А. Соловьева, Б. Ибраимова



Pdf көрінісі
бет72/227
Дата10.12.2023
өлшемі5,46 Mb.
#135669
түріОқулық
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   227
Байланысты:
8-сынып биология

Білу және түсіну:
1. «Әмбебап донор», «әмбебап реципиент» деген түсініктерге анықтама 
беріңдер. 
2. Гемолиздік сарыауру дегеніміз не?
­
3. Неліктен екінші қан тобын үшінші қан тобына құюға болмайтынын 
түсіндіріңдер. 
қолданылуы:
1. Параграфта сипатталған қан плазмасындағы нәруыздар қызметін 
сипаттаңдар. 
2. Резус фактор неден тұрады?
3. Егер қан тобы төртінші, резусы оң адамға резусы теріс, үшінші 
қан тобын құйса, не болатынын болжап көріңдер. Жауаптарыңды 
негіздеңдер. 
Талдау:
1. Қан топтарының ерекшеліктерін сызба түрінде бейне леңдер. 
2. Неліктен ертеде адамдар қан құюды сәтті жүзеге асыра алмағанын 
айтыңдар. 
3. Резус-конфликт кезінде заманауи медицина көмектесе ме? Мысалдар 
келтіріп дәлелдеңдер. 
Синтез:
1. Қан топтарының құрамы мен қызметіне толық анықтама беріңдер 
және талқылаңдар. 
2. Критерийлер бойынша жүйелеңдер.
3. «Қан топтары: бұрын және бүгін» деген тақырыпқа эссе жазыңдар. 
4. Адам өміріндегі нәруыздардың рөлін бағалаңдар. 
Бағалау:
1. Неліктен қан құю керек екені туралы өз пікірлеріңді айтыңдар. 
2. 
Жеке­төзе­алмауға
анықтама беріңдер және талдаңдар.
Пікірталас:
Агглютинация кезінде не болады және оның салдары қандай?


95
§22. Жануарлардың жүрек-қан тамырлары 
 
жүйесі құрылысының ерекшеліктері мен эволюциясы 
Жануарлардың жүрегі мен қан тамырларының құрылысын
сипаттау. Қан тамырлар қабырғасының құрылысы мен олардың қызметі 
арасындағы байланысты орнату
Буылтық құрттардың, ұлулардың, буынаяқтылар мен сүт қоректілердің қан 
айналым мү шелерін сипаттаңдар. 
Жануарлардың қан айналым жүйесі 
тек қан тамырларынан 
(жауынқұрт) (31-суретті қараңдар) немесе жүрек пен қан тамыр-
ларынан (ұлулар, буынаяқтылар) (52-сурет) тұруы мүмкін. Бүкіл 
омыртқалылардың жүйесі (53-сурет) адам ағзасының мысалында берілді. 
Ес те ріңде болса, эволюция барысында қан және қан айналым жүйесі 
ең алғаш рет буылтық құрттарда пайда болды. Оларда жүрек болмады, 
жүректің қызметін дененің алдыңғы жағындағы «жү рекше» деп атала-
тын 5 ірілеу сақиналы қан тамырлары атқарды. 
52-сурет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   227




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет