91
Талдау:
1. «Иммунитет түрлері» деген сызба сызыңдар. Оларды туа біткен және
жүре пайда болған иммунитет деп бөліңдер.
Оған жасушалық және
ұлпалық иммунитетті қосыңдар.
2. Табиғи жүре пайда болған иммунитеттің қалыптасу үдерісін талдаңдар.
Ол қандай аурулардан пайда болады?
3. Иммунитет түрлері арасындағы айырмашылықты көр сетіңдер.
Синтез:
1. Өздеріңе белгілі вакцина мен сарысуға мысалдар келтіріңдер.
2. Қосымша ақпарат көздерін пайдаланып, БцЖ, шешек,
АКДС және
сіреспеге қарсы екпенің қандай вакцинаға немесе сарысуға жататы-
нын негіздеп ұсыныңдар.
3. Қандай жағдайда вакцина енгізуге болмайды және себебі неде?
Жауаптарыңды негіздеңдер.
4. Жұқпалы ауру қоздырушыларының бұзылған құрам бөліктері са-
рысу негізі болып табылады деп ойлайсың ба? Ал вакцина ше?
Жауаптарыңды дәлелдеңдер.
Бағалау:
1. Иммунитет түрлері тұрғысынан неліктен
сапасыз дайындалған вак-
цина қауіп тудыруы мүмкін екенін бағалаңдар. Оның әсерін ауру
қоздырушыларының әсері мен теңестіруге бола ма?
Жауаптарыңды
негіздеңдер.
2. Табиғаттағы
табиғи
иммунитет
түрлерінің
маңызы
туралы
түсіндіріңдер. Неліктен Эбола вирусымен күресуде
ең тиімді деп
есептелетін сарысуды жылқы қанынан алғанын түсіндіріңдер.
3. Мынадай құбылыстардың маңызын түсіндіріңдер: энцефалит, ұйқы
ауруы сияқты кейбір жұқпалардың «табиғи ошағы» бар.
Неліктен
осы аурулардың қоз дыру шыларының табиғи тасымалдаушылары,
яғни жануарлар өлмейді?
Достарыңызбен бөлісу: