273
П
Панкреатин сөлі
– ұйқы безінен бөлінетін без.
Паразиттік аурулар
– инвазиялық аурулар.
Парасимпатикалық жүйке
– вегетативті жүйке жүйесінің бір бөлімі.
Паратгормон
– қалқанша маңы бездерінен бөлініп, қандағы кальций мен
фосфор мөлшерінің қалыпты болуын реттейтін гормон.
Пародонтоз
– тістерді қоршайтын ұлпалардың созылмалы ауруы.
Паротит
– шықшыт безінің қабынуынан болатын жұқпалы ауру.
Пеллагра
– РР (никотин қышқылы) жетіспеуінен болатын ауру.
Перикард,
жүрек қабы – жүрек орналасқан берік дәнекер ұлпалы екі
қабатты қапшық.
Периост, сүйекқап
– сүйекқап.
Перистальтика, толқи қимылдау
– қуыс түтіктәрізді мүшелердің (ішек,
асқазан, зәрағар және т.б.) қабырғаларының ішіндегі заттардың шығу тесігіне
қозғалуына мүмкіндік беретін толқынтәрізді жиырылуы.
Пневмония
– өкпенің қабынуы.
Протромбин
– қан плазмасының құрамында болып, қанның ұюына қатысатын
күрделі нәруыз.
Продуценттер, өндірушілер
– фото- және хемосинтезге қабілетті, қоректік
тізбекте бірінші буын болып табылатын, бейорганикалық заттардан органикалық
заттар жасаушы ағзалар, яғни барлық автотрофты ағзалар.
Псориаз,
қабыршақты теміреткі – терінің созылмалы ауруы. Көбінесе
шынтақ, тізе және бел зақымданады.
Пульпа, жұмсақ ұлпа
– тістің сауыты мен түбір қуысын толтыратын тіс
ұлпасы.
Достарыңызбен бөлісу: