А. Соловьева, Б. Ибраимова



Pdf көрінісі
бет208/227
Дата10.12.2023
өлшемі5,46 Mb.
#135669
түріОқулық
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   227
К
Каннибализм
– жануарлардың өз түрінің дараларын жеуі.
Капиллярлар – мүшелер мен ұлпаларға енетін ұсақ тамырлар. 
Клиникалық өлім
– тіршіліктің байқалатын белгілері жоқ өмір мен өлім 
арасындағы шектелген күй. 
Көру төмпешіктері
– таламус дегенді білдіреді. 
Комменсализм
, серіктестік – симбионттардың бірі басқасының есебінен оған 
қандай да бір зиян тигізбестен тіршілік ететін селбесудің (симбиоз) бір түрі.


269
Консументтер
– қоректік тізбекте фотосинтез немесе хемосинтез жүргізетін 
өндіргіштер (продуценттер) түзетін дайын органикалық заттарды пайдаланатын 
ағзалар. 
Конъюктива
, көздің шырышты қабығы – көздің дәнекер ұлпалы, мөлдір, 
шырышты қабықшасы. 
Конъюктивит
, көз қарығуы – конъюктиваның қабынуы.
Кортизон
– бүйрекүсті бездерінің қыртысы бөлетін стероидты гормон.
Кортиев мүшесі
– дыбыс қабылдайтын аппараттың шеткі бөлігі; дыбыс 
тербелісін жүйке қозуына түрлендіреді.
Көбею, репродукция 
– тіршіліктің үздіксіздігі мен сабақтастығын 
қамтамасыз ететін, өзіне ұқсас ұрпақ беру қасиеті. 
Көз бұршағы 
– нұрлы қабықтың артында, қарашыққа қарсы орналасқан 
мөлдір, тамыры жоқ, екі жағы дөңес денешік (линза). 
Көз шарасы
– көз алмасы орналасқан бас сүйектің бет бөлігіндегі сүйек 
ойысы. 
Көкірек 
– жүрек, кеңірдек және өңеш орналасқан кеуде қуысының бөлігі. 
Көмей қақпашығы 
– көмекейдегі эластикалық шеміршекті пластинка. 
Жұтқан кезде көмекейге кіреберісті жауып, тамақтың кеңірдекке түспеуін 
қамтамасыз етеді.
Кохх таяқшалары 
– микробактериялардың түрі; туберкулез ауруының 
қоздырғыштары.
қ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   227




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет