А. Соловьева, Б. Ибраимова



Pdf көрінісі
бет138/227
Дата10.12.2023
өлшемі5,46 Mb.
#135669
түріОқулық
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   227
Байланысты:
8-сынып биология

Теріден тыс рецепторлар
. Бұл рецепторлар буын, бұлшық ет-
тер, сіңірлер, кейбір сілемейлі қабықшалар және басқа да мүшелерде 
кездеседі. Сонымен бірге олар да температураны, ауруды, жанасу мен 
қысымды қабылдайды. 
А
дам көзі жұмулы қалпында да бұлшық еттерде, 
сіңірлерде болатын рецепторларға байланысты қо лының бүгіліп немесе 
жазылып тұрғанын, отырғанын немесе тік тұрғанын сезе алады. Соны-
мен бірге өңеш арқылы өткен сұйық тамақтың ыстық немесе суық екенін 
сезе аламыз. Ал егер де тамақ өте ыстық болса, онда тем пе ратурадан 
басқа ауырсынуды да сеземіз.


177
Рецепторлар­ –­ терморецепторлар,­ механорецепторлар,­ ноци-
цепторлар.
Білу және түсіну:
1. Мынадай терминдерге анықтама беріңдер: терморецепторлар, механо-
рецепторлар, ноцицепторлар.
2. Өңеш арқылы өткен тамақтың темпе ратура сын және таңертең оян ған-
да көзімізді ашпай-ақ дене міздің қалпын неге байланысты сезетіні-
мізді түсін дірің дер.
қолданылуы:
1. Неліктен кейбір қысым рецепторлары терінің беткі қабатында, 
кейбіреулері тереңірек орналасқан? Олардың айыр машылығы неде? 
Талдау:
1. Неліктен көзі көрмейтіндер үшін механорецепторлардың маңы зы зор? 
2. Температураны қанша рецептор анықтайды? Оларды атаң дар. 
Синтез:
1. Теріде қандай терморецепторлар көп болады? Мысал келтіріңдер.
2. Олардың арасында қандай айырмашылықтар болатынын атаңдар. 
Сезім мүшелерінен тыс жерде орналасқан рецепторларды атаңдар. 
Бағалау:
1. Рецепторлардың белгілі бір тобымен немесе шектен тыс күшпен әсер 
еткенде ауруды сезіну қалай пайда болатыны туралы өз пікірлеріңді 
айтыңдар. 
№14 зертханалық жұмыс. 
Терінің сезімталдығын зерттеу. 
259-бетті қара.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   227




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет