А. Соловьева, Б. Ибраимова


Бағалау: 1. «Дәрумендерді тамақтан басқа тағы неден алуға болады?» деген  пікірге өз ойларыңды айтыңдар. №5 зертханалық жұмыс



Pdf көрінісі
бет48/227
Дата10.12.2023
өлшемі5,46 Mb.
#135669
түріОқулық
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   227
Байланысты:
8-сынып биология

Бағалау:
1. «Дәрумендерді тамақтан басқа тағы неден алуға болады?» деген 
пікірге өз ойларыңды айтыңдар.
№5 зертханалық жұмыс.
Тағам құрамындағы С дәруменін анықтау. 
250-бетті қара.


65
§15. Адам ағзасы үшін негізгі дәрумендердің маңызы 
Құрамында дәрумендердің көп мөлшері бар 
азық-түлік тізімін жасау
Дәрумендер қандай екі топқа бөлінеді? Оларды қайдан алуға болады? 
Адамның денсаулығы және дәрумендерге бай тағамдар бір-бірімен қалай 
байланысқан?
Суда еритін маңызды дәрумендер. 
С
 дәрумені 
(
аскорбин­қышқылы
)
 –
 
алуан түрлі қызмет атқарады және тәуліктік мөлшері ең көп дәрумен. 
С дәруменінің ағзаға әсерінің барлық қыры әлі күнге дейін белгісіз. 
Сондықтан маңызды және жақсы зерттелген қызметін қарастырайық. 
1. Ағзаның жұқпалы ауруларға қарсы тұруын арттырады. Ол анти-
дене синтездейтін ферменттердің құрамына кіреді. 
2. Сүйек пен тістің берік болуына әсер етеді.
3. Эпителий ұлпасының қалпына келу жылдамдығын арттырады. 
Соның нәтижесінде қан тамырларының серпімділігі (эластикалығы) 
жоғарылап, оның зақымдануына және тозуы на кедергі келтіреді. 
4. Биологиялық тотығу кезінде бөлінетін зиянды зат тардың (бос 
радикал деп аталатын) бұзылуына қатысады.
С дәруменінің жетіспеуінен адам тез шаршайды, сілемейлі қабықшасы 
қабынады, қызылиегі қанайды. Бұл дәруменнің авитаминозы кезінде 
құрқұлақ (
цинга)­
ауруы
­
дамиды. Адам әлсізденіп, қызылиегі қабынады 
әрі қанайды, тістері түсіп қалады, буындары ісіп кетеді. Егер ағзаны С 
дәруменімен қамтамасыз етпесе адам өміріне қауіп төнуі мүмкін. 
С дәрумені көгөністер мен жеміс-жидек құрамында болады. Ол 
итмұрын, қара қарақат, лимон және басқа цитрус да қыл дарында, 
қырыққабатта (әсіресе ашыған қырыққабатта) көп мөлшерде бар. 
Бір тәуліктегі қажет мөлшері – 60–100 мг.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   227




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет