А. Соловьева, Б. Ибраимова


Стоматит  – ауыз қуысының шырышты қабықшасының қабынуы.  Стресс, күйзеліс



Pdf көрінісі
бет216/227
Дата10.12.2023
өлшемі5,46 Mb.
#135669
түріОқулық
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   227
Байланысты:
8-сынып биология

Стоматит 
– ауыз қуысының шырышты қабықшасының қабынуы. 
Стресс, күйзеліс
– күшті әсер етуден пайда болатын күй, күш.
Сығырлық (близорукость) 
– көздің жақыннан жақсы көру қабілеттілігі.
Сыртқы секреция бездері 
 арнайы өзектері арқылы сөл бөлетін бездер.
Сұр зат
– жүйке жасушаның денесі мен дендрит өсінділерінен тұратын түзіліс.
Сүйекқап
– сүйектердің сыртын қоршап жатқан әрі сүйектің жуандап өсуін 
қамтамасыз ететін дәнекер ұлпалы қабық.
Сүйектің 
шығып 
кетуі
– 
сүйектің 
буын 
ұштарының 
қалыпты 
қозғалғыштығының шегінен тұрақты орнынан жылжып кетуі.
Сүт тістер 
– алғашқы тұрақсыз тістер, 14–15 жасқа қарай тұрақты тістермен 
алмасады.
Сфинктер, қысқыш 
– түтіктәрізді қуыс мүшеден, мысалы, қуықтан зәр 
шығаратын түтікке өтетін тесікті тарылтатын, тұйықтайтын немесе кеңейтетін 
сақина тәрізді бұлшық ет. 
Сыртқы құлақ 
– есту жүйесінің сыртқы бөлімі; құлақ қалқаны мен сыртқы 
есту түтігінен тұрады.
Сіңір
– қаңқа сүйектерін немесе жеке мүшелерді байланыстыратын тығыз, 
дәнекер ұлпалы желі және пластиналар.
Т
Табан 
– аяқтың төменгі бөлімі.
Табиғи иммунитет
– ағзаның туа пайда болған ауруға қарсы тұру қабілеті.
Талма, талу 
– тамыр тонусының қысқа мерзімді төмендеуі; аяқастынан 
әлсіздік, басы айналу, естен тану (бірнеше секундқа немесе минутқа) байқалады.
Таңдай –
ауыз қуысының жоғарғы қабырғасы. 
Таңдай бездері
– қарапайым сөзбен айтқанда «бадамшалардың» атауы.


276
Темперамент –
тікелей жүйке жүйесіне байланысты адамның мінез-құлығы.
Тестостерон 
– аталық бездерден бөлінетін гормондар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   227




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет