А. Соловьева, Б. Ибраимова



Pdf көрінісі
бет243/259
Дата28.11.2023
өлшемі5,1 Mb.
#130767
түріКнига
1   ...   239   240   241   242   243   244   245   246   ...   259
273
П
Панкреатин сөлі 
– ұйқы безінен бөлінетін без.
Паразиттік аурулар 
– инвазиялық аурулар.
Парасимпатикалық жүйке 
– вегетативті жүйке жүйесінің бір бөлімі.
Паратгормон 
– қалқанша маңы бездерінен бөлініп, қандағы кальций мен 
фосфор мөлшерінің қалыпты болуын реттейтін гормон.
Пародонтоз 
– тістерді қоршайтын ұлпалардың созылмалы ауруы. 
Паротит 
– шықшыт безінің қабынуынан болатын жұқпалы ауру.
Пеллагра
– РР (никотин қышқылы) жетіспеуінен болатын ауру.
Перикард, 
жүрек қабы – жүрек орналасқан берік дәнекер ұлпалы екі 
қабатты қапшық.
Периост, сүйекқап 
– сүйекқап. 
Перистальтика, толқи қимылдау 
– қуыс түтіктәрізді мүшелердің (ішек, 
асқазан, зәрағар және т.б.) қабырғаларының ішіндегі заттардың шығу тесігіне 
қозғалуына мүмкіндік беретін толқынтәрізді жиырылуы. 
Пневмония 
– өкпенің қабынуы.
Протромбин
– қан плазмасының құрамында болып, қанның ұюына қатысатын 
күрделі нәруыз.
Продуценттер, өндірушілер 
– фото- және хемосинтезге қабілетті, қоректік 
тізбекте бірінші буын болып табылатын, бейорганикалық заттардан органикалық 
заттар жасаушы ағзалар, яғни барлық автотрофты ағзалар.
Псориаз,
қабыршақты теміреткі – терінің созылмалы ауруы. Көбінесе 
шынтақ, тізе және бел зақымданады.
Пульпа, жұмсақ ұлпа 
– тістің сауыты мен түбір қуысын толтыратын тіс 
ұлпасы.
Р
Радикулит
– жұлын жүйкесі тамыршаларының зақымдануына байланысты 
туындайтын ауру. 
Реанимация
– ағзаның күрт бұзылған немесе жойылған тіршілік үшін 
маңызды қызметінің қалпына келуі.
Редуценттер
– өлі органикалық заттарды (өлексе, қалдықтар) ыдырататын 
және оларды басқа ағзалар – продуценттер сіңіре алатын күйге келтіретін 
бейорганикалық заттарға айналдыратын ағзалар (сапротрофтар). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   239   240   241   242   243   244   245   246   ...   259




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет