А. Ш. Жангазин жалпы білім беру мектебінде



Pdf көрінісі
бет1/6
Дата03.03.2017
өлшемі0,65 Mb.
#5581
  1   2   3   4   5   6

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 

Павлодар мемлекеттік педагогикалық интитуты 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

А.Ш. Жангазин 

 

 

 

ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІНДЕ 

 

ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ 

 

Оқу құралы 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Павлодар 

2013 


 

УДК 37.035.6 (574) 



ББК 74.200.513 

Ж 26 


 

 

Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының 



Ғылыми кеңесі ұсынған 

 

 



 

Пікір жазғандар: 

Ә.К.  Нургалиева  –  ПМПИ  психология-педагогика  факультетінің  деканы, 

п.ғ.д. докторы 



Т.М.  Әленов  –  Павлодар  облысының  Білім  беру  басқармасы  Аймақтық  оқу-

тәжірибелік дене тәрбиесі орталығының орынбасары 

 

 

 



А.Ш. Жангазин. Жалпы білім беру мектебінде патриоттық тәрбие: Оқу 

құралы. – Павлодар, 2013. – 59 б. 

 

 

 



 

Оқу  құралында  жоғарғы  оқу  орындарында  студенттерге  этностық 

ерекшеліктерді, халқымыздың тарихы мен мәдениетін, сондай-ақ халықтың батыр 

ұл-қыздарының  ерлік  істерін  назарға  ұсына  отырып,  жастарды  патриоттыққа 

тәрбиелеудің  және  оны  қазіргі  жағдайда  зерттеудің  ұтымды  жолдары  мен 

қажеттіліктері туралы айтылады. 

Оқу құралы БӘД пәні мұғалімдері мен студенттеріне арналған. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

© А.Ш. Жангазин, С.Н. Аскапов, А.К. Елеуов, 2013. 

© Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты, 2013. 

Ж 26 


 



Кіріспе 



 

«Қазақстан – 2030» Жолдауында Республика Президенті еліміздің 

ұлттық  қауіпсіздігін,  тәуелсіздік  пен  егемендігін  танытатын  мемлекеті-

міздің  ұзақ  уақытты  дамуын  анықтады.  Білім  беру  мен  тәрбиенің 

негізгі міндеті - өз елінің азаматы, патриотын тәрбиелеу болса, осыған 

сәйкес «қазақстандық патриотизм мен ұлттық патриотизм» жастардың 

тәрбиелік деңгейін бағалаудағы көрсеткіш болып қарастырылады. 

Қазақстанның жоғарғы оқу орындарында студенттерге этностық 

ерекшеліктерімізді,  халқымыздың  тарихы  мен  мәдениетін,  сондай-ақ 

халықтың  батыр  ұл-қыздарының  ерлік  істерін  назарға  алу,  жастарды 

патриоттыққа  тәрбиелеудің  және  оны  қазіргі  жағдайда  зерттеудің 

қажеттілігін арттыра түсіреді. 

Елбасы  Н.Ә. Назарбаев  өзінің  студенттермен  кездескен  сөзінде 

оларды  патриоттыққа  тәрбиелеудің  қажеттілігін  көрсетті.  Бұл  жастарға 

білім  беріп,  патриоттыққа  тәрбиелеу  ісіне  нұсқау,  әрі  оның  қажеттілігін 

айқындайтын бағдарлама деуге болады. 

Жұмыстың  өзектілігі  қазіргі  кезде  тәрбиелік  мән  беретін 

көптеген  мәселелерді  қайта  қарауды  және  жас  өспірімдерді  жалпы 

Отанның өткендегі ерлік істерін терең сезіммен ұғынуға баулитындай 

тәрбиенің ерекше тиімді формалары мен әдістерін қарастыруды талап 

етуінде.  Әсіресе,  бүгінде  байсалдылық,  табандылық,  батылдылық, 

батырлық, қайсарлық, білім ғана емес, әсіресе өнегелік көрсету қажет 

болып отырған уақытта аса маңызды болып табылады. 

Қазіргі  заманда  біздің  халқымыздың  патриотизмі  экономиканы 

қайта  құруда,  қоғамды  рухани  жаңартып  демократияландыруда, 

плюрализм пікірін бекітуде және әлеуметтік орта мен идеологиядағы 

сол бір тоқырау кезеңдерінің әсерінен туған жікшілдік пен бұрмалау-

шылықты жоюдағы күреске бар күшті ынталандыру болып табылады. 

Мұның  бәрі  келешек  жас  ұрпақты  патриоттық  және 

интернационалдық рухта тәрбиелеудің қажеттілігін қамтамасыз етеді. 

Қазақстан  Республикасының  білім  беру  жаңа  бағдарламасында, 

қоғамның,  бүгінгі  күнгі  талабы  алдағы  уақытта  да  әрбір  адамды 

Отанын  сүюге,  туған  жерін  құрметтеуге,  ата-бабаның  озық  салт-

дәстүрлерінің  құндылығын  мақтаныш  тұтуға,  әлемде  халықтар 

арасындағы  бейбітшілік  үшін  достықты  нығайтуға  бағыт  беруде 

талмай еңбек етуді қажет санайды. 

Патриотизм  -  әлемдегі  бейбітшілік  үшін  күреспен,  адамзат 

өміріне қауіп төндіретін термоядролық, экологиялық және террорлық 

апаттың  алдын  алумен,  халықаралық  қатынастарды  құрумен  және 

әлемдегі жаңа тәртіптерді бекітумен, өзара түсіністікті негізге алумен, 

тәуелсіз елдермен және басқа да мемлекеттермен көршілік татуластықпен, 

іскерлік ынтымақтастықпен тығыз байланыста болумен өлшенеді. 



 



1. БАСТАПҚЫ ӘСКЕРИ ДАЙЫНДЫҚ ПӘНІНІҢ 



ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДЕГІ РОЛІ 

 

12  жылдық  білім  беруге  көшу  –  бұл  барлық  ұлттық  білім  беру 

жүйесіндегі реформа, ол оқушыны дамушы ортада өмір сүруге қабілетті 

етеді, 


өз 

мүмкіндігін 

пайдаланатын 

қоғам 


үшін 

білімді 


шығармашылыққа оқытады және үйретеді. 

12 жылдық білім беруге көшу – мұғалімді бұрынғы педагогикалық 

жүйені түгелдей өзгертіп, керісінше кез келген туындаған міндеттерді 

шешу  үшін  әр  тұлға  пайдалана  алатын  жаңа  технологияларды,  әдіс-

тәсілдерді  үйретуге  бағыттайды.  12  жылдық  жалпы  орта  білім  беру 

тұжырымдамасында: «оқушы келешек өміріне қажет білім, біліктілік, 

дағдылық,  қимыл  шеберлігі  даярлығынан  өту  керек»,  -  делінген. 

Осындағы  қимыл  шеберлік  даярлығынан  өту  үшін  мұғалімге  көп 

ізденіс қажет. Әрбір оқушы өзінің сана-сезімі, ақыл-ой қабілеттілігін, 

психологиялық,  физиологиялық  мүмкіншілігін  пайдаланып,  өзін-өзі 

даярлау  қажет.  Мұғалім  сабақта  оқу  амалдарын,  әдістемелерді 

пайдаланып,  оқушылардың  жоғарыдаға  әр  түрлі  кәсіби  қабілеттерін 

және  мүмкіншіліктерін  анықтап,  осылар  бойынша  әр  түрлі  кәсіби 

қызметтерге бағыттауы керек. 

Бұл  әр  түрлі  қабілеттер  мен  мүмкіншіліктерді  орындаудың 

негізгі амалы, дене тәрбиесі жаттығулары мен теориялық білім. АӘД 

сабағын дұрыс өткізген мұғалім жеке оқушыларды таңдап алған спорт 

түрлерінен жоғары жетістікке жетуін ғана емес, барлық оқушылардың 

денсаулықтарын  нығайту,  қозғалыс  ептілігі  мен  дағдыларын 

қалыптастыратын,  оларды  үлкен  өмірге  дайындайтын  дене  тәрбиесі 

сабағының негізгі бағыттарын құрайды. 

Қазіргі  мектептерде  оқушылардың  құзырлықтарын,  қызығушы-

лықтары  мен  қабілеттерін  шешуге  мүмкіндік  бермеген,  білім  беру 

процесінде  мазмұны,  құрылымы  және  ұйымдастырылуы  өзгермеген, 

осыларды шешетін бейімдік оқыту мектептер құрылмаған. 

Оқу құралының мақсаты мен міндеттері. 12 жылдық оқу кезінде 

алғашқы  әскери  дайындық  сабағының  негізгі  бағыттарына  сүйене 

отырып, түпкі нәтижеге жету. 

– денсаулықты  нығайту,  анатомиялық,  физиологиялық,  психо-

логиялық, ағза мүшелерінің саулығы, жақсы қызмет істеуге жету; 

– алғашқы әскери дайындық сабағының адам өмірінде маңызы, 

жаттығулардың  адам  ағзасына  әсері,  дене  мүшелерінің  функциялары 

және функциялық деңгейлерін жоғарылату әдістерін меңгеру; 

– оқушылардың  денсаулығын  нығайтатын,  денесін  үйлесімді 

дамытатын, дене қуатын, қимыл шеберлігін жетілдіретін міндеттер. 


 

– жылдам  дамушы  ортада  өмір  сүруге  қабілетті,  өзін  таныта 



алатын,  өзі  үшін  де,  қоғам  үшін  де  бар  мүмкіндігін  пайдаланатын 

білімді, шығармашыл тұлға қалыптастыру. 

Алғашқы әскери дайындық азаматтарды Қазақстан Республикасы 

Қарулы  Күштерінің  қатарында  әскери  қызмет  атқаруға  дайындық 

жүйесінің бір бөлігі болып табылатындықтан, қазіргі кезеңде «Алғашқы 

әскери  дайындық»  пәнін  оқыту  Қазақстан  Республикасының 

Конституциясы,  Қазақстан  Республикасының  Әскери  доктринасы, 

«Қазақстан  Республикасының  Қарулы  Күштері  және  Қорғанысы 

туралы»  және  «Әскери  міндеттілік  және  әскери  қызмет  туралы» 

Қазақстан  Республикасының  заңдарының  талаптарына  сәйкестікте 

жүзеге асып отыр. 

Алғашқы әскери дайындық – Қазақстан Республикасы азаматтарын 

Қарулы  Күштерде,  басқа  да  әскер  және  әскери  құрамаларда  қызмет 

етуге  дайындайтын  мемлекеттiк  жүйенiң  негiзгi  құрамы  болып 

табылады.  

Алғашқы  әскери  дайындық  меншік  түрі  мен  ведомствалық 

бағыныштылығына  қарамастан,  барлық  типтегі  жалпы  білім  беретін 

мектептерде,  орта  арнаулы  оқу  орындарында  (колледждерде),  кәсіптік-

техникалық  мектептерде  (кәсіптік  мектеп)  әскерге  шақырылуға 

дейінгі  және  әскерге  шақырылу  жасындағы  білім  алушы  жастардың 

міндетті оқытылатын пәні болып табылады. 

Әскери-патриоттық тәрбие алғашқы әскери дайындықпен тығыз 

ұштастырыла  отырылып,  жастардың  әскери  iстi  жақсы  меңгеруiне, 

төтенше  жағдайларда  қорғанудың  тәсiлдерi  мен  құралдарын  дұрыс 

пайдалана бiлуiне ықпал ете алуы қажет. 

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде қызмет ету туралы 

түсінігін  және  әскери  іс  негіздері  бойынша  оқушылардың  білімдерін 

қалыптастыру,  оқушылардың  өмірлік  қабілеттері  мен  дағдыларының 

дамуын қалыптастыруға ықпал ету. 

ҚР ҚК туралы Заң қабылдануына байланысты білім беру саласы 

мен  мектептегі  АӘД  сабағына  мемлекеттік  пән  мәртебесі  беріліп, 

әскерге  даярлау  мен  жас  жеткіншекке  отаншылдық  тәрбие  беру 

жұмысына  Үкімет  тарапынан  көңіл  берілуде.  Пәннің  міндеті  – 

келешекте  Отанын,  жерін,  елін  қорғай  алатын,  ұлттық  намысы  мол, 

жігерлі  ұл,  қыз  тәрбиелеу,  әскер  қатарына  сауатты,  моральдық 

жағынан дайын азамат даярлау. 

Патриоттар  даярлаудағы  жауапкершілікті  неғұрлым  терең 

сезініп,  бар  мүмкіндікті  пайдаланып,  шыныққан  шымыр  отансүйгіш 

азаматтар  даярлау  үшін  АӘД  пәні  мұғалім-ұйымдастырушыларына 

үлкен талап қойылады, сондықтан оларға өз ісінің жетік маманы болу 



 

жеткіліксіз,  сонымен  қатар  жан-жақты  білімді,  тың  ақпараттардан 



хабары  мол  болуы  шарт.  Осы  жағдайды  ескере  отырып,  қала 

мектептеріндегі әрбір әскери дайындық сабағының 3-5 минуты саяси 

хабарлама  берумен  басталуы  тәжірибеге  негізілуде.  ҚК  қатарына 

даярлау  үшін  мектептегі  барлық  оқу-материалдық  элементтері  түгел 

болуын да қадағалаған абзал. 

Осылайша, әскери пәндерді оқыту арқылы Қазақстан Республикасы 

азаматын  тәрбиелей  отырып,  оқыту  арқылы  адамгершілік-рухани 

тұрғыда  егемен  еліміздің  ұлттық  сана-сезімі  мен  намысы  оянған, 

рухани  ойлау  дәрежесі  биік,  мәдениетті,  еңбекқор,  бойында  білімге 

негізделген  ізгілікті  қасиеттері  қалыптасқан  азамат  тәрбиелеуге 

болатынына біздің көзіміз жетіп отыр. 

Бастапқы  әскери  дайындық  және  дене  тәрбиесі  пәндері  бірін-

бірі  толықтырып  тұрады.  Дене  шынықтыру  сабақтарын  саптық 

дайындықсыз  өткізу  мүмкін  емес,  себебі  ол  гимнастиканың  негізі 

болып табылады. Ол өз негізінде өмірдің қауіпсіздік негіздері пәнімен 

қосыла, болашақ бастауыш әскери дайындық пәнінің негізін қалайды. 

Ал,  БӘД  пәні  жастарды  болашақ  Отан  қорғауға  дайын  болуға, 

патриотизмге  тәрбиелейді  десек,  ол  мақсатқа  дене  тәрбиесіз  жету 

мүмкін  емес.  Өскелең  ұрпақты  осындай  биік  мақсаттарға  жетелеу 

үшін 1-сыныптан бастап париотизмге, Отанын, елін сүюге тәрбиелеу – 

мектептің  негізгі  міндеті.  Жыл  сайын мектептерде  БӘД  пәнін бастау 

жайлы бұйрық жүйелі түрде беріледі, осы бұйрықта аудандық әскери 

комиссариаттың  ұсынысымен:  «Дене  шынықтыру  сабақтарындағы 

саптық пәндер ҚР Әскери жарлықтарының талаптарына сай берілсін», 

-  деген  сөздер  айғақтайды,  яғни  саптық  пәрмендерді,  әскери 

терминологияны жүйелі оқушылар санасына жас кезінен енгізу болып 

табылады. Бұдан шығатын қорытынды: бұл екі пән егіз және оларды 

қатар алып жүру мұғалім үшін үлкен парыз. 

Жастардың  алғашқы  әскери  дайындығы  мынандай  мақсатта 

өткiзiледі: 

Қазақстан  Республикасы  Конституциясының  ережелерiн, 

мемлекет  қорғанысының  негiзiн  жастардың  оқып  үйренуi;  Қазақстан 

Республикасы  Қарулы  Күштерiнiң  тағайындалуын,  оның  сипаты  мен 

ерекшелiктерiн,  Қазақстан  Республикасы  азаматтарының  қасиеттi 

борышы  ретiндегi  әскери  қызмет  мәнiн,  әскери  анттың  негiзгi 

талаптарын,  Қазақстан  Республикасы  Қарулы  Күштерiнiң  Жарғыларын 

жете  түсiнуi;  әскери  бөлiмдердегi  ұрыстық  техника  және  қару-

жарақпен,  жеке  құрамның  тұрмыс-тiршiлiгi  және  олардың 

орналастырылуымен танысуы; қажеттi әскери бiлiм мен практикалық 

дағдыларға  ие  болуы;  төтенше  жағдайларда  адамның  тiршiлiк 



 

әрекетiнiң  қауiпсiздiк  негiздерiн  менгеруi  оқушыларды  Қазақстан 



Республикасы  Қарулы  Күштерінде  қызмет  ету  үшін  алғашқы  әскери 

дайындықтың  теориялық  тиянақты  білімдері  негізінде,  Қазақстан 

Республикасы Қарулы Күштеріне мерзімді әскери қызметке шақырылған 

азаматтар  қысқа  уақыт  ішінде  мерзімді  әскери  қызмет  өтеу  шарттарына 

бейімделіп,  сеніп  тапсырылған  әскери  техника  мен  қару-жарақты 

меңгере  алатындай  жағдайда  даярлау;  оқушыларды  Қазақстан 

Республикасы Қарулы Күштерінің қызметі туралы біртұтас түсінігінің 

өзара үйлесімді жүйесін қалыптастыру; оқушыларды қарулы қорғаныс 

ролі  нақты  түрде  өсіп  отырған  Қазақстан  Республикасындағы  өмірге 

даярлау. 

Алғашқы  әскери  дайындыққа  үйретудің  басты  міндеттері 

негізінде  нақты  дидактикалық  тапсырмалар  қарастырылады,  оның 

ішінде  аса  маңыздысы  оқушылардың  сенімділігін,  саналы  түрде 

Қазақстан  Республикасы  егемендігін  қорғау  қажеттілігін,  әскери  

қызметке жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру болып табылады. 

Жалпы  орта  білім  беру  деңгейі  бойынша  «Алғашқы  әскери 

дайындық»  пәнінің  мазмұны  пәннің  мақсат-міндеттеріне  және 

оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес айқындалады. 



Пән  бойынша  оқу  бағдарламасының  мазмұнын  іріктеуде 

жалпыдидактикалық  ұстанымдар:  табиғи  үйлесімділік,  практикаға 

бағыт  ұстану,  сабақтастық,  саналылық,  көрнекілік,  белсенділік, 

жүйелілік пен бірізділк принциптері басшылыққа алынды. Үздіксіздік 

ұстанымы  оқытудың  барлық  сатылары  арасында  әдіснамалық, 

мазмұндық,  оқытудың  әдістемесі  мен  технологиясы  деңгейінде 

сабақтастықты қамтамасыз етеді. 

Көрнекілік  ұстанымы  нақты  жағдайда  қарым-қатынастың 

«болуын»  көрсететін  барлық  көрнекілік  құралдарын  (вербалды, 

иллюстрациялық,  сонымен  қатар  мұғалім  сабақ  барысында  қолданатын 

қимыл-қозғалыстар) пайдалану қарастырылады. 



Белсенділік ұстанымы Мұнда ұстанымның 3 түрі қолданылады: 

тұлғалық-бағдарланған,  мәдени-бағдарланған,  іс-әрекеттік  бағдарланған 

ұстанымдары.  

Тұлғалық  бағдарланған  ұстанымына:  адекваттық  ұстанымы

даму ұстанымы, психологиялық жайлылық ұстанымы кіреді. 



Мәдени бағдарланған ұстанымының құрамына келесі ұстанымдар 

кіреді: әлем картинасы ұстанымы, білім беру мазмұнының біртұтастығы 

ұстанымы,  жүйелілік  ұстанымы,  әлемге  деген  мағыналық  қарым-

қатынас  ұстанымы,  білімнің  бағдарланған  қызметі  ұстанымы, 

дүниетаным  және  мәдени  стереотип  ретінде  мәдениетке  сүйену 

ұстанымы. 



 



Әрекетке  бағытталған  ұстанымдар  тобына  оқушының  оқу 

әрекетін реттейтін ережелер кіреді: оқытудың әрекетшілдік ұстанымы, 

іс-әрекеттен  оқу  жағдаятына,  іс-әрекеттен  өмірлік  жағдаяттарға 

басқару арқылы ауысу ұстанымы, оқу-танымдық іс-әрекеттен оқушының 

өздік  іс-әрекетіне  (өзіне  жақын  аймақта)  ауысу  ұстанымы,  алдағы 

(спонтанды)  дамуға  сүйену  ұстанымы,  креативті  ұстаным  немесе 

шығармашылыққа  мұқтаждықты  және  шығармашылық  біліктерін 

қалыптастырушы ұстаным. 

Жүйелілік  және  сабақтастық  ұстанымдары  қайталау,  қорыту 

жолдары  және  сабақ,  тақырып,  бірнеше  тақырып,  тоқсан  және  т.б. 

үдерісінде  қажетті  материалды  жүйелендіру  арқылы,  сонымен  қатар 

келесі  дидактикалық  ережелерді  сақтау  арқылы  жүзеге  асырылады: 

белгіліден белгісізге,  қарапайымнан күрделіге, үйлестіктен өзектіліктікке. 

ҚР ҚК туралы Заң қабылдануына байланысты білім беру саласы мен 

мектептегі АӘД сабағына мемлекеттік пән мәртебесі беріліп,  әскерге 

даярлау  мен  жас  жеткіншекке  отаншылдық  тәрбие  беру  жұмысына 

Үкімет  тарапынан  көңіл  берілуде.  Пәннің  міндеті  –  келешекте 

Отанын,  жерін,  елін  қорғай  алатын,  ұлттық  намысы  мол,  жігерлі  ұл, 

қыз  тәрбиелеу,  әскер  қатарына  сауатты,  моральдық  жағынан  дайын 

азамат даярлау. 

Осылайша, әскери пәндерді оқыту арқылы Қазақстан Республикасы 

азаматын  тәрбиелей  отырып,  оқыту  арқылы  адамгершілік-рухани 

тұрғыда  егемен  еліміздің  ұлттық  сана-сезімі  мен  намысы  оянған, 

рухани  ойлау  дәрежесі  биік,  мәдениетті,  еңбекқор,  бойында  білімге 

негізделген  ізгілікті  қасиеттері  қалыптасқан  азамат  тәрбиелеуге 

болатынына біздің көзіміз жетіп отыр. 

Іскер  ұстаздың  тағы  бір  жетістігі  –  пән  кабинетін  талапқа  сай 

жабдықтауында.  Кабинеттегі  Абылай  хан,  Б.  Момышұлы,  Т. Әубәкіров, 

Т. Бигелдинов,  С. Нұрмағанбетов,  сол  сияқты  жерлестеріміз  Қ. Қамзин, 

С. Мүткенов  т.б.  туралы  деректер  оқушыларға  ерлік  тағылымымен 

табындырар ұлы тұлғалар туралы сыр шертеді. 

«Алғашқы  дәрігерлік  көмек»,  «ҚР  Қарулы  Күштері  рәміздері», 

«Атыс  дайындығы»,  «Саптық  дайындық»,  «Тактикалық  дайындық», 

«Әскерге  бару  –  азамат  болу»,  «ҚР  Қарулы  Күштерінің  жарлығы» 

сияқты стенділер оқушылардың әскери  ережелерді жадында сақтауына 

әсер  етеді.  Кабинетте  тәулік  кезекшілік  бөлмесі  және  қару-жарақ 

сақтайтын  бөлме  болғаны  абзал.  Ортада  ұрыс  алаңы  бейнеленген 

жайма тақталарын да орналастыруға болады. 

Осы  материалдық  база  оқушылардың  әскери  тәртіпті  сақтап, 

үйренуіне ықпал етеді. 



 

Оқушыларды  отаншылдыққа  тәрбиелеуде  сабақтан  тыс 



шаралардың  да  маңызы  зор.  Жыл  сайын  9  сәуір  мен  9  мамыр 

аралығында Жеңіс күні құрметіне әскери патриоттық айлық өткізіледі. 

«Рухты әндер – ерлікке бастар ұлы күн», «Ел тірегі – рухты ән» 

атты  байқауға  оқушылар  асқан  жауапкершілікпен  қатысып,  мол  әсер 

алады.  Байқауда  «Атамекен,  қазағым  менің»,  «Отаным  –  бақыт 

ордасы»,  «Елім  менің»,  т.б.  әндер  орындалып,  әр  топтың  киім  үлгісі 

кештің мәніне әр береді, жеңімпаздар анықталады. 

АӘД  кабинеті  алғашқы  әскери  дайындық  бағдарламасы 

бөлімдерін  теориялық  және  практикалық  жағынан  оқып  үйренуге, 

сондай-ақ  сабақтан  тыс  уақытта  үйірме  жұмыстарын  өткізуге  және 

оқушылардың  өз  бетінше  сынақтарға  дайындалуына  арналған.  АӘД 

кабинеті  жеке,  кең  әрі  жарық  болуы  қажет  және  оқушылық  екі 

орындық үстелдермен, әр оқушыға жеке орындықпен, АӘД оқытушы-

ұйымдастырушысына  арналған  үстелмен,  сынып  тақтасымен 

(интерактивті) жабдықталуы қажет. 

Кабинетте  мыналар  болуы  керек:  тақырыптық  стендтер 

(турниктер);  жергілікті  жер  нобайы;  оқытудың  техникалық  құралдары; 

көрнекі құралдарды көрсетуге арналған қада немесе тіреу; оқу қаруын 

толық  немесе  бөлшектеу  және  жинақтауға  арналған  үстел 

жамылғысымен;  түрлі-түсті  борлар  жиынтығы.  Кабинетте  оқушы 

үстелдері  үш  қатарға  орналасады  арақашықтығы  қабырғадан  60  см. 

жерде  орналасуы  керек.  Себебі,  әр  оқушы  шақырылған  кезде  «Тік 

тұр»  жағдайын  қабылдап,  жауап  беру  үшін  немесе  тәсілді  (әрекетті) 

практикалық  түрде  көрсету  үшін  саптық  қадаммен  тақтаға  шығу 

мүмкіндігі болу керек. 

Алғашқы  әскери  дайындық  сабақтарында  оқушылар  әскери 

кабинеттегі үстелде жеке қатарларда бөлімше бойынша орналастырылады. 

Әр  қатардың  бірінші  үстелінде  –  бөлімше  командирі,  одан  кейін 

барлық  бөлімше  оқушылары  отырады.  Әскери  кабинет  оқыту 

бағдарламасының әр бөліміне рәсімделген стнедтермен (турниктермен) 

жабдықталады. 

Бөлме  жаттығу  қаруларын,  кіші  калибрлі  винтовкалар  мен  оқ-

дәрілерді  сақтауға  арналған.  Ол  оқу  орындары,  оқу  пункттері  мен 

білім  беру  ұйымдарында  жаттығу  қаруын,  оқ-дәрілерді  және  кіші 

калибрлі  винтовкалар  мен  олардың  патрондарын  алу,  есеп  жүргізу 

және сақтау жөніндегі нұсқауларға сәйкес қатаң түрде жабдықталады. 

Кіші калибрлі винтовкаларды сақтау үшін жеке шкаф (пирамида) 

қойылады, тек онда магазин, майлауыш жабдықтар, сүңгі-пышақ пен 

магазин сөмкелеріне арналған орындар (ұя) болмайды. Шкаф (пирамида) 

ішкі жағында рамкада мүлік тізімдемесі жазылады. Оқыту мақсатында 



 

10 


әскери  қызметшілердің  инженерлік  мүлкі  мен  газтұмылдырықтары 

қалай  сақталатындығын  көрсету  үшін  шкафта  (пирамидада) 

газтұмылдырық  пен  кіші  жаяу  әскер  күректеріне  арналған  орындар 

жабдықталуы  мүмкін.  Газтұмылдырық  сөмкелеріне  жапсырмалар 

тағылады. Жапсырмаға газтұмылдырық бекітілген оқушының тегі мен 

газтұмылдырық  өлшемі  көрсетіледі.  Жапсырма  сол  жаққа,  лямканың 

сөмкемен қосылған жеріне тағылады. 

АӘД  кабинетінің  шыға  берісінде  немесе  әскери  кабинетке 

жақын  ыңғайлы  басқа  орында  жабдықталады.  Жабдықталған  орында 

мыналар  болуы  қажет:  құжаттамасы  бар  тақтайша  (ҚР  Қарулы 

Күштерінің  басқа  да  әскерлері  мен  әскери  құрылымдарының  ішкі 

қызметі Жарғысына сәйкес рәсімделеді); тумбочка, онда кезекшілікті 

қабылдау  және  тапсыру,  қару  мен  оқ  дәріні  беру,  аурулар  мен 

шығатындар  туралы  кітап  макеті,  телефон  аппараты  (макет),  өрт 

сөндіру құралдары (өрт сөндіргіш) – тәуліктік кезекшіге жақын жерде 

болады,  рота  бойынша  кезекшінің  қол  таңғышы  ұзындығы  30-40  см. 

және  жалпақтығы  10  см.  қызыл  матадан  жасалады,  таңғыш  шеттері 

бүгіліп  тігіледі,  таңғышқа  «рота  бойынша  кезекші»  деген  жазу  ақ 

түспен жазылады немесе таңғыштың орнына кеуде белгісін жасатуға 

болады, тәуліктік кезекшінің жабдық-құралы сүңгі пышақ макеті және 

пышақтар  автомат  сүңгі  пышағының  көлемі  бойынша  ағаштан, 

пластмассадан жасалады. 

Осы жаттығу орнында ротаға тікелей бастықтар келген кездегі, 

дабыл  немесе  өрт  болған  жағдайда,  телефон  бойынша  баяндалғанда, 

басқа  ротаның  әскери  қызметкерлері  келгенде,  бос  ауысымның 

практикалық әрекеттері тәуліктік кезекшісін рота бойынша кезекшіге 

шақырғанда,  қару  мен  рота  мүлкін  сақтауды  қамтамасыз  ету,  рота 

орналасуынан  шығару  кезіндегі  тәуліктік  кезекшінің  практикалық 

әрекеттері жаттықтырылады. 

«Білімденудің ошағы – мектеп. Тәрбиенің ауданы одан кең, түбі 

терең. Адамның өсетін, балалық, жеткіншектік дәуірі түгілі тәрбиенің 

әсері  жігіттік,  кекселік  кезде  де  қалмайды.  Тәрбие  сәулесі  түспейтін 

адамның ешбір қалтарысы жоқ. Тәрбие болмаған жерде шын ақылды, 

мәдениетті  өмір  де  болмақ  емес»  деп  Ж. Аймауытов  айтқандай, 

тәрбие беру үздіксіз үдеріс болып табылады. 

Осы  мақсатта  мектептің  жылдық  жоспарына  сәйкес  біздің 

мектебімізде әскери-патриоттық шаралар өтуде. Олар: 

1. Кеңес  Одағының  батыры  Қ. Камзин,  С.  Мүткенов  жүлделеріне 

арналған пневматикалық мылтықтан ату турнирі. 

2. Әскери спорттық ойын – «Алау». 

3. «Сапта жүру мен ән айту» байқауы. 


 

11 


4.  Ұлы  Отан  соғысы  және  тыл  ардагерлерімен,  Ауған  соғысы 

ардагерлерімен кездесу. 

5. Әскери-қолданбалы спорт түрінен жарыс. 

6. «Ерлік сабақтары». 

7. «Кәнеки, жігіттер» байқауы. 

8. «ХХІ ғасырдың көшбасшысы»  

9. Интеллектуалдық ойындар. 

10. Далалық оқу жиындары. 

Оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің міндеті олардың бойында 

іскерлік,  білімдік  дағдыларымен  қатар  туған  жерін,  елін  сүйетін,  ел 

дәстүрін  қастерлейтін  мәдени  парасаттылық  сезімін  тәрбиелеумен 

астасып жатыр. 

Оқушыларды  отансүйгіштікке,  елжандылыққа  тәрбиелеуде  басқа 

пәндермен  қатар  алғашқы  әскери  дайындық  пәнінің  атқаратын  жүгі 

қомақты. 

Дені  сау,  мықты  болашақ  жауынгерлерді  тәрбиелеудің  маңызды-

лығын  жан  жүрегімен  түсініп,  оқушыларды  ерлік  дәстүр  рухында 

тәрбиелеуді  мақсат  тұтқан  ұстаз  ғана  ел  намысын  қорғайтын, 

пендешілік  мүддеден  ұлт  мүддесін  жоғары  қоятын  шын  мәнісіндегі 

азаматтарды тәрбиелей алады. 

Тұлғаны тәрбиелейтін ұстаздың өзі де тұлға болуы тиіс. 

Ол  өзінің  еңбекқорлығымен және  әр  істі  зор  жауапкершілікпен 

атқаратын  іскерлігімен  танылады.  Әр  оқушыны  бала  ретінде  емес, 

терезесі  тең  азамат  ретінде,  елдің  ертеңі  ретінде  бағалап,  зор  сенім 

артуы арқылы балғын жігіттердің сеніміне ие болады. Әр шәкірт оны 

ұстаз-аға,  ұстаз-дос  ретінде  таниды.  «Тәрбиелі  –  тәртіптің  құлы» 

екенін  терең  түсінген  ұстаз  әр  жасөспірімнің  сыйлауы  азаматтық 

парасат  екенін  санаға  сіңіреді.  Ата-аналармен  тіл  табысып,  пәнге 

қажет әскери форманың болуын түсіндіреді, өз мақсатына қол жеткізеді 

және бұл міндеттің маңыздылығын жергілікті басылым арқылы бүкіл 

аудан мектептеріне мәлімдейді. 

Мектеп қабырғасындағы оқушыларға әскери-патриоттық тәрбие 

тек  қана  10-11  сыныптарда  өтілетін  алғашқы  әскери  дайындық 

сабағында  ғана  емес,  барлық  сынып  оқушыларына,  сыныпта  және 

сабақтан  тыс  өтілетін  іс-шаралар  арқылы  да  беріледі.  Осы  мақсатта 

алғашқы  әскери  дайындықпен  жастарды  әскери-патриоттық  жағынан 

тәрбиелеу  сапасы  көбінесе  оқу  орындары  мен  білімді  ұйымдастыратын 

мекемелердің  оқу  базасының  бар  болуы  мен  жағдайына  байланысты 

болады. 


 

12 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет