А. Соловьева, Б. Ибраимова



Pdf көрінісі
бет105/227
Дата10.12.2023
өлшемі5,46 Mb.
#135669
түріОқулық
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   227
Байланысты:
8-сынып биология

№9 зертханалық жұмыс.
Сүйектің макро- және микроско пиялық құры-
лысы. «Сүйектің химиялық құрамын» көрнекі көрсететін тәжірибе. 
254-бетті қара. 


137
§33. Сүйектердің байланысу типтері 
Сүйектердің байланысу типтерін салыстыру
Омыртқалы жануарлардың сүйектері өзара қалай байланысуы мүм кін? 
Сүйектердің байланысу типтері. 
Қаңқа сүйектері өзара әртүрлі байла-
нысады. Атқаратын қызметіне байланысты сүйектердің байланысуының 
үш: 
қозғалмайтын,­ жартылай­ қозғалатын­
және
­ қозғалмалы
типін 
ажыратады. 
Қозғалмайтын­байланысу
сүйектердің бірігіп өсуі арқылы түзіледі. 
Яғни бір сүйектің шеті басқа сүйекке 
сүйек­жігі­
арқылы
­
бірігіп кетеді. 
Бас сүйектері және жамбас сүйектері осылай байланысқан. Бас сүйектің 
жігін көруге болады. Бірақ ересек адамның 
жамбас сүйегінің жігін жай көзбен көруге бол-
майды. Себебі жамбас сүйектеріне үнемі күш 
түседі. Ал бас сүйекке тұ рақты механикалық 
әсер түспейді. 
Жартылай­ қозғалатын­
(аз 
қозғалатын

байланысу
– бұл сүйектер дің шеміршек арқы-
лы байланысуы. Осылай ішкі мүшелердің әрі 
қозғалуын, әрі қорғанышын қамтамасыз ететін 
қаңқа бөлімдерінің сүйектері байланысады. 
Жартылай қозғалатын байланысуға омыртқа 
жотасы мен кеуде қуысы жатады. Омыртқа-
лар өзара талшықты шеміршекті ұлпалардан 
тұратын шеміршек төсемелер арқылы байла-
нысады. Бұл бір мезгілде омыртқа жотасының 
иілгіштігін және жұлынның қорғалуын қам-
тамасыз етеді. Шеміршек арқылы 10 жұп 
жоғарғы қабырға төспен байланысады (72-су-
рет).
Жартылай қозғалатын байланысудың қозғалатын байла нысуға 
өтуі 
адамда бас сүйектің ми бөлімінде байқалады. Нәрестенің бас 
сүйектерінің арасында 
еңбек­ (роднички)
деп аталатын қатаймаған 
шеміршекті бөліктері болады (73-сурет). Бұл шеміршек арқылы жар-
тылай қозғалатын немесе аз қозғалатын байланысу. Маңдай және 
төбе сүйектері арасында 
үлкен­ еңбек
орналасады. Ол тыныс алу 
72-сурет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   227




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет