодар  облыстық  тарихи-өлкетану 

мұражайынан  келіп  отырған  қонағымыз  «Өлкетану  мұражайының» 

ғылыми  қызметкері  халқымыздың  ұлттық  жәдігерлерімен  таныстыра 

отырып, оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырды.  

Қорыта келгенде, Егемен Қазақстанның тізгіні – жастар қолында. 

Халық  жазушысы  Әзілхан  Нұршайықов:  «Ұлттық  тілдің,  дәстүрдің 

тірегі  –  Тәуелсіздік.  Тәуелді  ұлт  –  бұл  байлықтың  бәрінен  айрылып, 

бейшара  болады»  деген.  Бұл  қанатты  сөзді  бойымызға  сіңіріп,  жас 

жүрегімізге  «Елім  деген  сөзді  ұялатып,  елге  адал  қызмет  ететін, 

патриоттық  құндылықтары  қалыптасқан  тұлға  тәрбиелеп  шығару  – 

біздің басты міндетіміз» деген. 

 

 

Патриоттық тәрбиенің моделі



 

57 


Қолданылған әдебиеттер тізімі 

 

1. Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие 

берудің  2009-2015  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасы 

«Қазақстан кәсіпкері – Профессионал Казахстана» журналы. №9, 2010 ж. 

2. «Алғашқы әскери дайындық өмір қауіпсіздігі негіздері» журналы. 

№10, 2009 ж. 

3. «Алғашқы әскери дайындық өмір қауіпсіздігі негіздері» журналы. 

№1, 2006 ж. 

4.  «Алғашқы  әскери  дайындық  өмір  қауіпсіздігі  негіздері» 

журналы. №5, 2009 ж. 

5. Мемлекет басшысының 1997 жылғы 11 қазандағы «Қазақстан-

2030»  Қазақстан  халқына  Жолдауы,  барлық  қазақстандықтардың 

көркеюі, қауіпсіздігі және тұрмысын жақсарту. 

6. С.Ш. Әбенбаев  Тәрбие  теориясы  мен  әдістемесі.  Алматы, 

2004. – 154 б. 

7. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы 

8.  Қазақстан  Республикасының  бiлiм  беру  ұйымдарында  2006-

2011 жылдарға арналған кешендi тәрбие бағдарламасы 

9. Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие 

берудің  2009-2015  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасы 

«Қазақстан  кәсіпкері  –  Профессионал  Казахстана»   журналы.  №9, 

2010 ж. 


10.  С.А. Мұсаева,  Т.Б. Бегалиев.  Жас  ерекшелік  педагогикасы. 

«Фолиант» баспасы, Астана, 2006 ж. 

11.  Бастауыш  әскери  дайындық:  Орта  оқу  орнына  арналған 

оқулық. 1-ші бас. – Алматы, АОӘО, 2000 ж., – 400 б. 

12.  Алғашқы  әскери  дайындық.  Жалпы  білім  беретін  А52 

мектебінің  жаратылыстану-математика  бағытындағы  11-сыныбына 

арналған  оқулық  /  К. Аманжолов,  А. Тасболатов,  Д. Майхиев, 

Б. Аманжолова. – Алматы: «Мектеп», 2007. – 352 б. 



 

58 


Мазмұны 

 

Кіріспе.....................................................................................................  3 

1. Бастапқы әскери дайындық пәнінің патриоттық тәрбие берудегі 

ролі.......................................................................................................... 

 



2. БӘД пәнінің басқа пәндермен байланысы......................................  15 



3. Патриоттық тәрбие берудегі сыныптан тыс әскери-патриоттық 

іс шаралар............................................................................................... 

 

20 


4. Патриоттық тәрбие беруде мемлекеттік рәміздердің маңызы......  24 

5. Бауыржан Момышұлының өмірі мен шығармашылығы арқылы 

патриоттық тәрбие беру........................................................................ 

 

30 



6. Ауған 

соғысының 

ардагерлерімен 

кездесу 


кештерін 

ұйымдастыру арқылы патриоттық тәрбие беру.................................. 

 

39 


7. Патриоттық тәрбие қалыптастырудағы тәрбие сағаттары.............  49 

Қолданылған әдебиеттер тізімі.............................................................  57 

 


 

59 


 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



А.Ш. Жангазин 

 

ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІНДЕ 

 

ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ 

 

Оқу құралы 

 

 

Басуға қол қойылды 26.08.2013 г. 



Гарнитура Times New Roman. 

Форматы 29,7 х 42 ½. Офсеттiк қағазы. 

Көлемi 3,0 шартты б.т. Таралымы 300 дана. 

Тапсырыс №0720 

 

Павлодар мемлекеттiк педагогикалық институтының 



редакциялық-баспа бөлiмi 

140000, Павлодар қ., Мир көшесi, 60 

E-mail: rio@ppi.kz 

 

 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет