А. Соловьева, Б. Ибраимова



Pdf көрінісі
бет88/250
Дата23.10.2023
өлшемі3,37 Mb.
#120642
түріОқулық
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   250
Тонометрмен қан 
қысымын өлшеу
57-сурет. 
Электрокардиограмма –
бұл жүрек жұмысын 
электрондық жолмен жазу
Все
учебники
Казахстана
на
OKULYK.KZ
*
Кни а
е
ста ена
иск
чите н
б аз ате н х
е
х
с
асн
иказа
инист а
б аз ани
и
науки
ес уб ики
Казахстан
т
17 
а
2019 
а
217


106
Алғашқы көмек – 
тез арада «Жедел жәрдем» шақыру ке рек.
«
Жедел 
жәрдем» келгенше
әр 15 минут сайын 0,5 мг мөлшерінде
нитроглице-
рин таб леткасын қабыл дау қажет
. Дәріні үш реттен көп қабылдауға бол-
майды. Нит роглицериннің ауруды жой мауы инфаркт белгілерінің бірі 
болып есептеледі. 
Сонымен қатар аспирин таб леткасын шайнау қажет

Инфаркт әдетте 25 жасқа дейінгі адамдар арасында кездеспейді. Ал 65 
жастан кейін бұл ауру жиі орын алады.
Ишемиялық­ ауру­
белгілері
­
инфаркт белгілері сияқты – жүректің 
қанмен қамтамасыз етілуінің бұзылуы. Егер инфаркт тез дамыса
ишемия баяу дамуы мүмкін. Көп жағдайда миокард жасушаларының 
оттексіз семіп қалуынан келіп шығады. Себебі жасушалар қоректік зат-
тар жетіспегеннен тіршілігін жояды. Ишемия белгілері, алғашқы көмек 
және алдын алу шаралары инфарктегідей болады.
Инфаркт және ишемия ауруларының туындауына көбінесе 
атеро-
склероз
себеп болады. Бұл ауру ағзада май алмасуының бұзылуынан 
туындайды. ірі тамырларда май шытыралары (жировые бляшки) 
түзіледі. Олар қан тамырларын бекітіп, қан ағысына кедергі келтіреді. 
Егер май шытыраларының орнына тамырларда қан ұйығы пайда бол-
са, мұндай ауру 
тромбоз­
деп аталады. Жүректі орап тұрған едәуір 
ұсақ тамырға түскен май шытыралары немесе тромб оны бекітеді. 
Миокардтың белгілі бір бөлігіне қан келуі тоқтайды да, ишемия не-
месе инфаркт дамиды. Егер мидың қанмен қамтамасыз етілуі бұзылса, 
инсульт орын алады. 
Тахикардия
– жүректің жиі соғуы. Дені сау адамда ауыр дене 
жүктемесі, күйзеліс және т.б. жағдайда пайда болуы мүмкін. 
Тахикардияның белгілері жүректің соғуы жиілеп, жүрек аймағының 
ауруын сезінуі. Кейде ауру болмауы да мүмкін. Сирек жағдайда ауа 
жетіспейді, адам ентігеді, әлсіздік бай қалып, басы айналады, шаршай-
ды, ұйқысы қашады, көңіл күйі бұзылады, тәбеті төмендейді, жұмыс 
қабілеті нашарлайды. 
Тахикардия қан қысымының, жалпы ағзаның және жүректің қанмен 
қамтамасыз етілуінің бұзылуына апарып соғуы мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет