«ЖАҚ СҮйек-бет хирургиясы ересектердің, балалардың»



Дата22.04.2023
өлшемі41,28 Kb.
#85516






«Астана медицина университеті» КеАҚ

АМУ КеАҚ
-бет



2022-2023 оқу жылына резидентура мамандықтары бойынша түсу емтихандарына арналған сұрақтар тізімі




«ЖАҚ СҮЙЕК-БЕТ ХИРУРГИЯСЫ ЕРЕСЕКТЕРДІҢ, БАЛАЛАРДЫҢ»
МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША РЕЗИДЕНТУРАҒА ТҮСУГЕ АРНАЛҒАН ЕМТИХАН СҰРАҚТАРЫ



  1. Жақ-бет аймағының анатомиялық және топографиялық ерекшеліктері. Иннервациясы, жақ-бет аймағының мүшелерін қанмен қамтамасыз етуі. Жақ-бет органдарындағы лимфоайналымы.

  2. Емхананың жақ-бет хирургиялық кабинетін және стационардың жақ-бет хирургиялық бөлімшесін ұйымдастыру және жабдықтау. Жақ-бет хирургиялық қабинетінің және стационар бөлімшесінің медициналық құжаттамасы, жұмысын есепке алу және талдау. Жақ - бет аймағының хирургиялық араласуларындағы асептика және антисептика.

  3. Жақ-бет хирургиясы клиникасында науқасты тексеру. Негізгі, қосымша зерттеу әдістері. Балаларды тексерудің ерекшеліктері.

  4. Жақ-бет хирургиясы клиникасындағы жалпы анестезия. Көрсеткіштер, қарсы көрсеткіштер. Науқасты анестезияға дайындау. Наркоз түрлері. Медикаментозды наркоздық дәрілер. Жақ-бет хирургиясы клиникасында анестезияның ерекшеліктері.

  5. Жақ-бет хирургиясы клиникасындағы жергілікті анестезия. Көрсеткіштер, қарсы көрсеткіштер. Жергілікті анестетиктердің жіктелуі. Жергілікті анестезия үшін қолданылатын заманауи құралдар. Әсер ету механизмі. Клиникалық жағдайға байланысты таңдау. Жақ-бет хирургиясы клиникасындағы жергілікті анестезияға арналған заманауи құралдар.

  6. Төменгі жақтың орталық өткізгіш анестезиясы (Берше-Дубов бойынша). Нысаналы пункт, анатомиялық бағдар, көрсеткіштер, жүргізу техникасы, анестезия аймақтары. Инъекциялық анестезиядағы жалпы және жергілікті асқынулар, себептері, диагнозы, емі, алдын-алу.

  7. Жоғарғы жақтың орталық өткізгіш анестезиясы (Вайсблат бойынша). Нысаналы пункт, анатомиялық бағдар, көрсеткіштер, жүргізу техникасы, анестезия аймақтары. Инъекциялық анестезиядағы жалпы және жергілікті асқынулар. Себептері, диагнозы, емі, алдын-алу.

  8. Төменгі жақтың орталық өткізгіш анестезиясы (Вайсблат бойынша). Нысаналы пункт, анатомиялық бағдар, көрсеткіштер, өткізгіш анестезияның ауызішілік және одан тыс әдістерін жүргізу техникасы, анестезия аймақтары. Инъекциялық анестезиядағы жалпы және жергілікті асқынулар. Себептері, диагнозы, емі, алдын-алу.

  9. Төменгі жақ (ментальді) өткізгіштік анестезиясы. Нысаналы пункт, анатомиялық бағдар, көрсеткіштер, өткізгіш анестезияның ауызішілік және одан тыс әдістерін жүргізу техникасы, анестезия аймақтары. Инъекциялық анестезиядағы жалпы және жергілікті асқынулар. Себептері, диагнозы, емі, алдын-алу.

  10. Төменгі жақтың торусальды өткізгіш анестезиясы. Мақсатты пункт, анатомиялық бағдар, көрсеткіштер, өткізгіш анестезияның ауызішілік және одан тыс әдістерін жүргізу техникасы. Анестезия аймақтары. Инъекциялық анестезиядағы жалпы және жергілікті асқынулар. Себептері, диагнозы, емі, алдын-алу.

  11. Төменгі жақтың мандибулярлы өткізгіш анестезиясы. Мақсатты пункт, анатомиялық бағдар, көрсеткіштер, өткізгіш анестезияның ауызішілік және одан тыс әдістерін жүргізу техникасы. Анестезия аймақтары. Инъекциялық анестезиядағы жалпы және жергілікті асқынулар. Себептері, диагнозы, емі, алдын-алу.

  12. Жоғарғы жақтың өткізгіш (таңдай) анестезиясы. Нысаналы пункт, анатомиялық бағдар, көрсеткіштер, жүргізу техникасы, анестезия аймақтары. Инъекциялық анестезиядағы жалпы және жергілікті асқынулар. Себептері, диагнозы, емі, алдын-алу.

  13. Жоғарғы жақтың (көзасты) өткізгіш анестезиясы. Нысаналы пункт, анатомиялық бағдар, көрсеткіштер, өткізгіш анестезияның ауызішілік және одан тыс әдістерін жүргізу техникасы. Анестезия аймақтары. Инъекциялық анестезиядағы жалпы және жергілікті асқынулар. Себептері, диагнозы, емі, алдын-алу.

  14. Жоғарғы жақтың (тубералды) өткізгіш анестезиясы. Нысаналы пункт, анатомиялық бағдар, көрсеткіштер, өткізгіш анестезияның ауызішілік және одан тыс әдістерін жүргізу техникасы. Анестезия аймақтары. Инъекциялық анестезиядағы жалпы және жергілікті асқынулар. Себептері, диагнозы, емі, алдын-алу.

  15. Инфильтрациялық анестезия. Түрлері, жүргізу көрсеткіштері, орындау техникасы. Инъекциялық анестезиядағы жалпы және жергілікті асқынулар. Себептері, диагнозы, емі, алдын-алу.

  16. Тіс жұлу операциясы. Көрсеткіштер, қарсы көрсеткіштер, тісті жұлуға дайындық. Тістер мен тамырларды жұлуға арналған құралдар. Тісті жұлу кезеңдері.

  17. Жоғарғы және төменгі жақ тістері мен тіс тамырларын жұлу ерекшеліктері. Тісті жұлғаннан кейінгі жараны емдеу. Тіс жұлу операциясы кезінде және одан кейін пайда болатын жергілікті асқынулар. Себептері, асқынуларды емдеу, олардың алдын-алу.

  18. Ретинирленген тістерді алып тастау, көрсеткіштер, техника. Ретинирленген тістерді алып тастау операциясы кезінде және одан кейін пайда болатын жергілікті асқынулар. Себептері, асқынуларды емдеу, олардың алдын-алу.

  19. Тіс шығудағы аурулары. Төменгі үшінші молярдың қиын жарылып шығу кезіндегі асқынулар. Клиникасы. Диагностика. Емдеу.

  20. Пародонт аурулары. Систематикасы. Клиникасы, диагностикасы, дифференциалды диагностикасы. Пародонт ауруларын емдеудің хирургиялық әдістері, олардың кешенді терапиядағы орны. Түрлері, көрсеткіштері, жүргізу техникасы.

  21. Жақ-бет хирургиясы клиникасындағы одонтогенді қабыну ауруларының этиологиясы және патогенезі. Жіктелуі. Одонтогендік инфекцияның таралуының мүмкін жолдары. Созылмалы одонтогендік инфекцияның өршу себептері.

  22. Периодонтит. Этиологиясы. Патогенез. Жіктелуі. Жедел, созылмалы және асқынған созылмалы периодонтиттің клиникасы, диагностикасы, дифференциалды диагностикасы. Емдеу әдістері. Хирургиялық емдеудің көрсеткіштері. Периодонтиттің созылмалы түрлерін емдеуде хирургиялық араласу әдісі.

  23. Жақтың жедел және созылмалы периоститі. Этиологиясы. Патогенез. Клиникасы. Дифференциалды диагностика. Диагностика. Емі. Нәтижесі.

  24. Жақсүектің одонтогенді остеомиелиті. Этиологиясы. Патогенез. Жіктелуі. Клиникасы. Дифференциалды диагностика. Диагностика. Емі. Нәтижесі.

  25. Жақ-бет аймағының абсцессі мен флегмоны. Этиологиясы. Патогенез. Топографиялық жіктелуі. Клиникасы. Дифференциалды диагностика. Диагностика. Емі. Нәтижесі.

  26. Паротит-шайнау аймағының абсцессі мен флегмоналары. Этиологиясы. Патогенез. Топографиялық жіктелуі. Клиникасы. Дифференциалды диагностика. Диагностика. Емі. Нәтижесі.

  27. Парафарингеальді кеңістіктің абсцессі және флегмоналары. Этиологиясы. Патогенез. Топографиялық жіктелуі. Клиникасы. Дифференциалды диагностика. Диагностика. Емі. Нәтижесі.

  28. Жақ аймағының артындағы абсцессі мен флегмоналары. Этиологиясы. Патогенез. Топографиялық жіктелуі. Клиникасы. Дифференциалды диагностика. Диагностика. Емі. Нәтижесі.

  29. Ұрттың абсцессі мен флегмоналары. Этиологиясы. Патогенез. Топографиялық жіктелуі. Клиникасы. Дифференциалды диагностика. Диагностика. Емі. Нәтижесі.

  30. Қанатты-жақ кеңістігінің абсцессі мен флегмоналары. Этиологиясы. Патогенез. Топографиялық жіктелуі. Клиникасы. Дифференциалды диагностика. Диагностика. Емі. Нәтижесі.

  31. Ауыз қуысы түбінің абсцессі мен флегмоналары.Этиологиясы. Патогенез. Топографиялық жіктелуі. Клиникасы. Дифференциалды диагностика. Диагностика. Емі. Нәтижесі.

  32. Жақтың созылмалы остеомиелиті. Этиологиясы. Патогенез. Топографиялық жіктелуі. Клиникасы. Дифференциалды диагностика. Диагностика. Емі. Нәтижесі.

  33. Лимфангит, лимфаденит, бет пен мойынның аденофлегмонасы. Этиологиясы. Патогенез. Топографиялық жіктелуі. Клиникасы. Дифференциалды диагностика. Диагностика. Емі.

  34. БЖА қабыну ауруларының асқынулары (сепсис, менинго энцефалит, кавернозды синус тромбозы, медиастенит).Этиологиясы. Патогенез. Жіктелуі. Клиникасы. Дифференциалды диагностика. Диагностика. Емі.

  35. Одонтогенді гайморит (жедел, созылмалы). Этиологиясы. Патогенез. Жіктелуі. Клиникасы. Дифференциалды диагностика. Диагностика. Емі. Профилактика.

  36. Жақ-бет аймағының жанаспайтын қабыну аурулары (актиномикоз, туберкулез, мерез, фурункул, карбункул, күйдіргі, тілме, нома). Этиологиясы. Патогенез. Жіктелуі. Клиникасы. Дифференциалды диагностика. Диагностика. Емі. Профилактика.

  37. Жақ-бет аймағының травматикалық жарақаттары (тістердің шығуы және сынуы, төменгі жақтың шығуы).Этиологиясы. Патогенез. Жіктелуі. Клиникасы. Дифференциалды диагностика. Диагностика. Емі. Профилактика.

  38. Мұрынның сынуы. Жіктелуі. Клиникасы. Дифференциалды диагностика. Диагностика. Емі. Профилактика.

  39. Бетсүйегі сыныуы. Жіктелуі. Клиникасы. Дифференциалды диагностика. Диагностика. Емі. Асқынуы.Профилактика.

  40. Жоғарғы жақ сынуы. Жіктелуі. Клиникасы. Дифференциалды диагностика. Диагностика. Емі. Асқынуы.Профилактика.

  41. Төменгі жақ сынуы. Жіктелуі. Клиникасы. Дифференциалды диагностика. Диагностика. Емі. Асқынуы.Профилактика.

  42. Повреждения мягких тканей лица, ожоги, отморожения челюстно-лицевой области). Жіктелуі. Клиникасы. Дифференциалды диагностика. Диагностика. Емі. Асқынуы.Профилактика.

  43. Бет пен жақ нервтерінің аурулары мен жарақаттары.Жіктелуі. Клиникасы. Дифференциалды диагностика. Диагностика. Емі. Асқынуы. Профилактика.

  44. Самай-төменгі жақ буын аурулары. Этиологиясы. Патогенез. Жіктелуі. Клиникасы. Дифференциалды диагностика. Диагностика. Емі. Нәтижесі.

  45. Ісіктер, ісік тәрізді зақымданулар және бет, ауыз қуысы, жақ және мойын кисталары. Этиологиясы. Патогенез. Жіктелуі. Клиникасы. Дифференциалды диагностика. Диагностика. Емі. Нәтижесі. Жақ-бет аймағының ісіктері бар науқастарды оңалту.

  46. Бет липомасы. Этиологиясы. Патогенез. Жіктелуі. Клиникасы. Дифференциалды диагностика. Диагностика. Емі. Нәтижесі.

  47. Беттің атеромасы. Этиологиясы. Патогенез. Жіктелуі. Клиникасы. Дифференциалды диагностика. Диагностика. Емі. Асқынуы.Нәтижесі.

  48. Ретенциялық кисталар. Этиологиясы. Патогенез. Жіктелуі. Клиникасы. Дифференциалды диагностика. Диагностика. Емі. Асқынуы.Нәтижесі.

  49. Мойынның бүйір кистасы.Этиологиясы. Патогенез. Жіктелуі. Клиникасы. Дифференциалды диагностика. Диагностика. Емі. Асқынуы.Нәтижесі.

  50. Мойынның орталық кистасы. Этиологиясы. Патогенез. Жіктелуі. Клиникасы. Дифференциалды диагностика. Диагностика. Емі. Асқынуы.Нәтижесі.

  51. Жақ-бет аймағының туа біткен және жүре пайда болған ақаулары мен деформациялары.Этиологиясы. Патогенез. Жіктелуі. Клиникасы. Дифференциалды диагностика. Диагностика. Емі. Асқынуы.Нәтижесі.

  52. Жақ-бет аймағын қалпына келтіру хирургиясының мақсаты мен міндеттері. Пластикалық операцияларды жоспарлау. Пластикалық операциялардың түрлері, техникасы. Жақтардың деформациясы. Төменгі және жоғарғы жақтың деформацияларын жедел жою.

  53. Балалар мен жасөспірімдерде жоғарғы жақтағы жергілікті анестезияның ерекшеліктері.

  54. Балалар мен жасөспірімдерде төменгі жақтағы жергілікті анестезияның ерекшеліктері.

  55. Балалар мен жасөспірімдерде жергілікті анестезия кезінде және одан кейінгі асқынулар.

  56. Әр түрлі күрделіліктегі жағдайдағы сүт және тұрақты тістерді алып тастау операциясының ерекшеліктері.

  57. Балалар мен жасөспірімдердің тісін алып тастау операциясы кезіндегі және одан кейінгі асқынулар.

  58. Балалар мен жасөспірімдердегі жұмсақ тіндердің, тістердің және жақ сүйектерінің жарақаттары: көгерулер мен жаралар; сүт және тұрақты тістердің сынуы мен шығуы; балалар мен жасөспірімдердегі альвеолярлы өскіннің және жақ сүйектерінің сынуы.

  59. Балалар мен жасөспірімдердегі жақ-бет аймағының туа біткен ауытқулары: жоғарғы еріннің, ауыз бұрышының, төменгі еріннің туа біткен жарықтары. Альвеолярлы өскіннің, қатты және жұмсақ таңдайлардың туа біткен саңылаулары. Жоғарғы жақ пен төменгі жақтың туа біткен дамымауы.

  60. Балалар мен жасөспірімдердің жақ-бет аймағының ісіктері: жұмсақ тіндердің қатерсіз ісіктері. Қатерсіз одонтогенді ісіктер. Жақ сүйектерінің қатерсіз ісіктері. Жақ-бет аймағының қатерлі ісіктері.




Резидентураның білім беру бағдарламаларының сапасын қамтамасыз ету
Комитетінің 01.06.2022 жылғы №5 отырысында бекітілді.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет