А. Соловьева, Б. Ибраимова



Pdf көрінісі
бет185/227
Дата10.12.2023
өлшемі5,46 Mb.
#135669
түріОқулық
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   227
Байланысты:
8-сынып биология

Су және су маңы құстары


238
Білу және түсіну:
1. Шектеуші, оптималды және максималды факторларға анық тама 
беріңдер.
2. Шөл өсімдіктерінің қоршаған орта жағдайларына бейім делуін 
сипаттаңдар.
қолданылуы:
1. Қызыл балдырлардың үлкен тереңдікке түсу себебін айтыңдар. 
2. Қандай ағзалар дене температурасын қалыпты сақтайды, ал қайсылары 
жоқ.
Талдау:
1. Неліктен солтүстікте (борсық, аю) және ыс тық аймақтарда жануарлар 
мекендейтін (дала тасбақасы) ұйқыға кетеді?
2. Неге көптеген шөл өсімдіктерінің жапырақтары өзгеріске ұшыраған?
Синтез:
1. Ағзалардың белгілі абиотикалық жағдайларға бейімделуіне мысалдар 
келтіріңдер.
Бағалау:
1. Түйелердің түйе тікенді және кесірткелердің шөл өсім дік те рінің 
етжеңді жапырақтарын жеуі туралы өз пікірлеріңді айтыңдар.
2. Тірі ағзалардың экстремалды температурада тірі қалуына көмектесетін 
механизмдер туралы талқылаңдар. 


239
14-бөлім. АДАМ қызМеТіНің қОРШАғАН 
ОРТАғА ӘСеРі
§59. Адамның табиғаттағы рөлі
Биологиялық әртүрлілікті сақтаудың және қолдауды қажеттілiктің 
себептерін негіздеу. Дүниежүзілік тұқым қорының маңызын бағалау
Атмосферада көмірқышқыл газының жинақталуынан қандай өзгеріс туын- 
дайды? МКС деген не? Озон қабаты қайда орналасқан? Қышқыл жауын 
дегеніміз не? «Жасылдар» дегеніміз кімдер? 
Адамның табиғатқа әсері үнемі артып отырады. Ол табиғатқа 
жағымды әсер етумен қатар, зиянды да әсер етеді. Қоршаған орта – ауа, 
су, топырақ тез ластанады. Атмосфераға жинақталған көмірқышқыл 
газының көп мөлшері ауаға бөлінеді. Нәтижесінде жылыжайлық әсері 
(парниковый эффект) пайда болды. Соңғы он жылда Жерде температура 
1
0
С-қа көтерілді. Бұл мұздықтар мен мәңгілік жерасты мұздықтарының 
жылдам еруіне және Дүниежүзілік мұхит суы деңгейінің көтерілуіне
себеп болуы мүмкін. 
Газдардың әсіресе фреондардың ауаға бөлінуінен озон қабаты бұзылады. 
Озон қабаты Жердегі барлық тір шілік атаулыны Күннің ультракүлгін 
сәулелерінен қорғайды. МКС пен Жер серіктерінен бақылаған кезде Аркти-
ка мен Антарктиканың үстінде озон қабатының тесіктері пайда болғанын 
көрсетті. 
Атмосфераға әртүрлі оксидтердің, бірінші кезекте күкірт және азот 
оксидтерінің көп мөлшерде бөлінуінен өсімдіктер мен жануарлардың 
тіршілігін жоятындай әсер ететін қышқыл жауын пайда болды. Олар 
көлдер, өзендер мен тоғандарды тіршіліксіз су тоғандарына айналдырды. 
Ормандардың жойылуының негізгі бір себебі – қышқыл жауын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   227




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет