А. Соловьева, Б. Ибраимова


Аппарат – ағзада қандай да бір қызмет атқаратын мүшелердің жиынтығы  (асқорыту аппараты).  Аппендикс



Pdf көрінісі
бет200/227
Дата10.12.2023
өлшемі5,46 Mb.
#135669
түріОқулық
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   227
Аппарат
– ағзада қандай да бір қызмет атқаратын мүшелердің жиынтығы 
(асқорыту аппараты). 
Аппендикс
– пішіні құрт тәріздес соқырішек өсіндісі. 
Аппендицит
– құрт тәрізді өсіндінің (аппендикстің) ісінуі және қабынуы.
Артерия
– қанды жүректен алып шығып, дене мүшелеріне тарататын 
тасымалдаушы ірі қан тамыры; оттегімен байытылған қанды жүректен ішкі 
мүшелерге тасымалдайтын қан тамырлары.
Артериолалар
– артериялардың соңғы тарамдары жіңішкеленіп капилляр-
ларға айналады.
Артқы ми
– Варолий көпірі мен мишықтан тұратын ми бөлігі. 
Аскорбин қышқылы
(С витамині) – адам мен жануарлар ағзаларындағы 
тотығу-тотықсыздану процестерін реттеп, ағзаның түрлі ауруларға қарсы тұру 
қабілетін арттырады. Суда еритін витамин.
Асфиксия
, тұншығу – қанда оттек жетіспеуінен және көмірқышқыл газының 
көбеюінен болады.
Атавизм
, реверсия – ағзаның жақын ататегінде жоқ, бірақ ертедегі ататегінде 
болған, алайда эволюция процесі барысында жойылып кеткен белгілердің 
ұрпақта кездейсоқ қайталануы. 
Аталық без 
– сперматозоидтер мен жыныс гормондары (тестостерон және 
т.б.) түзілетін аталық жыныс бездері. 
Атония
– жүйке жүйесінің бұзылуынан, жұқпалы аурудың салдарынан, ішкі 
секреция бездері қызметінің нашарлауынан пайда болады.
Атрофия
– ағзадағы мүше немесе ұлпа көлемінің кішірейіп, қызмет 
қарқынының төмендеуін немесе бүтіндей тоқтауын атайды.
Аутизм
– көптеген психикалық ауруларда кездеседі, бірақ кейбір жағдайларда 
ерте жастан байқалып, бала дамуына кері әсерін тигізеді.
Ашытқылар
– типтік мицелийі жоқ, жеке бүршіктенетін немесе бөлінетін 
жасушалар мен олардың колониясы түрінде болатын саңырауқұлақтардың 
жиналған тобы.
Б
Бадамша без
– қорғаныштық қызмет атқаратын лимфа ұлпаларынан түзілген 
бездер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   227




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет